ZHETYSU-GOV.KZ ::: Әкімінің Алматы облысы ресми сайты
Примечание! Ваше антивирусное программное обеспечение может блокировать загрузку баннеров.
ZHETYSU-GOV.KZ


Навигация

Баннерлер


RFCA

RFCA

www.salyk.kz


Колледждің өз жылыжайы бар

Талдықорған қаласының маңында, Ескелді ауданының аумағына орналасқан Көксу ауыл шаруашылығы колледжінің тарихы тым тереңде. Ақ патша заманында Қапал өңірінде ашылған оқу орнының іргесі осыдан 120 жыл бұрын қаланған. Кейіннен Талдықорғанның қасына көшіріліп, содан бергі жылдары мыңдаған ауыл шаруашылығы мамандарын дайындаған арнаулы орта оқу орнында жүздеген бала дәл қазіргі кезде де үлкен сұранысқа ие болып отырған ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алуда. Жақында осы білім ошағында басқаларға үлгі боларлықтай маңызды жаңалық тіркелді. Атап айтқанда, аумағы 251 шаршы метрді алатын және оған қосымша тағы 30 шаршы метрлік қосалқы ғимараты бар «Фермер – 1» деген символикалық атаумен аталған жылыжай ашылды.

ЖҰМАШ АҒАНЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ

“Жетісу” газетінде қырық жылға жуық журналистік қызмет атқарған Жұмаш аға жетпіске толды. Өзінің туған елінде ағайындары алқалап, жерлестері желпіндіріп, шығармашылық кездесуін өткізді. Иығына жабылған шапанда есеп жоқ. Қастектіктер Жұмағаңа «темір тұлпардың» тізгінін ұстатты.

Кенен жырдың Кенежирені

Жақында Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы драма театрында Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 65 жыл толуына орай әдеби-сазды еске алу кеші болып өтті. Кешке Жұматай жырына ынтық жандар түгелге дерлік атсалысты. Ұйымдастырушылардың көшін облыстық Мәдениет басқармасы мен облыстық «Жетісу» газеті бастап тұрса, «Жетісу» телеарнасы ақпараттық насихаттауды қолына алып, жағымды жаңалықты жалпақ жұртқа жеткізіп жатты. С. Сейфуллин атындағы әмбебап кітапхананың ұжымы «Жарқ етіп өткен бір бейне» атты ақын өмірі мен шығармашылығынан көрме жасады. Сүйінбай атындағы филармонияның өнерпаз ұл-қыздары әнмен әрлеген әдеби-сазды кешімізге Б. Римова атындағы театр басшылығы сол күнгі спектакльді кейінге шегеріп, сахнасын босатып берді. Сөйтіп, Жұматай ақынды еске алуға арналған кештің салмағын жұмыла көтеріп, жұмыр басты пенденің жүрегіне жырдың нұрын тамызған күн болды.

Жұртшылық мүддесі үшін

Сарқан ауданына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қуатжан Уәлиев аудан әкімі Сексембай Бекішовтің Алмалы ауылындағы жұртшылық алдындағы есебіне қатысып, бұл өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөніндегі көпшіліктің ой-пікірлерін тыңдады.

Жаңа істерге жігерлендірді

Өміріміздің барлық тұсын жан-жақты түйіндеген Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы шындығында сан алуан саланы қамтыды. Жолдау мағынасы мықты, қырлы да сырлы, түпкі мәні терең, азаматтарды зерделеп ойлауға жетелейтін маңызды құжат болды. Осыған орай республикамыздың барша халқы сияқты Қарасай өңірі тұрғындарын жаңа белестерге жігерлендірген Жолдауды аудан жұртшылығы арасында кеңінен насихаттау басталып кетті.
Соған орай, Елбасы туған өлкенің бірнеше елді мекендерін аралап қайтқан едік. Сонымен Елбасының кемел саясатын айқындайтын Президент Жолдауын ауданның жұртшылығы маңызды құжат деп қабылдай отырып, өз ойларын ашық-жарқын ортаға салды.

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Кеше облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Оны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облыстық аумақтық басқармасының бастығы – облыстық Тәртіптік кеңес төрағасы Серікбай НҰРҒИСАЕВ ашып, жүргізіп отырды. Онда күн тәртібіне мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілігіне байланысты он үш түрлі мәселе қойылып, қаралды.

Елбасының Жолдауы - Келешегіміз кемелдене түседі

Өткен ғасырдың аяғында қоғамдық формация өзгеріп, терең дағдарыс алқымнан алып, адамдардың келешекке деген үміті үзілуге шақ қалғанда «Қазақстан –2030» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды. «2030 жылға дейін кім бар, кім жоқ» деп бұған да селқос қарағанымыз рас. Алайда, біздің утопияға балап жүрген бағдарламамыз көреген Н. Назарбаевтың сара басшылығымен кезең-кезеңмен жүзеге аса бастады. Елбасымыз 2000 – 2010 жылдарға арналған жоспар ойдағыдай орындалды.

Табиғатты аялау - парыз

Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Сайлау ЖУХАЕВТЫҢ төрағалығымен облыс орманшылары өткен жылы жүргізген жұмыстарын саралап, ағымдағы жылы атқаратын шаралар ретін бекітті. Шыны керек, ширақ ой, өткір пікір айтудан басталған алқа мәжілісінде мемлекет мүддесі, ел игілігі үшін, ең бастысы Табиғат-ананы қорғау, сақтау секілді құндылықтардан тұратын нақтылыққа бой ұру басым болды. Сондықтан негізгі баяндамада тізбеленіп, алқа мәжілісі барысында жан-жақтылы талқыланып, қорытындысында ортақ тұжырымға тоқталған өзекті мәселелерді оқырман назарына еш бүкпесіз ұсынғанымыз дұрыс болады.

Тоқжайлауда – толымды іс

Алакөл ауданының әкімі Б. Қарасаев Тоқжайлау ауылы тұрғындары алдында 2009 жылы ауданда атқарылған істер туралы есеп берді. Есеп беру жиналысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қуатжан Уәлиев қатысты.

Емдеу мекемесін таңдау еркіңізде

Биылғы жыл жақсы бастамалармен басталды десек, соның бірі – денсаулық сақтау саласындағы жаңалық Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуі. Жаңа жүйені енгізу бағдарламасы екі кезеңмен он жылға жоспарланған. Министр айтқанындай, бағдарламаның негізгі мақсаты – медицина саласын бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыру және әрбір қазақстандық азаматқа сапалы емдеу жолын таңдауға мүмкіндік беру.

ТҰЖЫРЫМДЫ ОЙЛАРДЫҢ ТИЯНАҒЫ

Жамбыл ауданы әкімінің есеп беру жиыны Жамбылдың ауылында өтті. Онда аудан бойынша және тікелей осы округ аумағында атқарылған жалпы жұмыстардың қысқаша баянын көпшілікке аудан әкімінің орынбасары Ғаділжан Бекқожаев мәлімдеді.

Жол картасы - Бүгініміз бекем, болашағымыз байыпты

Алматы облыстық әкімдігінің бұл жолғы алқа отырысында негізінен үш мәселе қаралды. Олардың бастысы да, маңыздысы да «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы» болды және басты әңгіме де осы төңіректе өрбіді.

БҮГІНГІ БЕЛЕС – ЕРТЕҢГЕ БАҒДАР

Облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетовтің
облыстық мәслихатитың кеңейтілген сессиясындағы
есебінің тезистері

АСҚАҚ АБЫРОЙ, АУҚЫМДЫ МІНДЕТ

Біздің егемен еліміздің бүкіл әлем алдындағы мерейінің үстем болып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының басталған кезеңі. Бұл Қазақстанның құрлықтағы экономикалық-әлеуметтік салаларындағы жетістігімен бірге, саясат сахнасындағы үлкен беделі, әрі асқақ абыройы ретінде бағаланып отыр. Осы орайда біз, ұйымға төрағалық ету оған мүше елдердің басына 56 жылда бір келетін мәртебе екенін және ол мемлекетімізге әлем алдындағы аса сындарлы шақта жүктеліп отырғандығын естен шығармауымыз керек. Бұл дегеніміз 56 елдің қауіпсіздігін өз мойнымызға алу, бұл дегеніміз 56 мемлекеттің сенімін ақтау, 56 мемлекетті басқару болып табылады.

ҚАҺАРМАН ҚАРТТЫ ЖАҢА ҚОНЫСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай, Алматы облысында тұратын Кеңес одағының батыры Иван Косенковқа Қаратал ауданы, Үштөбе қаласынан жақында үш бөлмелі жайлы пәтер берілген еді. Қарт ардагерді жаңа қонысымен құттықтауға облыс әкімі Серік Үмбетов арнайы барды.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Облыс әкімінің 2009 жылғы жұмысының қорытындылары

Жарқын жобалар

Сарқан ауданының ауыл әкімдері Елбасының бастамасымен қалыптасқан ел алдындағы дәстүрлі есептерін тиянақтап үлгерді. Он бес мыңнан астам тұрғыны бар Сарқан қаласында әкім есебі алдымен елді мекеннің шағын аудандарында өтіп, аудандық Мәдениет үйінде қаңтардың 15-інде қорытынды есеп берілді.

ТАБЫС – ТОЛАЙЫМ, МЕЖЕ – БИІК

Атқарушы органдардың жұмысына баға беріп, билік пен халық арасындағы қарым-қатынас пен сенімді қалыптастыратын әкімдер есебі жалғасын табуда. Осылайша Талдықорған қаласының Шығыс мөлтек ауданындағы №15 орта мектепте қала әкімі Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаров тұрғындар алдында есеп берді.

Жол картасы - «Жол картасына» қатысты жауапкершілік күшейді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен және Үкімет мүшелері мен облыс басшыларының қатысуымен бейнемәслихат түріндегі кезекті селекторлық кеңес өтті. Бұл жолғы басқосуда негізінен екі: «2010 жылғы «Жол картасын» орындау барысы туралы» және «Елімізде мал сою орындары мен алаңдарын ашу жөніндегі» мәселелер қаралды.

«Жол картасына» қатысты жауапкершілік күшейді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен және Үкімет мүшелері мен облыс басшыларының қатысуымен бейнемәслихат түріндегі кезекті селекторлық кеңес өтті. Бұл жолғы басқосуда негізінен екі: «2010 жылғы «Жол картасын» орындау барысы туралы» және «Елімізде мал сою орындары мен алаңдарын ашу жөніндегі» мәселелер қаралды.
Всего 1252 на 63 страницах по 20 на каждой странице
[ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ... | 63 ] [>>]


Ақпарат

Ақпарат

Облыстық БАҚ сайттары

Ақпарат


Сауалнамалар

Әлемдік қаржы дағдарысының салдары сізге әсер етті ме?

Жоқ
Иә
Жауап бере алмаймын


Нәтиже
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 36

Жаңалыққа жазылу

E-mail арқылы тарату
Все новости Казахстана! Шаблоны для сайтов php-fusion 6! Портал города Талдыкоган Новости IT, Обзоры IT, Руководства IT, Драйвера, Софт