Индустриалды-инновциялық даму
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
2011 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 9,6 млрд. теңге болатын 10 нысан қолданысқа берілді, 609 жұмыс орны құрылды: «Кормовик-Евротехнология» ЖШС-нің премикс және концентраттарды шығару, «ЮринвестСтрой» ЖШС-нің асфальтті шығару, «Байсерке Агро» ЖШС-нің сүт өнімдерін шығару, «Компания SONIK» ЖШС-нің профильді құбыр шығару, «ХундайАвтоТранс» ЖШС-нің Хундай маркалы жүк көліктерін және автобустарын жинайтын ірі торапты зауыттар, «Кайнар-АКБ» кәсіпорынында индустриялды аккумулятор батареяларын иегерелуі бойынша жабасы, «Байсерке Агро» ЖШС-нің серіктестігінің ет өңдеу, «Жеңіс 2006 компаниясы» ЖШС-нің балық өңдеу кешендері, «Жаңа Ақ-дала» ЖШС-нің 13 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы, «Green House - зеленый дом» ЖШС-нің аумағы 3,65 га жылыжайы. 2011 жылы Республикалық карта аясында Жетіген-Қорғас теміржол желісі іске косылды, Мойнақ ГЭС-ы құрылысы жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда.
|