ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Жалпы ақпарат

2011 жылдың қорытындысы


Бүгінгі күні Алматы облысында мемлекеттік жүйеге қарасты 230 мәдениет үйлері мен клубтар, 249 кітапхана, 21 музей, 2 галерея, Бикен Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Достық үйі», С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы және тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары халыққа қызмет етеді.

2011 жылдың басынан 6 мәдениет үйлері (Кербұлақ ауданы Басши ауылы, Көксу ауданы Ақтекше ауылы, Райымбек ауданы Саты ауылы, Жамбыл ауданы Айдарлы ауылы мен Қазбек бек ауылы, Балқаш ауданы Ақкөл ауылы) ашылып, жалпы саны 230 жетті.

Сонымен қатар, Панфилов ауданында «Жауынгерлік Даңқ мұражайы», «Алатау әуендері» МКҚК мекемелері және Ақсу, Іле, Райымбек, Көксу аудандарында халық театрлары 15 штаттық бірліктермен ашылып, облыс тұрғындарына қызмет көрсете бастады.
Жыл басынан облыс көлемінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден облыстық әншілер байқауы, Ж.Жабаевтың 165 жылдығына арналған облыстық жыршы-термешілер байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Ақсу ауданының 80 жылдығына байланысты «Біржанның інілері - Сараның сіңілілері» атты Көкше мен Жетісу ақындарының айтысы, Талдықорған қаласында М.Төлебаев атындағы Республикалық «Алтын таяқша» дирижерлар байқауы өткізіліп, оған республикамызға танымал дирижерлар қатысты.

Маусым айында жыр алыбы Ж.Жабаевтың 165 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында бастау алып, Сарыжазық жайлауындағы шопандар тойында ақтық айтыспен аяқталды. Бұл айтысқа республикамызға танымал 22 айтыскер ақын қатысып, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдығына орай, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында мерекелік мәдени шара ұйымдастырылды.

Қыркүйек айының 28 жүлдызында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімінің жүлдесі үшін 9 рет облыстық дәстүрлі «Жетісу аруы-2011» байқауы өткізілді.
Облыс әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі түрде өтетін «Жетісу жұлдыздары - 2011» балалар шығармашылығы байқауы болып өтті.

Көксу ауданы, Мұқыры ауылдық мәдениет үйінде халық ақыны Қалқа Жапсарбаевтың 125 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы және ғылыми конференция болып өтті.
І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 85 жылдығына арналған Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы болып өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында облыс көлемінде арнайы жоспар бойынша 143 шара ұйымдастырылды.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында облыста дәстүрлі түрде өткізілетін аудандар мен қалалардың Мәдениет күндері және Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өткізілді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай арнайы кітаптар, көрнекі құралдар, имидждік материалдар шығарылды.
2011 жылы Облыс бойынша 21 ауылдық кітапхана ашылып, кітапханалар саны 249-ға жетті. Күрделі жөндеу жүргізілген ауылдық мәдениет үйлерінде орналасқан Қойлық, Қайнарлы, Қарасаз, Басши, Қабанбай ауылдық кітапханаларының материалдық - техникалық жағдайы жақсарса, «Моделді ауылдық кітапханалардың» саны 9 кітапханаға жетті.
Яғни, ауыл тұрғындарына жаңа ақпараттық - технологиялық қызмет көрсету сапасы жақсарды.
Облыс кітапханаларында Азиада ойындарының Қазақстанда өтуі, ақын Ж.Жабаевтың туғанына 165 жыл, М.Мақатаевтың туғанына 80 жылдығына байланысты мәдени шаралар өткізу арқылы облыс кітапханашылары мерекелер мен мерейтой иелеріне оқырмандардың белсенділігін арттырумен қатар кітапхана мәртебесін көтеруде басымдық танытты.
С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми-талдау орталығы мамандарымен бірлескен «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік » атты 3 күндік семинар-тренинг өтті.


Көрнекті, мемлекет және қоғам қайраткері Д. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Д. А. Қонаев - ғасыр адамы», «Тұғыры биік тұлға», «Ұлтымыздың мақтанышы», «Өзі өнеге, өзі ғибрат», «Біртуар азамат» т.б. іс-шаралар барлық кітапханаларда өткізілді.
Қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театры 35 жылдан астам уақыт кеңейген әлемімен, кемелденген өнерімен халыққа мінсіз қызмет етіп келеді.
Театр репетуарындағы 20 спектакльден құралған қойылым театр сахнасы мен мен гастрольдік сапар кезінде 120 рет қойылды.
Ақпан айында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Білгің келсе зертте мені», «Есіңе мені алғайсың», «Сірә, мен өлмейтін шығармын» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімінде және «Жырлайды жүрек» байқауында Мұқағалидың ақындық-авторлық бейнесі сомдалған театрландырылған көрініс қойылды.Сондай-ақ, Жамбыл ауданында өткізілген Ж..Жабаевтың 165 жылдығына арналған мерекелік концертте « Менің пірім - Сүйінбай» атты театрландырылған қойылым сахналанды.

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының ұжымы жыл басынан бері облыс көлемінде ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға белсене ат салысып, көпшілікке қызмет көрсетті.
Филармония әкімшілігі мен «Жетісу» телерадиокомпаниясымен бірлесіп дәстүрлі әншілер арасында тұңғыш рет «Ән керуені» теле-байқауы өтті.
22 сәуір күні Алматы қаласы Жамбыл филармониясының концерт залында ҚР «Мәдениет қайраткері», «Серпер» жастар сыйлығының иегері Өмірқұл Айниязовтың жеке шығармашылық концерті өтіп, оған «Сазген» ФЭ ансамблі, «Алтынай» МХБ ансамблі қатысып, қайтты.
Сонымен қатар, жарты жылдық бойынша аудандар мен қалаларға гострольдік іс-сапарлармен ақылы концерттер ұйымдастырылды.
28-маусым күні концерттік маусымның жабылуы барлық филармония әртістерінің қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді.

Үстіміздегі жылы 23 музейлер мен галереяларда 126 қызметкер жұмыс істейді, музейлердегі экспонаттар саны - 58854. «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК қарасты музейлерде төмендегідей жұмыстар атқарылуда:
2011 жылы 6 музейде көркемдік-безендіру жұмыстары жүргізілу жоспарланған болатын. Олар: М. Мақатаевтың әдеби-мемориалды, Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды, І.Жансүгіров атындағы Ақсу аудандық тарихи-өлкетану, Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану және М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейлері.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай көркемдік безендіру жұмыстары атқарылған І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің ашылу салтанаты өтті. Бұл шараға Ақсу ауданының әкімшілігі, ауыл әкімшілігі, мектеп оқушылары және облыстағы барлық музей директорлары қатысып, жаңадан безендірілген музей экспозициясымен танысып қайтты.

«Жаркент мешіті» сәулет көркемөнер музейінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Туған елім, байтақ жерім Қазақстан» тақырыбында мәдени шара ұйымдастырылды. Райымбек аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ауылым алтын бесігім» атты кездесу кеші өткізілді.

«Ұста Дәркембай атындағы қолөнер» музейінің қызметкерлері 19-23 қыркүйек аралығында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Таңбалы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «ТМД елдерінің тарихи-мәдени мұралары» тақырыбында өткен Халықаралық семинар тренингке қатысып, қолөнер бұйымдарынан көшпелі көрме ұйымдастырды.

Кәсіпорынға қарасты музейлер облыс орталығы Талдықорған қаласында өткізіліп жатқан аудан, қалалардың мәдени күндеріне көшпелі көрме ұйымдастырып, белсене қатысты.

Алматы облысында мемлекет қорғауына жалпы 1519 жергілікті маңызы бар жылжымайтын тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде: археологиялық-1250, қала құрылысы және сәулет-262, табиғи ескерткіштер 7.

2012 жылы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, облыс орталығы Талдықорған қаласына ескерткішін орнату жоспарланған болатын. Ескерткіш орнатылатын «Мүшелтой» шағын ауданы Қонаев көшесі мен Алдабергенов көшелерінің қиылысындағы шағын бақта (сквер) абаттандыру жұмыстарын, «Шымыр» ЖШС тарапынан (55 адам) жүргізілуде. Қазіргі уақытта жан-жағына орындықтары, жарық шамдары орнатылып, шырша ағаштары отырғызылды.
Қазақтың біртуар азаматының мүсінін Алматы қаласында мүсінші Марат Әйнеков сомдауда. Мүсіннің жалпы биіктігі тұғырымен қосқанда 5,5 метрді құрайды.
Қазіргі уақытта ескерткіштің құжаттары толығымен Астана қаласына ҚР Мәдениет Министрлігінің «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» отырысы қарауына жолданды.

2012 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 2009-2011 жылдары жаңадан анықталған 286 археологиялық ескерткіштерді құжаттандыру жұмыстары жүргізілмекші, қазіргі уақытта Мемлекеттік тапсырыс заңы бойынша байқау жүргізілуде.

 

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y