ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Алматы облысының 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан
айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

ӨНЕРКӘСІП
2011 жылдың есепті кезеңінде облыста қазіргі бағамен 422,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі - 109,8 пайыз.
Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 1,6 пайызын құрайды, есепті кезеңде 6,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 82,2 пайыз, 347,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 15,2 пайызын құрайды (64,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 1,0 пайызды құрады (4,3 млрд. теңге).
Тамақ өнімдерін өндіруде 2010 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда сүт өнімдері - 4,3 пайызға, нан және ұн - 4,0, крахмал және ұн өнеркәсібінің өнімдері - 41,3, дайын мал азығы - 23,7, жеміс-жидек және көкөністі өңдеу мен консервілеу - 24,7, балықты өңдеу және консервілеу - 16,2, сусын - 14,7,темекі өнімдерін өндіру 6,0 пайызға артты.
57 жаңа нысанды іске қосу, 12 өндірісті кеңейту есебінен 1389 жаңа жұмыс орны құрылды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 286,1 млрд. теңгеге өндіріліп, 2010 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,1%-і құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарына берiлген мәлiметтер бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 293,5 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 0,5%-ке артық, тиісінше сүт - 667,8 мың тонна (100,2%), жұмыртқа - 878,7 млн. дана (96,6%), жүн - 7,9 мың тонна (100,9%).
Мал басының саны төмендегідей көрсеткіштерге жетті: мүйізді ірі қара - 829,8 мың бас (өткен жылмен салыстырғанда 101,3%), қой мен ешкі - 3108,0 мың бас (101,8%), шошқа - 114,5 мың бас (100,6%), жылқы - 238,5 мың бас (102,4%) және құс - 9063,1 мың бас (106,8%).
Облыс бойынша 1174,3 мың тонна (алғашқы кіріске алынған салмақпен) дәнді дақылдар жиналды немесе өткен жылға қарағанда 105,1%, оның ішінде дәндік жүгері - 343,0 мың тонна (108,4%), күріш - 58,0 мың тонна (100,5%).
Қант қызылшасының жалпы түсімі 97,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 6,2 мың тоннаға артық.
194,0 мың тонна майлы дақылдар жиналды немесе 15,2%-ке артық. Өткен жылмен салыстырғанда майбұршақ өндірісінің көлемі 16,3%-ке, мақсары - 22,1%-ке көбейді.
599,7 мың тонна картоп (102,7%), 708,2 мың тонна көкөністер (108,5%), 62,3 мың тонна жеміс-жидек (112,1%) және 15,5 мың тонна жүзім (95,5%) жиналды.


НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Облыс экономикасына 371,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 114,5 пайызды құрады.
Инвестицияның негізгі көлемі - кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен - 204067,5 млн. теңге немесе 54,9 пайыз, республикалық бюджеттен - 37056,6 млн. теңге немесе 9,9 пайыз, жергілікті бюджеттен - 31176,2 млн. теңге немесе 8,4 пайыз, шетел инвестициялары - 51298,3 млн. теңге немесе 13,8 пайыз және басқа да несие қаражаттары - 48239,8 млн. теңге немесе 13 пайыз.

БЮДЖЕТ
2012 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 148,9 млрд. теңгені құрап, болжам 107,1 пайызға орындалды.
Республикалық бюджетке - 80,0 млрд. теңге түсті немесе болжам 103,6 пайызға орындалды, жергілікті бюджетке 68,9 млрд. теңге түсті (111,5 пайыз).
Бюджет кірістерінің негізгі көздері: кеден төлемдері - 20,8 пайыз, акциздер - 16,8, қосымша құн салығы - 12,1, табыс салығы - 7,6, жеке табыс салығы - 9,5, мүлік салығы - 5,5, әлеуметтік салық - 7,1 пайыз.
Есепті кезеңге берешек 1176,8 млн. теңге көлемінде болып, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 475,0 млн. теңгеге көбейді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыста 18749 жұмыс орны құрылды, оның ішінде ірі, орта және шағын кәсіпорындарында - 12015 (64,1%), жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалықтарында - 6734 (35,9%) жұмыс орны.
Жұмыс сұрап келген 22003 адамның 20359-ы жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға - 9331 және кәсіби оқытуға - 3174 жұмыссыз азамат жіберілді.
Әртүрлі әлеуметтік көмек 150,6 мың алушыға 1908,3 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: аз қамтылған отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға - (51,5 мың адамға) 655,0 млн. теңге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - (7,6 мың алушыға) 162,8 млн. теңге, 947 ҰОС қатысушылар мен мүгедектерге - тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктерге - 33,3 млн. теңге.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 1750 жұмыссыз тіркелген, экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда жұмыссыздық 0,2 пайызды құрады.
2011 жылдың қаңтар-қараша айыларында ірі және орта кәсіпорындарда орташа нақты еңбекақы 68073 теңгені құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3 пайызға артты.


Толығырақ (файл XLS)

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y