2012 жылдың 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша ақпарат
2012 жылы құрылыс басқармасының бюджет көлемі 29,7 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде:
- республикалық бюджеттен 15,4 млрд. теңге бөлінді.
- жергілікті бюджеттен - 14,3 млрд. теңге бөлінді.
2012 жылға бөлінген қаражат есебінен 243 құрылыс нысаны жоспарлануда.
2012 жылдың I тоқсанға игерілген сомасы 5,1 млрд. теңге немесе жоспардан 97,3%.
Білім беру нысандарының құрылысы мен қайта жаңғырту
2012 жылы 44 білім беру (28 мектеп, 8 бала-бақша, 2 қала сыртындағы лагерь, 2 жапсаржай, 4 қазандық) нысандарының құрылысына 10,6 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде республикалық бюджеттен - 4,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 6,1 млрд. теңге).
2012 жылдың 1-ші сәуіріне игерілген сомасы қаңтар-наурыз айларында 1,6 млрд.теңге немесе жоспардан 99,9%.
Қаңтар-маусым айларында 3,8 млрд.теңге игерілуі жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 26 нысанның құрылысы және пайдаланысқа берілуі жоспарлануда.
15 мектептің ішінен 10 мектеп оқу жылының басына дейін пайдаланысқа беріледі.
3740 оқушы жаңа оқу орындарына отырады.
2012 жылы 520 орынға тапшылық азаяды
13 мектеп және 4 бала-бақша 2013 жылға өтпелі.
Денсаулық сақтау нысандарын дамыту
2012 жылы 18 денсаулық сақтау нысандарының сейсмикалық нығайту жұмыстары мен құрылысына 2 млрд. 55 млн.теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 0,2 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 1,8 млрд.теңге) бөлінді.
2012 жылдың 1-ші сәуіріне игерілген сомасы қаңтар-наурыз айларында 246,8 млн.теңге немесе жоспардан 100%.
Ағымдағы жылы 16 нысандарды пайдаланысқа берілуі жоспарлануда.
2 нысан 2013 жылға өтпелі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарын дамыту
2012 жылы 2 әлеуметтік саладағы нысандарға 227,0 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы бір нысан пайдалынысқа беріледі, ал екінші нысан 2013 жылға өтпелі.
Тұрғын үй құрылысы
2012 жылы 740 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы және пайдаланысқа өткізуі жоспарлануда:
- 10,6 мың шаршы метр Тұрғын үй жинақтауыш банкі арқылы өтетін несиелік тұрғын үйлер (664 млн.теңге бөлінген, игерілгені 173,7 млн.теңге немесе жоспардан 100%);
- 17,5 мың шаршы метр жалгерлік тұрғын үй және «Жұмыспен қамту» 2020 бағдарламасы (2209,7 млн.теңге бөлінген, игерілгені 491,6 млн.теңге немесе жоспардан 81,7%).
16,4 мың шаршы метр - коммуналдық тұрғын үй (1114,6 млн.теңге бөлінген, игерілгені 332,0 млн. теңге немесе жоспардан 108%);
Тұрғындар, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардан қаржыландырылатын 695,5 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысының пайдалануға берілуі жоспарлануда, оның ішінде «Премьера» ТК үлескерлер құрылысына - 195,8 мың шаршы метр.
Ағымдағы жылы қаңтар-наурыз айларында 2011 жылдың кезеңіне 221,2 мың шаршы метр пайдаланысқа берілді немесе 2,0%-ға жоғары.
Оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен жалгерлік тұрғын үй - 2,4 мың шаршы метр, коммуналдық тұрғын үй - 1,3 мың шаршы метр, тұрғындар мен мемлекеттік емес ұйымдардың қаражат есебінен 217,5 мың шаршы метр.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру және дамытуға 7,9 млрд.теңге (республикалық бюджеттен 7,360 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 550,8 млрд.теңге) бөлінді, игерілгені 1 764,6 млн.теңге немесе жоспардан 99,9%.
Жаңа тұрғын үй массивіне 413 км инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізу қарастырылған, оның ішінде 96,7 км - электрмен қамтамасыз ету, 108,7 км - сумен қамтамасыз ету, 37,2 км - канал жүргізу, 68,9 км - кірме жолдар және 101,5 км - газбен жабдықтау.
«Қол жетімді тұрғын үй» 2020 бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қосымша 1,6 млрд. теңге, оның ішінде құрылыстың басталуына 18,7 мың шаршы метр тұрғын үйлерге 1,1 млрд.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарға 520 млн.теңге бөлінді.
2012 жылы бюджет қаражат есебінен 953 пәтерлі 142 тұрғын үйлердің құрылысы және пайдаланысқа берілуі жоспарлануда (515 пәтерлі 91 тұрғын үйлер 2011 жылдан өтпелі, 992 пәтерлі 63 тұрғын үйлер құрылысының басталуы 2012 жылы).
Коммуналдық шаруашылықты дамыту
Ағымдағы жылы 7 коммуналдық шаруашылық нысандар құрылысына жергілікті бюджеттен 803,7 млн.теңге бөлінді.
2012 жылдың 1-ші сәуіріне игерілген сомасы қаңтар-наурыз айларында 69,2 млн.теңге немесе жоспардан 100%.
Қаңтар-маусым айларында 313,2 млн.теңге игерілуі жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 7 нысанның құрылысы және пайдаланысқа берілуі жоспарлануда.
Мәдениет нысандарын дамыту
2012 жылы жергілікті бюджеттен 2 мәдениет нысандар құрылысына 322,8 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы бір нысан пайдалынысқа беріледі, ал екінші нысан құрылысының басталуы 2013 жылы.
2012 жылдың 1-ші сәуіріне игерілген сомасы қаңтар-наурыз айларында 48,2 млн.теңге немесе жоспардан 99%.
Қаңтар-маусым айларында 118,8 млн.теңге игерілуі жоспарлануда.
Дене шынықтыру және спорт нысандарын дамыту
2012 жылы жергілікті бюджет есебінен 9 дене шынықтыру және спорт нысандар құрылысына 1 млрд. 414 млн.теңге бөлінді.
2012 жылдың 1-ші сәуіріне игерілген сомасы қаңтар-наурыз айларында 185,6 млн.теңге немесе жоспардан 100%.
Қаңтар-маусым айларында 664,5 млн.теңге игерілуі жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 8 нысанның құрылысы және пайдаланысқа берілуі жоспарлануда.
Мұрағат нысандарын дамыту
2012 жылы жергілікті бюджет есебінен Қарасай аудан мұрағатының құрылысына 100,0 млн.теңге бөлінді.
Нысан 2013 жылға өтпелі.
Ішкі істер органдарының нысандарын дамыту
2012 жылы жергілікті бюджет есебінен 2 ішкі істер органы нысандарына 111,1 млн.теңге бөлінді.
2012 жылдың 1-ші сәуіріне игерілген сомасы қаңтар-наурыз айларында 33,3 млн.теңге немесе жоспардан 100%.
Қаңтар-маусым айларында 94,5 млн.теңге игерілуі жоспарлануда.
Пайдаланысқа берілу мерзімі 2012 жыл.
Қоршаған ортаны қорғау нысандарын дамыту
2012 жылы жергілікті бюджет есебінен қоршаған ортаны қорғау нысандар құрылысына 24,8 млн.теңге бөлінді.
2012 жылдың 1-ші сәуіріне игерілген сомасы қаңтар-наурыз айларында 5,0 млн.теңге немесе жоспардан 100%. Пайдаланысқа берілу мерзімі 2012 жыл.
2011 жылдың қорытындысы >>>