ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Әлеуметтік қамсыздандыру

Мемлекет қоғамның әлжуаз мүшелерін қолдап, жауапкершілікті іс жүзінде асырып отыр. Бұл бағытта да облысымызда атқарылған істер аз емес.


Мұқтаж жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып көрсетілетін қызметтердің шоғыры кеңеюде.


2011 жылы 116,1 мың адамға 1750,9 млн.теңге мөлшерінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Оның ішінде:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес кедейлік шегінен (2012 жылдың 1 тоқсанына - 6792 теңге) төмен тұратын отбасыларына әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7572 адамға 162,7 млн. теңге сомасында төленді. 2011 жылдың 1 қаңтарына МАӘК-ті алушылар ретінде есепте 4596 адам қалды. Соған байланысты кедейшілік деңгейі облыс бойынша 0,2 пайызды құрады. 2012 жылға атаулы әлеуметтік көмек 8193 адамға 174,3 млн. теңге мөлшерінде қарастырылып отыр.


Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыс бойынша белгіленген азық-түлік себетінің (2012 жылдың 1 тоқсанына - 10188 теңге) құнынан төмен отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына тағайындалып төленеді.
18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 51508 балаға 654,5 млн. теңге төленді. Бұл шараға 2012 жылы 773,5 млн. теңге бөлінді.


Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес тұрғын үй көмегі жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген Ережеге сәйкес төленеді. Аталған ереже бойынша, тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары шегінде отбасының жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.


Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі облысымыздың 14735 отбасына 414,1 млн. теңге мөлшерінде төленді. Ал, бұл мақсатқа 2012 жылға 507,7 млн. теңге бөлінді.


Сонымен қатар жергілікті өкілетті органдардың шешімімен әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлері төленуде:
Облыс әкімінің гранты бойынша оқитын жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 402 студенттің тегін оқытылуына 105 млн.теңге бөлінді. Ал, 2012 жылға 113,4 млн. теңге көлемінде қаржы жоспарланды.
Ауылдық жерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларының 38919 қызметкерлеріне отын сатып алу үшін біржолғы көмекке 2011 жылы 294,2 млн.теңге төленсе, ағымдағы жылға 326,1 млн. теңге қаралды.


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларының ішінен ынталанып, өз бетімен кедейшіліктен шығамыз деген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықтарына мал алуға, жеке өз ісін ашуға біржолғы әлеуметтік көмек 200 мың теңге көлемінде берілуде.


Жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін 103 отбасы (448 адам) 20,3 млн. теңгеге мал сатып алды және 4 отбасы (16 адам) 800,0 мың. теңгеге жеке меншік іс ашты.


Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 2252 отбасына 2011 жылы 67,8 млн.теңге көлемінде төленді, ал 2012 жылға 81,5 млн. теңге жоспарланып отыр. 490 жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекке 2011 жылы 7,4 млн. теңге төленді.

2012 жылға 14,6 млн. теңге жоспарланды.

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y