Әкім байқауларыБілім беру Байқау қағидалары:
Ауыл шаруашылығы Алматы облысы әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 690-ө өкіміне сәйкес үздік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындары номинациялары бойынша конкурс жарияланды. Конкурсты өткізу мақсаты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыру болып табылады. Облыста үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін анықтау жөнінде комиссия құрамы бекітіліп, сонымен қатар, егін және мал шаруашылығы, сатылған өнімнің түсімі, пайда, орташа айлық еңбек ақы, өңдеуге жарамды жердің пайдалануы, жұмысшы саны, қайырымдылық (спонсорлық) көмек, алынған техника сияқты негізгі ауыл шаруашылығы көрсеткіштері бойынша 5 баллдық өлшем (критерии) бекітілді. Конкурсқа 16 заңды тұлға, 18 шаруа қожалықтары және 7 қайта өңдеу кәсіпорындардан түскен өтініштерге талдау жүргізіліп, төмендегі үздік шаруашылықтар анықталды:
Денсаулық сақтау «Алматы облысының үздік емдеу сауықтыру мекемесі (диспансер)», «Үздік аудандық орталық аурухана», «Үздік ауылдық аурухана», «Үздік ауылдық дәрігерлік емхана», «Үздік медициналық пункт», «Үздік дәрігер», «Үздік мейірбике» облыстық байқауын өткізу туралы 1. Ереже 1. «Алматы облысының ең үздік емдеу сауықтыру мекемесі» облыстық байқауы 7 номинация бойынша өткізіледі: 2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері 1. Байқау Алматы облысының ең үздік емдеу-сауықтыру мекемесін, Алматы облысының емдеу сауықтыру мекемелерінің үздік дәрігерін, фельдшерін, мейірбикесін анықтау мақсатымен жарияланады.
1. Байқауға Алматы облысының облыстық, қалалық емдеу сауықтыру мекемелері, диспансерлері, аудандық орталық ауруханалары, ауылдық ауруханалары, ауылдық дәрігерлік емханалары, медициналық пункттер, Алматы облысының емдеу-сауықтыру мекемелерінің дәрігерлері, фельдшерлері, мейірбикелері, акушерлері қатыса алады.
Алматы облысы әкімінің журналистер арасындағы 2010 жылғы жүлдесіне арналған облыстық байқаудың ЕРЕЖЕСІ
Өткізілетін мерзімі: 2010 жылғы 1 ақпан мен 1 желтоқсан аралығы; Байқауға қатысу: байқауға республикалық, облыстық, аудандық және қалалық мерзімді, электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, штаттан тыс тілшілер, шығармашылық жұмыспен айналысатын басқа да адамдар қатыса алады. Мемлекеттік қызметкерлер байқауға қатыстырылмайды. Байқаудың мақсаттары: Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымына төрағалығына ақпараттық қолдау көрсету, облыста «Қазақстан - 2030» Стратегиялық бағдарламасын, Елбасының дәстүрлі Жолдауларын және басқа да мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды насихаттау, ақпараттық саланы бәсекелестікке қабілетті ортаға бейімдеу, азаматтардың құқықтық, экономикалық біліктілігін көтеру, экономиканы тұрақтандыру мен дағдарысқа қарсы бағытталған шараларға ақпараттық жағынан қолдау көрсету
Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында журналистердің мақалаларын жариялау, хабарларын тарату, фототілшілер мен телеоператорлар жұмыстарын берудің шарттары Материалдар міндетті түрде «Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін» атты арнайы айдар аясында жариялануы тиіс, немесе электронды ақпарат құралдарында хабар, бағдарламалар шеңберінде берілуі қажет. Мерзімді басылымдарда: 1) байқауға қатысушының мерзімді басылымдарда кем дегенде 5 мақаласы жариялануы қажет; 2) материалдар мемлекеттік және ресми тілдерде қабылданады; 3) материалдар газеттің А - 3 форматынан аспауы және А - 4 форматтан кем болмауы керек; 4) материалдардың жанрлық сипатына (мақала, очерк, эссе, суреттеме, репортаж) шек қойылмайды. Электронды ақпарат құралдары: 1) материалдар DVD форматта мемлекеттік және ресми тілдерде қабылданады; 2) материалдың ұзақтығы 20 минуттан аспауы керек. Фототілшілердің және телеоператорлардың материалдарын жариялау шарттары: 1) фотожұмыстар республикалық облыстық, аудандық және қалалық БАҚ - тарда жариялануы, шыққан күні айы, көшірмесі берілуі керек; 2) фотожұмыстардың көлемі 15 х 20 см, саны 5 - данадан кем болмауы қажет; 3) материалдар DVD форматта, материалдың ұзақтығы 20 минуттан аспау керек, жыл бойы 5 материалдан кем болмауы керек.
Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында өткізілетін байқауға қатысу үшін өтініш үлгісі
Байқаудың номинациялары: 1. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары журналистері үшін
1. «Қазақстанның әлемдік жаңа қадамы». (Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым төрағалығына және еліміздің имиджіне, экономикадағы даму саласындағы бағыттарына қолдау көрсету, еліміздің өзара ынтымақтастық пен достық қарым - қатынасты нығайтудағы жұмыстарын насихаттау); 2. Облыстың экономикалық - әлеуметтік даму саласындағы жетістіктерін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету; 3. Облыстың тарихы мен мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды құрметтеу саласындағы облыста жүргізілген жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету (Мәдениет, өнер, музыка, сурет, археологиялық жәдігерлер, әдебиет саласы).
2. Облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары журналистері үшін 1. «Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жаңа мерейі». (Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым төрағалығына және еліміздің имиджіне, экономикадағы даму саласындағы бағыттарына қолдау көрсету, еліміздің өзара ынтымақтастық пен достық қарым - қатынасты нығайтудағы жұмыстарын насихаттау); 2. «Қазақстан - 2030» Стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іс жүзіне асыру бағытындағы шараларды насихаттау; 3. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметін, республикалық және облыстық мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық жағынан қолдау; 4. Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс - қимыл жоспарын (қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, инновациялық, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру) ақпараттандыруды жүргізу; 5. Қоғамға жат қылықтарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға сенімді ақпараттық жағдай туғызу; 6. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты, онын ішінде мәдениет, білім, денсаулық сақтау, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері бойынша хабарлар мен мақалалар жариялау; 7. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулық, өзара төзімділік пен сенімді қарым - қатынастарды арттыру және ішкі саяси тұрақтылықты насихаттау; 8. Азаматтық қоғам институттары: саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіптік одақтар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдармен өзара әріптестік жөнінде мақалалар жариялау және хабарлар беру; 9. Патриоттық, интернационалдық тәрбие беру, мемлекеттік жастар саясатының тәрбиелік мәніне ақпараттық қолдау көрсету; 10. Облыста спорт және дене тәрбиесі, туризм, салауатты өмір салтын насихаттау; 11. Үздік шығармашылық ізденісі үшін; 12. Жылдың жас журналисі. 13. Үздік фототілші және телеоператор; 14. Ынталандыру сыйлықтары; Ескерту: «Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін» арнайы айдары аясында жарияланбаған мақалалар қабылданбайды. Барлық анықтамаларды 8 (7282) 27-01-71 телефоны арқылы облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінен алуға болады. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында өткізілетін байқауға қатысу үшін өтініш үлгісі
Байқаудың номинациялары: 1. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары журналистері үшін
1. «Қазақстанның әлемдік жаңа қадамы». (Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым төрағалығына және еліміздің имиджіне, экономикадағы даму саласындағы бағыттарына қолдау көрсету, еліміздің өзара ынтымақтастық пен достық қарым - қатынасты нығайтудағы жұмыстарын насихаттау); 2. Облыстың экономикалық - әлеуметтік даму саласындағы жетістіктерін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету; 3. Облыстың тарихы мен мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды құрметтеу саласындағы облыста жүргізілген жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету (Мәдениет, өнер, музыка, сурет, археологиялық жәдігерлер, әдебиет саласы).
2. Облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары журналистері үшін
1. «Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жаңа мерейі». (Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым төрағалығына және еліміздің имиджіне, экономикадағы даму саласындағы бағыттарына қолдау көрсету, еліміздің өзара ынтымақтастық пен достық қарым - қатынасты нығайтудағы жұмыстарын насихаттау); 2. «Қазақстан - 2030» Стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іс жүзіне асыру бағытындағы шараларды насихаттау; ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметін, республикалық және облыстық мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық жағынан қолдау; Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс - қимыл жоспарын (қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, инновациялық, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру) ақпараттандыруды жүргізу; Қоғамға жат қылықтарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға сенімді ақпараттық жағдай туғызу; Мемлекеттік әлеуметтік саясатты, онын ішінде мәдениет, білім, денсаулық сақтау, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері бойынша хабарлар мен мақалалар жариялау; Ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулық, өзара төзімділік пен сенімді қарым - қатынастарды арттыру және ішкі саяси тұрақтылықты насихаттау; Азаматтық қоғам институттары: саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіптік одақтар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдармен өзара әріптестік жөнінде мақалалар жариялау және хабарлар беру; Патриоттық, интернационалдық тәрбие беру, мемлекеттік жастар саясатының тәрбиелік мәніне ақпараттық қолдау көрсету; Облыста спорт және дене тәрбиесі, туризм, салауатты өмір салтын насихаттау; Үздік шығармашылық ізденісі үшін; Жылдың жас журналисі. Үздік фототілші және телеоператор; Ынталандыру сыйлықтары; Ескерту: «Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін» арнайы айдары аясында жарияланбаған мақалалар қабылданбайды. Барлық анықтамаларды 8 (7282) 27-01-71 телефоны арқылы облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінен алуға болады.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||