Облыс әкімінің грантымен білім алып жатқан студенттер жайлы мәлімет
2011-2012 оқу жылына облыс әкімнің грантымен оқып жатқан 402 студентке облыстық бюджеттен 106,0 млн. теңге бөлінген.
Оның ішінде келесі мамандықтар бойынша: педагогика саласында - 153, медицинада - 71, ауыл шаруашылығы мамандықтарына - 41, журналистика - 5, мәдениет - 6, экология - 4, туризм - 10, жергілікті және мемлекеттік басқару - 8, экономика - 38, заң саласында - 18, ақпараттық жүйе - 7 және басқа мамандықтарға - 41 студент оқуда.
Ереже
1. Мақсаттары мен міндеттері: Оқу-жаттығу үрдісінің сапасын және спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен облыстың үздік спортшыларына жыл бойы ай сайынғы ақшалай сыйақы төленеді.
2. Ай сайынғы ақшалай сыйақыға ие болу үшін қойылатын шарттар: ай сайынғы ақшалай сыйақы спортшыларға халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары спорттық нәтижелер көрсеткені үшін беріледі. Ай сайынғы ақшалай сыйақы алуға Алматы облысының және Қазақстан Республикасының беделін көтеруге ықпал ететін, тұрақты түрде, жыл сайын жоғары спорттық нәтижелер көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшелері, соның ішінде мүгедек спортшылар алуға құқылы.
Ақшалай сыйақы алушыларды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған үздік спортшылар тізімінен комиссия таңдап алады. Комиссия отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
Ақшалай сыйақы алушылар кейіннен халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетпеген және спорттық тәртіпті сақтамаған жағдайда, ақшалай сыйақы алушылар тізімінен алынып тасталады да, жоғары нәтижелер көрсеткен басқа да спортшылармен алмастырылады.
3. Ай сайынғы ақшалай сыйақы көлемі және мөлшері:
2010-2013 жылдарға:
- 150 000 (жүз елу мың) теңгеден он ай сайынғы ақшалай сыйақы;
- 100 000 (жүз мың) теңгеден он ай сайынғы ақшалай сыйақы;
- 50 000 (елу мың) теңгеден он ай сайынғы ақшалай сыйақы;
- 30 000 (отыз мың) теңгеден он бес ай сайынғы ақшалай сыйақы;
- 100 000 (жүз мың) теңгеден үш ай сайынғы ақшалай сыйақы;
- 70 000 (жетпіс мың) теңгеден бес ай сайынғы ақшалай сыйақы;
- 50 000 (елу мың) теңгеден он ай сайынғы ақшалай сыйақы белгіленді.
***
1. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 53 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігінің Қаулысымен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына әлеуметтік көмек (грант) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен (өткен тоқсанға) аспаса тағайындалады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұл жетімдерге отбасының табысы есептелмейді.
Әлеуметтік көмек жыл сайын тиісті оқу орындарындағы оқудың нақты құнына сәйкес көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің тағайындалуы туралы толық ақпаратты аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен алуға болады.
2. Аталған көмек 2007 жылдан бастап беріле бастады. 2007 жылы -34 бала, 2008 жылы - 199 бала, 2009 -2010 оқу жылдары - 274 бала жоғарғы оқу орындарында білім алды. Олар жергілікті жерлердегі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес мамандықтар бойынша оқып жатыр. Оның ішінде педагогикалық -173, медициналық - 68, ауыл шаруашылық - 5 және басқа - 28.