Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
көрсету тәртібі
Стационарлық көмек нысанындағы ЖММК жергілікті деңгейдегідей республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда да көрсетіледі.
Жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда стационар жағдайында ЖММК көрсету үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді және оны пациентке береді.
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жергілікті деңгейде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін пациенттің құжаттар пакетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - ЖММК комиссия) қарауға жібереді.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда емдеудің барлық әдістері бар пайдаланылған стационарлық емдеудегі пациентті емдеуге оң емдік тиімділік болмаған жағдайда, ал республикалық медициналық ұйымдарда диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері қолданылуы мүмкін республикалық медициналық ұйымдарда емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен немесе бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, өңірлік комиссияның қарауына стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені факсимальдық байланыс арқылы жібереді.
ЖММК комиссияның шешімі стационарлық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету үшін азаматтарды республикалық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызудың және консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК көрсетуге жіберудің негізі болып табылады.
ЖММК комиссияның қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) пациенттің жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) пациенттің клиникалық диагнозы көрсете отырып медициналық ұйым маманының жолдамасы;
3) пациентті зерттеп-қараудың нәтижелері (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, нәжістің ішекқұрт жұмыртқаларына талдауы, кеуде ағзаларының флюорографиясы, электрокардиограмма және HbsAg болуы);
4) өңірлік деңгейде мүмкін болатын клиникалық диагнозды, зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, амбулаториялық картадан/сырқатнамадан көшірме;
5) пациенттің клиникалық диагнозын растайтын зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері.
ЖММК комиссия пациенттің құжаттар пакетін сырттай немесе қажет болған жағдайда пациентті бейінді мамандардың комиссиялық қарауына шақыра отырып, қарауға құқылы.
ЖММК комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және пациентті түрлері мен көлеміне және пациент тасымалдануына сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республикалық медициналық ұйымдарға жіберудің негізділігін анықтайды.
Пациенттің құжаттары келіп түскен сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ЖММК комиссиясы хаттамалық шешім қабылдайды.
Республикалық медициналық ұйымдарда пациентке мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталына тіркейді және жіберген медициналық ұйымда басылып шығарылған жолдамамен құжаттардың пакетін береді. Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін пациентті емдеуге жатқызу туралы хабарлайды.
Пациентке мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталына бас тартуды тіркейді және жіберген медициналық ұйымға дәйекті бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін қайтарады.
Республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсету үшін айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы ЖММК комиссиясына қарау үшін пациенттің құжаттарының пакетін жібереді.
Пациентке республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы жолдаманың электронды үлгісіне тиісті жолдарды толтыру арқылы Емдеуге жатқызу порталына жолдаманы тіркейді және автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы жіберген медициналық ұйымға береді.
Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін медициналық ұйым пациентке жолдаманың күні туралы хабарлайды.
Пациентке республикалық медициналық ұйымда консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталында бас тартуды тіркейді және уәждемелі бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады.
Пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық ғылымды дамыту мақсатында республикалық медициналық ұйым пациентті жоғары мамандандырылған көмектің жоспарлы көлемдерінен 10% шекте медициналық айғақтары болған жағдайда мынадай адамдарды өз бетінше емдеуге жатқызады:
1) әлеуметтік-қорғалмаған топтарға: 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді, «Алтын Алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, жасына қарай зейнеткерлерге, әлеуметтік мәні бар науқастарға;
2) шұғыл және жедел медициналық айғақтары кезінде;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілеген ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау шеңберінде.
Бұл ретте, республикалық медициналық ұйым медициналық көмек көрсету үшін пациентті емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдау кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен Емдеуге жатқызу бюросының порталында жолдаманы тіркейді және оны медициналық картаға қосады.
Өңірлердің бөлігіндегі халықтың ЖММК-ке деген қажеттіліктерін анықтауды және жекелеген аурулар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің шекті көлемдерін бекітуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган құрған медициналық технологияларды стандарттау мен бағалау жөніндегі Сараптама кеңесі жүзеге асырады.
Медициналық ұйымдардың ЖММК көрсетуіне рұқсат беру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Анықтама телефоны: 8(7282) 40-06-28