Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау2010 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік еңбек инспекторлары, еңбек кодексінің және еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігінің нормалары жөнінде 617 заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 528 (86,0%) заң бұзушылықтар жойылды. 2010 жылдың 6 айлығында мекемелерде 17 оқыс оқиға орын алды, оның ішінде 1-сі бірнеше адам мен болған оқыс оқиға, сонымен қатар зардап шеккен 18 адам, қайтыс болған 4 адам, ауыр жарақат алған 10 адам, жеңіл жарақат алған 4 адам. Сонымен қатар айта кетерлік жағдай, көптеген мекемелерде және кәсіп орындарда, жұмыскерлердің еңбек жағдайлары жақсарған, мекемелерде қауіпсіздік мөлшері жоғарылаған және мекемелердегі жарақаттар азайған. Жауапты адамдар тағайындалып үнемі қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайлар бақылауда. ИТР қызметкерлері ҚР Еңбек Кодексінің нормативтік - құқықтық актілермен қамтамасыз етілген. 250-ден аса, өндірістік мекемелердегі басқарушы адамдар, еңбеті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жауапты адамдар, Депратементің бекітуімен еңбеті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде білім беретін мекемелерде дәріс алған. Осы акция шеңберінде Департамент «Еңбек қауіпсіздігі ж/е адам құқығын қорғау» тақырыбында облыстағы мекеме басшылықтары, ЕҚ ж/е ЕҚ жөніндегі инженерлердің қатысуымен семинар өткізді. Семинар кезінде облыстық газет «Жетісу», «Огни Алатау» және ТРК «Жетісу» журналистері қатысты. Еңбек қауіпсіздігі ж/е еңбекті қорғау жөніндегі жауапты адамдардың жақсы нәтижесі үшін МККМ «Жетісу су-құбыры» және «Метакон» ЖШС, ҚР Е ж/е ӘҚМ-нің грамотасымен марапатталды. |