"Үздік ауыл мектебі " облыстық конкурсының
Е Р Е Ж Е С І
1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері :
1.- Ауылдық білім беру мекемелерінде жалпы орта білім беруді жетілдіру және дамыту.
- Келешекте кәсіби және шығармашылықпен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептерді айқындау, олардың озат тәжірибесін насихаттау және тарату.
2.- Ауыл мектептері мен өзгеше ерекшеліктері бар шағын жинақталаған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін неғұрлым жоғары деңгейде дамыту және қамтамасыз ету.
- Балалардың үйлесімді дамуында педагогикалық қағидаларды іске асыру.
- Мектеп жұмысын ұйымдастыруда жаңашыл тың идеялар мен технологияларды іздеу.
- Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда дәстүрлі емес тиімді тәсілдерді анықтау.
- Балалармен жұмыс жасаудағы педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
2. Конкурсқа қатысушылар
3. Конкурсқа облыстағы жалпы білім беретін орта мектептер оқыту тіліне және меншік түріне қарамастан қатыса алады.
3. Конкурстың өткізілу мерзімі мен тәртібі.
4. Облыстық білім басқармасында ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылады. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасына жоғары білікті мамандар, жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейтіндер, педагог қызметкерді дайындайтын жоғарғы оқу орнының оқытушылары, облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының қызметкерлері, білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ өкілдері және әкімдік өкілдері тартылады.
5. Конкурс екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең облыстық конкурсқа қатысушыларды анықтау үшін аудан (қала) бойынша өткізіледі. Екінші кезең Талдықорған қаласында өтеді.
Конкурстың кезеңдік өту уақыты төмендегідей белгіленеді:
- аудандық - 01.05-01.06.2009 ж
- облыстық - 16. 09. 2009 ж
6. Облыстық конкурсқа әр ауданнан байқаудың бірінші кезеңінің жеңімпаздары жіберіледі. Облыстық кезең оқып- үйренуі мен талдауын қарастырады:
Конкурсқа қатысушының сазды, көркем музыкалық немесе басқа да шығармашылық тәсілмен өзін- өзі таныстыруы - 5 минут,
Мектеп моделі мен оның жұмысының нәтижелігін көрсету - 15 минут.
4. Конкурстың мазмұны
7. Конкурста шығармашылықпен жұмыс істейтін жоғары көрсеткіші бар мектеп ұжымдары анықталады.
8. Конкурстың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы үміткердің қызметін
келесі өлшемдер бойынша бағалайды:
Мектепті басқару
- мектепті басқару жүйесі /мақсаты, міндеті, жобалау, басқару құрылымы, ұйымдастырылуы, бақылау, нәтижесі, басқару қызметіне түзетулер енгізу т.б./
- мектеп пен әлеуметтік ұйымдардың келісім шарт пен актілерде көрсетілген іскерлік байланысы
Білім мекемесінің материалдық - техникалық базасы.
Мектептің санитарлық жағдайы, оқу кабинеттерінің көгалдандырылуы, дәліздерде мектеп өмірін бейнелейтін стендердің болуы.
- оқу базасының жаңа заман талабына сай болуы /жиhазбен қамтылуы, оқу кабинеттері, шеберхана, спорт, акт залдары, АӘД кабинетінің болуы/
- мектеп ауласы /көгалдандырылуы, бау-бақшасы/
- мектептің, оған қарасты аймақтың, алаңның мекеменің санитарлық нормаға және ережеге сай болуы;
- оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын, өмірін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және техникалық қауіпсіздігінің сақталуы.
- мектеп жанындағы оқу-тәжірбелік учаскелерінің болуы және жағдайы.
Педагогикалық кадрлар
- мұғалімнің кәсіби деңгейін жетілдіру және жаңа тұрпатты педагогты қалыптастырудағы мектепің жұмыс жүйесі /педагогтардың түрлі байқауға қатысу қорытындысы, авторлық курс ұйымдастыруы, ізденіс жұмысы, жаңа буын оқулығы мен оқыту-әдістемелік кешенді енгізу/
Мектептің жаңашылдық қызметі
- мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы, базистік оқу жоспары негізіндегі оқу бағдарламасының өзіндік нұсқасы (авторлық оқу бағдарламасы, оқу жоспарының нұсқасы, мектеп моделі).
- білім берудің жаңа технологияларын енгізу.
- эксперименттік, компьютерлік бағдарламаларды қолдану (бағдарлама мен мониторинг нәтижесінің үлгісі).
- түпнұсқалық дидактикалық кешен құру (авторлық оқыту - әдістеме кешені).
- жұмыстың нәтижелілігі (педагогтың кәсіби деңгейі және білім берудің сапасы, соңғы үш жылдағы динамикалық өсуі).
Мектептегі адамгершілік - психологиялық жағдай:
- келіспеушілік жағдай, арыздың болмауы (соңғы үш жылдық сауалнаманың сараптама нәтижесі).
- психологиялық қызмет жұмысы (педагогикалық үжымның соңғы
үш жылдағы психологиялық сауалнамасының сараптамасы).
- оқушының мектептегі өзіндік психологиялық ішкі сезімі (мектепке ынталылығы немесе қынжылысы) (соңғы үш жылдағы сауалнама сараптамасының нәтижесі).
- оқушы мен басқа сыныптар арасындағы қарым-қатынас сапасы (жолдастық, достықты қадірлеу) (сауалнаманың соңғы үш жыл сараптамасының нәтижесі).
- Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың сапасы (сенімділік, өзара сыйласымдылықтың құрылымы) (сауалнаманың соңғы үш жыл сараптамасының нәтижесі).
- мектеп педагогтары мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың сапасы (сенімділік, шынайылық) (соңғы үш жыл сауалнамасы нәтижесінің сараптамасы).
Мөлтек ауданында жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету.
- Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту жөніндегі атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеу;(мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтудың кешенді бағдарламасы)
- көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын оқулықпен, ыстық тамақпен, киім-кешекпен , оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
- жалпыға бірдей білім беру қорына қаржылай көмек көрсету, қордың қаражатын тиімді пайдалану.
Оқу үрдісінің жағдайы және мониторингі
- оқушылардың үлгерім сапасы /нақты білім сапасы, пәндер бойынша білім,білік,дағды деңгейі, олардың бағдарламалық талаптарға сай келуі/, оқушылардың аудан, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиададалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатысуының динамикасы және қорытындысы.
- ҰБТ-дің қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің алған нәтижелері
- 100 балдан жоғары ұпай алған түлектер саны
- мектеп бітірушілердің мемлекеттік білім беру грантымен еліміздің ЖОО-на және "Болашақ" бағдарламасымен оқитындардың салыстырмалы қатынасы.
- "Алтын белгі" белгісін алған мектеп бітірушілер саны
- халықаралық, республикалық олимпиада, ғылыми жоба жарыстарының жүлдегерлері.
- оқушылардың деңгейлік дайындығы /Президенттік тест орындау нәтижесі/
- оқушылардың денсаулық жағдайы /аудандық мед комиссия қорытындысы/
- міндетті мектепалды даярлықты ұйымдастыру
Тәрбие жұмысы
- тәрбие жұмысының жүйесі / тәрбие жұмыстарының бағдарламасы, моделі /
- техникалық, эстетикалық, дене тәрбиесі шығармашылығы /әр түрлі үйірме, спорт секцияларында, / шұғылдануы 50% төмен емес /, оқушылардың техникалық /аудан, облыс, қала, республика, халықаралық/ көрмелер мен байқауларда қатысу нәтижесі.
- әлеуметтік шығармашылық: балалардың өзін-өзі басқару қоғамының қызметі, мектеп одағы, ұйымдардың, әр түрлі жастағы топтардың, еңбек бригадаларының және т.б. жұмысы
- жазғы демалысты ұйымдастыру
Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу деңгейі
- бір балаға шаққанда компьютер санының көрсеткіші;
- мектептің, аудио-бейне - компьютерлік аппаратурамен жабдықталуы;
- электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде қолдану;
- педагогикалық бағдарламалық құралдарды оқушылар мен мұғалімдерді оқыту үрдісінде пайдалану.
5. Конкурстың қазылар алқасы
1. Конкурстың барлық кезеңдерінде жеңімпаздарды анықтау барысында шынайы әділдікке жету мақсатында конкурстың қазылар алқасы құрылады.
2. Конкурстың қазылары байқауға түскен жұмыстардың мазмұны мен безендірілу сапасын, өзін-өзі таныстыруын, көтерілген тақырыптың талдануы мен өзектілігін, идеяларды, эрудициясын т. б. бағалайды.
7. Құжаттарды өткізу тәртібі
1. Конкурсқа қатысу үшін білім басқармасына келесі құжаттар тапсырылады:
- анықтама -деректеме
- аудандық сараптау комиссиясының анықтамасы;
- қатысушы мектептің жұмыс жүйесін сипаттауы.
2. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
8. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау мен қаржыландыру.
1. Конкурстың барлық сынақтары нәтижесінде қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздарды анықтайды.
2. І, II, III орындарға облыс әкімі құрылтайшы болады. Барлық облыстық конкурсқа қатысушылар дипломдармен марапатталады.
3. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын алған мектептің жұмыс тәжірибесі облыстық мамандар кәсібін дамыту иниститутында жинақталып, таратылады.
4. Конкурстың құрылтайшылары, демеушілері, қоғамдық ұйымдар т. б. жеңімпаздар мен лауреаттарға жеке сыйлықтарын тағайындауына болады.
„Үздік ауыл мектебі-2011" байқауының жеңімпазы болып Көксу ауданындағы қазақ орта мектеп гимназиясы анықталды (мектеп директоры Төлекенов М.Б).