«Үздік балабақша» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Алматы облысының білім басқармасы жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік балабақша» байқауын өткізеді.
Бұл байқау мектепке дейінгі ұйымдардың жаңашыл үлгісін анықтауға, озат педагогикалық тәжірибені таратуға, насихаттауға, педагогикалық бастамаларды ынталандыруға және тәрбиешілердің беделін көтеруге бағытталған.
І. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқау ең кәсіби тұрғыда шығармашылықпен жұмыс істейтін мектепке дейінгі педагогикалық ұйымын анықтау, педагогтардың мәртебесін көтеру, беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Байқаудың негізгі міндеттері:
а) мектепке дейінгі педагогикалық ұйымның бастамалары мен шығармашылық белсенділіктерін дамыту, жалпы және педагогикалық мәдениеттерін көтеру;
ә) мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиедегі жаңа педагогикалық технологияларын анықтау және ондағы озық озат іс-тәжірибелерді тарату;
б) кәсіби қарым-қатынастың деңгейін кеңейту, қоғамның назарын мектепке дейінгі ұйымдардағы проблемаларға аудару.
ІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға меншік түріне қарамастан облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар қатыса алады.
III. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
3.1. Байқау 2010 жылы ___ тамызда өткізіледі.
3.2.Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Облыстық білім басқармасында құрылады.
3.3. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасына Алматы облысының білім басқармасының мамандары, облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының әдіскерлері тартылады.
ІҮ. Ұйымдастыру комитеті
4.1. Ұйымдастыру комитеті облыстық байқауға дайындық жұмыстарын жүргізеді және өтуін үйлестіреді.
4.2. Ұйымдастыру комитеті облыстық мәрені өткізудің орнын, мерзімін, өту тәртібін, түрін белгілейді және қазылар алқасының құрамын анықтайды.
Ү. Қазылар алқасы
5.1. Облыстық байқаудың қазылар алқасының құрамы ұйымдастыру комитетінің ұсынуымен білім басқармасы бастығының бұйрығымен бекітіледі.
5.2. Қазылар алқасы байқаудың әр кезеңдегі тапсырмаларының орындалу сапасын арнайы критерийлер негізінде бағалайды және қорытындысында жеңімпаздарды анықтайды.
ҮІ. Облыстық байқауға құжаттар тапсыру реті
Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:
1. Мектепке дейінгші ұйымның облыстық байқауға қатысуға сұранысы;
2. Мектепке дейінгі ұйым жетістіктерінің Портфолиосы (педагогикалық ұжым жұмысының ерекшелігін ашып көрсететін материалдар);
3. Педагогикалық ұжымның шығармашылық ізденісі (педагогикалық тұжырымдамалар, жаңашыл білім беру технологиялары, әдістемелік өңдеулер, авторлық бағдарламалар және т.б.);
4. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық баспалар, басылымдар, мақалалар және с.с.;
Облыстық байқау материалдары білім басқармасына 2010 ж. ________________ тапсырылады.
ҮІІ. Байқаудың мазмұны
Байқаудан соң білім беру және қоғамдық ұйымдардың арасында жоғары кәсіби шығармашылықпен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым анықталады.
Байқау барысында үміткерлер төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:
а) мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базаларының жаңашылдығы;
ә) педагог мамандардың кәсіби өсуі (сапалық құрамы, дайындығы, педагогтардың оқу-тәрбие үрдісіндегі қайта даярлануы мен өзіндік дамуындағы білімін жетілдіруі);
б) оқыту жүйесіне жаңашыл технологияларды ендіру нәтижесі (жаңа технологиялардың білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәрбиесі, дамуы);
в) тәрбие жұмысының өзектілігі (түрлі аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуы);
Байқауды өткізу турлары:
1 тур -Мекеменің өзін-өзі таныстыруы (электрондық қуралдарды қолдану арқылы).
1. 5 минуттық көрініс, баяндама;
2. 10 балдық жүйемен бағаланады;
3. бағалау анықтаушылары:
• ойдың өзіндік ерекшелігі;
• жалпы мәдениеті, эрудициясы;
• шығармашылық шеберлігі, көркемдік дарындылығы;
• көрермендердің көңілінен шығуы;
• белгіленген уақытты сақтай білуі.
2 тур - Бүгінгі таңдағы қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме үлгісі (қорғау)
1. баяндама - 7-10 минут;
2. 10 балдық жүйемен бағаланады;
3. бағалау анықтаушылары:
• үлгінің жаңашылдығы;
• өзектілігі;
• мазмұндылығы;
• практикалық маңыздылығы.
• этнопедагогикалық тәрбие жұмысы
3 тур -Мектепке дейінгі мекеме жетістіктерінің Портфолиосы
Портфолио 20 балдық жүйемен бағаланады.
Анықтаушылар:
• ұсынылған материалдарының толықтығы, мазмұндылығы;
• жүйелілігі, ғылыми-әдістемелік жұмысының жаңашылдығы;
• оқу-тәрбие үрдісін мониторингілеу мен диагностикалау жұмыстарының жүйелілігі;
• тәжірибенің таратылуы, республикалық, облыстық, аудандық педагогикалық басылымдарда шыққан мақалалары;
• конференцияларға, семинарларға, педагогикалық оқуларға, байқауларға және т.б. шараларға қатысулары;
• мектепке дейінгі ұйымның кәсіби жетістіктерін және шығармашылық табыстарын дәлелдейтін құжаттар (марапаттау қағаздары);
• педагог мамандардың сапалық құрамы және біліктілікті арттырулары;
• мекеменің материалдық-техникалық базасының жабдықталуы: бүгінгі таңдағы нормативтік, санитарлық талаптарға сәйкестігі;
• материалдардың эстетикалық әзірленуі.
ҮІІІ. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Қазылар алқасы барлық байқау сынақтарының нәтижесі бойынша І,ІІ,ІІІ орын жеңімпаздарын анықтайды.
Жеңімпаздарға облыс әкімінің дипломдары, бағалы сыйлықтары беріледі.
ІХ. Қаржыландыру
9.1. Облыстық байқауды ұйымдастыруға және жеңімпаздарды марапаттауға қажетті қаржы шығынын облыстық білім басқармасы жүзеге асырады.
9.2. Облыстық байқауға қатысушының іссапар шығыны жіберетін ұйымның есебінен шығарылады.
9.3. Байқаудың құрылтайшылары, демеушілері, қоғамдық ұйымдар жеңімпаздар мен қатысушыларға өздерінің жеке сыйлықтарын ұсына алады.
«Үздік балақша 2011» байқауының жеңімпазы - Алакөл ауданындағы № 2 «Қуаныш» балабақшасы (меңгерушісі - Т.Арзабаева).