ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Үздік сынып жетекші - 2010

«Үздік сынып жетекші - 2010»
Облыстық байқауының ережесі

1. Жалпы Ережелер
1. «Үздік сынып жетекші» облыстық байқауы (бұдан әрі - байқау) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.
2. Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
3. Байқаудың негізгі міндеттері:
1) ізгі, толерантты ахуал туғыза білетін кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау;
2) сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субъектісі ретінде сынып жетекшлерінің шығармашылық зертханасын айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату;
3) тәрбиенің қазіргі тәрбиелік технологияларын, жүйесін және жаңа түрлері мен әдістерін анықтау;
4) тәрбие беделін, әлеуметтік және адамгершілік маңызын арттыру, құндылығын қоғамдық таныту;
6) оның қазіргі кезеңдегі білім беру саласындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының тәрбие саласындағы кәсіби шығармашылық мүдделерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі іске асыруға, әр қырынан өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту;
7) тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу.
4. Байқауды Облыстық білім беру басқармасы мен Облыстық мамандар кәсібін дамыту иниституты бірлесіп өткізеді.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
5. Байқау 2010 жылғы наурыз-мамыр аралығында үш кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең мектеп деңгейінде 2010 жылдың наурыз айында өткізіледі;
2) екінші кезең аудандық, қалалық білім бөлімдерінің базасында 2010 жылдың сәуір айында өткізіледі;
3) үшінші кезең облыстық білім беру басқармасының базасында 2010 жылдың
29-30 күндері аралығында;
4. Байқаудың тиісті кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу аудандық, қалалық оқу бөлімдеріне және облыстық, мектепке дейінгі және орта білім мекемелеріне жүктеледі.
7. Байқауға ұсынылатын материалдар «Үздік сынып жетекші» деген белгімен 2010 жылғы 25 мамырға дейін пошта арқылы бандерольмен немесе қолма-қол ұйымдастыру комитетіне жіберілуі қажет.
8. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Талдықорған қаласы облыстық білім беру басқармасы.
3. Байқауға қатысушылар
9. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің еңбек өтілдері екі жылдан кем емес, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жақсы нәтиже көрсеткен және байқаудың ұйымдастыру комитетіне уақытында өтініш берген сынып жетекшілері қатыса алады.
4. Байқауды өткізу тәртібі
10. Облыстық ұйымдастыру комитетіне 2010 жылғы 25 мамырдан кейін келіп түскен, сондай-ақ конкурс талаптарына сәйкес келмейтін материалдар қаралмайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
5. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар
11. Іріктеу турына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жазылған Байқаудың ұйымдастыру комитетіне сынып жеткшісінің жеке өтініші (келесі үлгі бойынша):

«Үздік сынып жетекшісі»
Облыстық байқаудың
ұйымдастыру комитетіне
№______ мектептің ____ сынып жетекшісі
Мекен-жайы__________________
Аты-жөні_____________________

Өтініш

Мені «Үздік сынып жетекшісі» Облыстық байқауына қатысуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

Күні
Қолы
2) байқаудың облыстық кезеңіне сынып жетекшісін қатысуға ұсыну туралы аудандық ұйымдастыру комитетінің шешімі (Қала және әр ауданнан
1 сынып жетекшіден)
3) байқауға қатысушы туралы анықтама-сауалнама;
4) сыныптағы тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау, сынып жетекшінің тәрбиеге өз концептуалдық тұғырнамасы немесе тәрбиенің авторлық бағдарламасы мен оны жүзеге асыру жолдары көрсетілген түсініктеме хатымен бірге;
5) Қалалық, аудандық басшыларымен қол қойылған, мөрмен расталған мінездеме-ұсыным;
5) «Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым» тақырыбына эссе /оқушылармен тәрбиелік жұмыстың жеке өзінің тәжірибесі негізінде (3 баспа бет, Times New Roman шрифті, көлемі -14);
6) жұмыс тәжірибесін көрсететін басқа да материалдар: 3 шығармашылық тәрбиелік жұмыстардың сценарийлері, рефераттар, басылым өнімдері, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесін бейнелейтін бейнематериалдар (ұзақтығы 5 минуттан аспайтын).
6. Байқауға қатысушыларды марапаттау
12. Байқаудың жүлделі орындарының санын, бірінші және екінші кезеңдерінің номинацияларын көрсетілген кезеңдерді ұйымдастыру комитеттері анықтайды.
13. Байқаудың облыстық кезеңінде үш жүлделі орын белгіленеді:
1) Бірінші орын және «Үздік сынып жетекшісі» атағы;
2) Екінші орын ;
3) Үшінші орын ;

14. Мына номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады:
1) «Сынып жетекші-зерттеуші»;
2) «Тәрбиеші - новатор»;
3) «Тәрбиеші-психолог»
15. Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары байқаудың арнайы құрмет дипломдарымен марапатталады.
16. Байқаудың барлық кезеңдерінің лауреаттары мен жеңімпаздарына конкурс құрылтайшылары және барлық мүдделі ұйымдар жүлделер, сыйлықтар және ақшалай сыйлықтар табыс етеді.
7. Қаржыландыру
17. Мектептік, аудандық (қалалық) байқауларды ұйымдастыруға және жеңімпаздарды марапаттауға шығындарды мектеп директорлары, аудандық, қалалық оқу бөлімдеріне жүктеледі.
18. Сынып жеткшісінің облыстық байқауға қатысуға байланысты шығыстарын жіберуші ұйымдарға жүктеледі.
19. Облыстық байқауды ұйымдастыруға, өткізуге және жеңімпаздарды марапаттауға арналған шығыстарды облыстық білім беру басқармасы жүзеге асырады.
8. Байқаудың кезеңдерін өткізу барысы:
Байқау үш кезеңде өтеді:
1) мектептік
2) аудандық (қалалық)
3) облыстық
Байқауды ұйымдастыру үшін барлық кезеңдерде педагогикалық кеңеспен, білім беру мекемелерімен бекітілген ұйымдастыру комитеттері мен қазылар алқасы құрылады. Ұйымдастыру комитеттері байқаудың өткізілуі жөніндегі барлық сауалдарды өздерді шешеді.
Мектептік, аудандық (қалалық) кезеңдер сұрыптау кезеңдері болып табылады.
Байқаудың облыстық кезеңін өткізу барысында әділ қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың іс-әрекетін келесі критерийлер бойынша бағалайды: тақырыптың өзектілігі және толық ашылуы, тұжырымдар мен қорытындылардың негізділігі, олардың жаңалығы мен ғылыми-практикалық маңыздылығы, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясын білу, тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру деңгейі, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ғылым жетістіктеріне сүйену және интерактивті әдістерді пайдалану; педагогикалық ойлаудың ұшқырлығы мен тереңдігі; жеке дара шығармашылық қабілеті; тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін шебер меңгеру; әдістемелік шеберлік; кәсіби және жеке дара қасиеттер; ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалар; азаматтық ұстаным; этнопедагогика материалдарын оқушылармен тәрбие жұмысында тиімді қолдану; шығармашылық жұмысты эстетикалық рәсімдеу.

 

 

Облыстық байқаудың турлары:
1 тур - сырттай: байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын, сыныптан тыс тәрбие іс-шараларының сценарийлерін, ғылыми-әдістемелік басылымдарын зерттеу, олардың әрқайсыларының тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша «ғылыми жоба» түрінде жазылған іс-тәжірибелерімен танысу (3-5 бет, шрифт көлемі - 14), сонымен қатар, «Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым» тақырыбына эссе /оқушылармен тәрбиелік жұмыстың жеке өзінің тәжірибесі негізінде (3 баспа бет, Times New Roman шрифті, көлемі -14).
2 тур - өзін-өзі таныстыру (3 минут).
3 тур - педагогикалық жағдаяттарды шешу (3 мин).
4 тур - сыныптың тәрбие жүйесін мультимедиялық презентациялау (10 мин.)
5-тур - сыныпта ашық тәрбиелік іс-шараны өткізу (үзінді-15 мин.)
6-тур - педагогика және психологияның теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (30 мин).

«Үздік сынып жетекшісі 2011» - Т.А.Сароян, Ескелді ауданының Алдабергенов атындағы орта мектебінің мұғалімі.

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y