Алматы облысының Таңбасын сипаттау
«Елтаңба» - «Герб» немістің Ербе – «мұра» деген сөзінен шыққан, мұрагерлік ерекшелеу белгісін – иесінің тарихи дәстүрлерін көрсетіп тұратын, символикалық мағына берілген заттар мен сұңғаттардың үйлесімін таңбалайды.
Елтаңбаның тікелей негізін рулық отбасылық меншік белгілері – славяндарда тудар межелер, таңбалар, түріктер мен моңғолдарда таңба салды. «Таңба» термині бәрінен бұрын көне түрік қағанатында қолданыла бастады.
Алматы облысы Таңбасының композициялық негізі – «күнді» бейнелейтін сәуле шашып тұрған дөңгелек. Дөңгелектің ортасында спираль тәріздес етіп салынған қанатты барыс пен бүркіт басты көреген құс – самұрық бейнеленген. Бұл құс – Сақ заманында қазына-байлықтардың күзетшісі.
Екі бейненің сабақтастығы адамгершілік құтқарушы күшінің, жанкештіліктің, киелі құс – бүркіт туралы көне евразиялық аңыздың жаңғырығы – аспанның, атап айтқанда оттың күн күшінің және аспаннан немесе қасиетті таудан жерге сауықтыру қабілеті бар өмір ағашының жас бұтақтарын әкелген мәнгіліктің бейнесі болып табылады.
Қанатты барыс – бейбітшілік пен тәртіп сақшысының, тыныштық, айбындылық пен ерліктің символы. Барыс – Жетісу жерінің ерекшелігін бейнелейді.
Спираль – эманацияның ұлы жасаушы күшінің айғағы, айналып тұратын көк күмбезінің, күн қозғалысының, жыл мезгілдері ауысуының, Жер айналасының бейнесі болып табылады.
Таңба екі бояумен: Қазақстан Республикасы Елтаңбасы сипатымен алтын және ашық көк түсте берілген.
Ашық көк – аспан мен теңіздің көрінісі – заңғар мен тұңғиықтың, сондай-ақ ол – жетілгендіктің, тұрақтылықтың, әділеттіліктің, берілгендіктің және абырой, ар, намыстың белгісі.
Күн тәріздес алтын түс даңқты, құдіретті күшті, сенімді, салмақтылықты, тұтастықты паш етеді. Бұл - өмірдің көрінісі. Таңба евразия өнерінің дәстүрінде жасалған.
Сыртқы дөңгелекте «Алматы облысы» - деп жазылған, ал олардың арасында екі жетібұрышты жұлдыз салынған. Жеті саны және сыртқы дөңгелектегі ала сызық – ішкі дүниенің киелілігін қорғаудың нышаны.
Алматы облысы Таңбасында өткен дәуірдің, бүгінгі күннің тек алға ұмтыла дамуының таңдаулы символдары және осы аймықтың тұрғындарына арналған жарқын болашақ сипатталған.
ОБЛЫС ТАРИХЫ
Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Орталығы Алматы қаласы болып белгіленді. Облыс құрамына 18 аудан кірді.
1939 жылдың соңында аудандардың бір бөлігі Жамбыл және Семей облыстарына беріліп, Алматы облысының құрамында қайта құрылған 7 ауданды қосқанда 23 аудан қалды. 1944 жылдың наурыз айында оның құрамынан Талдықорған облысы 11 ауданмен бөлініп шықты.
1959 жылдың соңында облыс құрамынан Алматы қаласы бөлінді. Осы жылы Алматы және Талдықорған облыстары біріктіріліп, 1968 жылы қайта бөлінді.
Алматы және Талдықорған облыстарының соңғы біріктірілуі 1997 жылы болды.
Облыс құрамына 16 аудан мен облыстық маңыздағы 3 қала енгізілді. (Талдықорған, Қапшағай, Текелі).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» № 585 Жарлығына сәйкес облыс орталығы Талдықорған қаласы болып белгіленді.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар.
Облыс халқының саны 2008 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша 1665,4 мың адамды құрайды. Өңірде 103 ұлт пен ұлыс өкілдері бар.
Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. Тұрғындар саны 140,6 мың адам.
Өңір фаунасы биологиялық түрлерге бай: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың - 35, су жәндіктері мен балықтардың 4 түрі қатаң қорғауды қажет етеді, әрі республиканың Қызыл кітабына енген.
Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтынемел» парктері орналасқан.
Алматы облысы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады.
ТАҒИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін.
http://ru.wikipedia.org/wiki/Алматинская_область
Әкімшілік-аумақтық бөлініс:
Облыс құрамына облысқа бағынышты 16 аудан және 3 қала (Талдықорған, Қапшағай, Текелі) кіреді.
Облыс орталығы - Талдықорған қаласы, Талдықорған қаласы мен Астана қаласының арасы - 1480 шақырым.
Облыс аумағы - 224 мың шаршы км.
Халық саны 2011 жылдың 1 қаңтарына - 1857,8 мың адам.
Өңірдің тарихи дамуы, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері туралы қысқаша ақпарат
Даму тарихы:
Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс қиырында және шығысы Қытаймен, оңтүстігі - Қырғыз Республикасымен, солтүстігі - Шығыс-Қазақстан облысымен, солтүстік-батысы - Балқаш өзенін жанаса, ал батысы - Жамбыл облысымен шекаралас орналасқан.
Облыс 1932 жылдың 10 наурызында орталығы Алматы қаласы болып құрылды, оның құрамына 18 аудан кірген.
Алматы және Талдықорған екі бірлескен облыстың орталығы Алматы қаласы болып, ҚР Президентінің 1997 жылдың 22 сәуіріндегі №3466 Жарлығына, ҚР Президентінің 2001 жылдың 14 сәуіріндегі № 585 «Облыстың орталығын Алматы облысын көшіру туралы» Жарлығына сәйкес облыс орталығы Талдықорған қаласына көшірілді.
Әлеуметтік-экономикалық жетістіктері:
Өнеркәсіп
2011 жылдың есепті кезеңінде облыста қазіргі бағамен 422,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі - 109,8 пайыз.
Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 1,6 пайызын құрайды, есепті кезеңде 6,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 82,2 пайыз, 347,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 15,2 пайызын құрайды (64,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 1,0 пайызды құрады (4,3 млрд. теңге).
Тамақ өнімдерін өндіруде 2010 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда сүт өнімдері - 4,3 пайызға, нан және ұн - 4,0, крахмал және ұн өнеркәсібінің өнімдері - 41,3, дайын мал азығы - 23,7, жеміс-жидек және көкөністі өңдеу мен консервілеу - 24,7, балықты өңдеу және консервілеу - 16,2, сусын - 14,7,темекі өнімдерін өндіру 6,0 пайызға артты.
57 жаңа нысанды іске қосу, 12 өндірісті кеңейту есебінен 1389 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығы
2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 286,1 млрд. теңгеге өндіріліп, 2010 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,1%-і құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарына берiлген мәлiметтер бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 293,5 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 0,5%-ке артық, тиісінше сүт - 667,8 мың тонна (100,2%), жұмыртқа - 878,7 млн. дана (96,6%), жүн - 7,9 мың тонна (100,9%).
Мал басының саны төмендегідей көрсеткіштерге жетті: мүйізді ірі қара - 829,8 мың бас (өткен жылмен салыстырғанда 101,3%), қой мен ешкі - 3108,0 мың бас (101,8%), шошқа - 114,5 мың бас (100,6%), жылқы - 238,5 мың бас (102,4%) және құс - 9063,1 мың бас (106,8%).
Облыс бойынша 1174,3 мың тонна (алғашқы кіріске алынған салмақпен) дәнді дақылдар жиналды немесе өткен жылға қарағанда 105,1%, оның ішінде дәндік жүгері - 343,0 мың тонна (108,4%), күріш - 58,0 мың тонна (100,5%).
Қант қызылшасының жалпы түсімі 97,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 6,2 мың тоннаға артық.
194,0 мың тонна майлы дақылдар жиналды немесе 15,2%-ке артық. Өткен жылмен салыстырғанда майбұршақ өндірісінің көлемі 16,3%-ке, мақсары - 22,1%-ке көбейді.
599,7 мың тонна картоп (102,7%), 708,2 мың тонна көкөністер (108,5%), 62,3 мың тонна жеміс-жидек (112,1%) және 15,5 мың тонна жүзім (95,5%) жиналды.
Шағын бизнесті дамыту
2011 жылдың 12 айында шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 109,0 мың бірлік, онда 289,0 мың адам жұмыспен қамтылған немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 29,1 пайызын құрады (2011 жылдың 4 тоқсанына - экономикалық белсенді тұрғындар саны - 993,5 мың адам).
Жалпы сомасы 583,8 млрд. теңге өнім шығарылды, бюджетке түскен түсім 15,5 млрд. теңге (2010 жылмен салыстырғанда 122,0%).
Кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді жою және төмендету мақсатында рұқсат беру процедураларын (құжаттарын) инвентаризациялау бойынша облыста жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында мемлекеттік органдардың бақылаушы-қадағалаушы функциялары мен процедураларын (құжаттар) қысқарту бойынша ұсыныс енгізілген.
Осы мақсатпен әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді шешу бойынша Жұмыс тобының құрамы өзектелді. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік құрылымдардың, «Нұр Отан» ХДП қоғамдық бірлестігінің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің «Атамекен» Одағы» ҰЭП өкілдері және тағы басқалары енгізілген.
Жұмыс тобымен 10 басқармалар мен департаменттер, облыстың 19 аудандары мен қалаларының атқарылған жұмыстарын тыңдау бойынша 2 семинар-кеңес өткізілді.
Жергілікті орындаушы органдармен 40 рұқсат беру құжаттары (процедуралары) қаралып, оның ішінде 7 құжатты жоюға, 15 - оңтайландыру және 18 құжатты қалдыру жөнінде ұсыныс берілді.
Көлік
Облыс Қытай және Орта Азия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан республикалары арасында маңызды көлік дәлізі болып саналады. Достық теміржол станциясы және Қорғас автокөліктер өтетін жолдар арқылы Қытайға және басқа да әлем елдеріне қазақстандық тауарларды экспортқа шығаруды жүзеге асырады.
Қазіргі заманғы көлік дәліздерін қалыптастыру облыс аумағында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен жалғасатын болады. Жетіген-Қорғас теміржолының құрылысы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін («Алматы-Қорғас» автомобиль жолы) қайта жөндеу басталды.
«Алматы-Қапшагай», «Үшарал-Достық», «Алматы-Өскемен» автомобиль жолдарын қайта жөндеу, «БАКАД» автомобиль жолының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру көзделді.
Сыртқы экономикалық қызмет
Облыс әлемнің 120 елдерімен сауда-серіктестік қатынасы бар, 38 елмен экспорттық жеткізілім жүзеге асырылады, импорт тауарлары 116 мемлекеттен түседі.
Инвестициялар
2011 жылы облыс экономикасына 371,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 114,5 пайызды құрады.
Инвестицияның негізгі көлемі - кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен - 204067,5 млн. теңге немесе 54,9 пайыз, республикалық бюджеттен - 37056,6 млн. теңге немесе 9,9 пайыз, жергілікті бюджеттен - 31176,2 млн. теңге немесе 8,4 пайыз, шетел инвестициялары - 51298,3 млн. теңге немесе 13,8 пайыз және басқа да несие қаражаттары - 48239,8 млн. теңге немесе 13 пайыз.