ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Ең үздік жыл интернаты

«Ең үздік жыл интернаты» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ

Алматы облысының білім басқармасы жыл сайын интернаттық мекемелер арасында «Ең үздік жыл интернаты» байқауын өткізеді.
Бұл байқау интернаттық мекемелерінің жаңашыл үлгісін анықтауға, білім беруді дамытуды гуманизациялауға, озат педагогикалық тәжірибені таратуға, насихаттауға, педагогикалық бастамаларды ынталандыруға және мұғалімдердің беделін көтеруге бағытталған.

І. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқау ең кәсіби тұрғыда шығармашылықпен жұмыс істейтін интернаттық мекеменің педагогикалық ұйымын анықтау, педагогтардың мәртебесін көтеру, беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Байқаудың негізгі міндеттері:
а) интернаттық мекемелері педагогикалық ұжымдарының бастамалары мен шығармашылық белсенділіктерін дамыту, жалпы және педагогикалық мәдениеттерін көтеру;
ә) интернаттық мекемелер жүйесінде тәрбиедегі жаңа педагогикалық технологиялар анықтау және ондағы озық озат іс-тәжірибелерді тарату;
б) балалар үйіндегі қызметкерлердің беделін және барлық үлгідегі интернаттық мекемелердің кәсіби шеберлігін көтеру;
в) кәсібі қарым-қатынастың деңгейін кеңейту, қоғамның назарын интернаттық мекемелердегі проблемаларға аудару.

ІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға меншік түріне қарамастан облыстағы интернаттық мекемелер қатыса алады:
- ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған балалар үйі мен мектеп-интернаттар;
- дамуында кемшіліктері бар балаларға арналған интернаттар;
- жалпы және санаториялық үлгідегі интернаттар;
- мектеп жанындағы интернаттар.

III. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

3.1. Байқау 2009 жылы _12__ маусымда өткізіледі.
3.2. Қатысушылар тобы 3 адамнаң аспау керек.
3.3. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Облыстық білім басқармасында құрылады.
3.4. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасына Алматы облысының білім беру басқармасының мамандары, облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының әдіскерлері, ЖОО оқытушылары, интернаттық мекемелерінің жоғары санатты педагог мамандары мен қоғамдық ұйымдар қызметкерлері тартылады.


ІҮ. Ұйымдастыру комитет

4.1. Ұйымдастыру комитеті облыстық байқауға дайындық жұмыстарын жүргізеді және өтуін үйлестіреді.
4.2. Ұйымдастыру комитеті облыстық мәрені өткізудың орнын, мерзімін, өті тәртібін, түрін белгілейді және қазылар алқасының құрамын анықтайды.

Ү. Қазылар алқасы

5.1. Облыстық байқаудың қазылар алқасының құрамы ұйымдастыру комитетінің ұсынуымен білім басқармасы бастығының бұйрығымен бекітіледі.
5.2. Қазылар алқасы байқаудың әр кезеңдегі тапсырмаларының орындалу сапасын арнайы критерийлер негізінде бағалайды және қорытындысында жеңімпаздарды анықтайды.

ҮІ. Облыстық байқауға құжаттар тапсыру реті

Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:
1. Мекеменің облыстық байқауға қатысуға сұранысы;
2. Мекеменің анықтама мәлімет қағазы (ережеде ұсынылған талаптарға сәйке, формат А4, кегль өлшемі 14, арақашықтық 1.5);
3. Білім беру мекеме жетістіктерінің Портфолиосы (педагогикалық ұжымы жұмысының ерекшелігін ашып көрсететін материалдар);
4. Педагогикалық ұжымның шығармашылық ізденісі (педагогикалық тұжырымдамалар, жаңашыл білім беру технологиялары, әдістемелік өңдеулер, авторлық бағдарламалар және т.б.);
5. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық баспалар, басылымдар, мақалалар және с.с.;
6. 10 минуттық таныстыру бейнеайдар (ғимараттың сырты, ішкі бөлмелері; секция және үйірме жұмыстары; әдістемелік қызмет; еңбекті ұйымдастыру; мектептермен, қоғамдық ұйымдармен және ата-аналармен бірлесе жүргізген жұмыстарының көрініс дәлелдері). Бейнеайдар компакт-дискіде сұраныспен бірге тапсырылады.
Облыстық байқау материалдары білім басқармасына 2010 ж. ________________ тапсырылады.

ҮІІ. Байқаудың мазмұны

Байқаудан соң білім беру және қоғамдық ұйымдардың арасында жоғары кәсіби шығармашылықпен жұмыс істейтін интернаттық мекемелер анықталады.
Байқау барысында үміткерлер төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:
а) интернаттық мекемелердің материалдық-техникалық базаларының жаңашылдығы;
ә) педагог мамандардың кәсіби өсуі (сапалық құрамы, дайындығы, педагогтардың оқу-тәрбие үдерісіндегі қайта даярлануы мен өзіндік дамуындағы білімін жетілдіруі);
б) оқыту жүйесіне жаңашыл технологияларды ендіру нәтижесі (жаңа технологиялардың білім алушылар мен тәрбиеленушілердің үдерісті тәрбиесі, дамуы, әлеуметтік адаптациядан өтуі мен кәсіби кіріктірілуі);
в) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің үлгерім сапасы (ғылым негіздері бойынша білім деңгейі, білігі мен тәжірибелік дағдысы, оның оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкестігі);
г) тәрбие жұмысының өзектілігі (түрлі аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуы);
д) интернаттық мекемелерді басшылыққа (шефтікке) алған мекемелер және ұйымдар, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен қызығушылықтары бойынша кәсіби білім беретін бастауыш, орта және жоғары оқу орындарымен, мемлекеттік қамқорлықты қажет ететін түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бағытында орнатылған байланыстың нәтижелілігі.

Байқауды өткізу турлары:

1 тур - «Үміт ұясы». Мекеменің өзін-өзі таныстыруы (электрондық қуралдарды қолдану арқылы сценалық көрініс).
1. 5 минуттық көрініс, баяндама;
2. 10 балдық жүйемен бағаланады;
3. бағалау анықтаушылары:
• ойдың өзіндік ерекшелігі;
• жалпы мәдениеті, эрудициясы;
• шығармашылық шеберлігі, көркемдік дарындылығы;
• көрермендердің көңілінен шығуы;
• белгіленге уақытты сақтай білуі.

2 тур - Интернаттық мекеме педагогының кәсіби құзырлылығы (жаңа формация педагогының үлгісі)
1. баяндама - 7-10 минут;
2. 10 балдық жүйемен бағаланады;
3. бағалау анықтаушылары:
• үлгінің жаңашылдығы;
• өзектілігі;
• мазмұндылығы;
• 12 жылдық білім беру шарттарына сәйкестігі;
• практикалық маңыздылығы.

3 тур - Білім беру үрдісінің жаңашыл үлгісі (оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің үлгісін қорғау).
1. баяндама - 5 минут;
2. 10 балдық жүйемен бағаланады;
3. бағалау анықтаушылары:
• өзектілігі, тиімділігі;
• жаңашылдығы, ғылымилығы;
• практикалық құндылығы;
• қажетті дидактикалық материалдармен қамтылуы;
• нәтижелілігі.

4 тур - Білім беру мекеме жетістіктерінің Портфолиосы
Портфолио 20 балдық жүйемен бағаланады.
Анықтаушылар:
• ұсынылған материалдарының толықтығы, мазмұндылығы;
• жүйелілігі, ғылыми-әдістемелік жұмысының жаңашылдығы;
• оқу-тәрбие үрдісін мониторингілеу мен диагностикалау жұмыстарының жүйелілігі;
• тәжірибенің таратылуы, республикалық, облыстық, аудандық педагогикалық басылымдарда шыққан мақалалары;
• конференцияларға, семинарларға, педагогикалық оқуларға, байқауларға және т.б. шараларға қатысулары;
• талапкер мекеменің кәсіби жетістіктерін және шығармашылық табыстарын дәлелдейтін құжаттар (марапаттау қағаздары);
• оқушылар мен тірбиешілердің жетістіктері (халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық шараларға қатысулары);
• педагог мамандардың сапалық құрамы және біліктілікті арттырулары;
• мекеменің материалдық-техникалық базасының жабдықталуы: бүгінгі таңдағы нормативтік, санитарлық талаптарға сәйкестігі;
• материалдардың эстетикалық әзірленуі.

5 тур - Педагогикалық жағдаяттардан шыға білу - 10 балл
Педагогика, психология және әдістеме бойынша тест жүргізу - 25 сұрақ

ҮІІІ. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

Қазылар алқасы барлық байқау сынақтарының нәтижесі бойынша Бас жүлде иегерін, І,ІІ,ІІІ орын жеңімпаздарын анықтайды.
Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының дипломдары, бағалы сыйлықтары беріледі.

ІХ. Қаржыландыру

9.1. Облыстық байқауды ұйымдастыруға және жеңімпаздарды марапаттауға қажетті қаржы шығынын облыстық білім басқармасы жүзеге асырады.
9.2. Облыстық байқауға қатысушының іссапар шығыны жіберетін ұйымның есебінен шығарылады.
9.3. Байқаудың құрылтайшылары, демеушілері, қоғамдық ұйымдар жеңімпаздар мен қатысушыларға өздерінің жеке сыйлықтарын ұсына алады.

«Үздік интернаттық мекеме 2011» - Талғар қаласындағы санаторлық үлгідегі мектеп-интернаты (директоры К.Әбдіхалықова).

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y