"Жылдың үздік мұғалімі" облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
І. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Рейтинг бойынша кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мектептің талантты педагогтарын анықтау.
Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби беделін арттыру, мадақтау және қолдау көрсету.
Оқушылардың жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін, тиімді педагогикалық технологияларды анықтау.
Жаңа тұрпатты педагогикалық идеяларды іздеу.
Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және насихаттау.
ІІ. Байқауға қатысушылар
2.1. Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері ерікті түрде қатыса алады.
ІІІ. Байқауды өткізу тәртібі және мерзімі.
3.1. Облыстық білім басқармасы жанында ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы құрылады.
3.2.Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасына жоғары білікті мамандар,
педагог қызметкерлерді дайындайтын жоғары оқу орындарының
оқытушылары, облыстық мамандар кәсібін дамыту иниститутының
қызметкерлері, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
өкілдері тартылады.
3.3. Облыстық байқауға әр ауданнан бір жеңімпаз ғана жіберіледі.
3.4. Байқаудың кезеңдік өту уақыты төмендегідей белгіленеді:
аудандық /қалалық/ -01.05-01.-06.2010 ж.
облыстық - 17.09-18.09.2010 ж
3.5. Байқауға облыстық, аудандық /қалалық/ әкімшілігі, білім баскармасы, аудандық /қалалық/ білім бөлімдері, білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі, демеушілер, қоғамдық ұйымдар құрылтайшы бола алады.
IV Байқаудың мазмұны
4.1. Байқау барысында білім беру мекемелерінде рейтинг бойынша кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептердің талантты педагогтары анықталады.
4.2. Байқаудың барлық кезеңдерінде қазылар үміткердің деңгейін төмендегі
бағыттар бойынша бағалайды:
кәсіби шеберлігі және жеке тұлғалық ерекшелігі /шығармашылық, интуиция, суырыпсалмалық, ұйымдастырушылық және қарым-қатынас жасау қабілеті, ерік-жігері, бастамашылдығы, өз бетінше жұмыс істеу дағдысы және т.б./;
мұғалімнің жұмыс жүйесі, оқыту, тәрбиелеу және дамыту технологиясы.
4.3. Педагог қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігі төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады:
- жалпы дидактикалық және педагогикалық білімі (тест бойынша);
- тәрбие жұмысының әдістемесі және тәрбие теориясы бойынша білімі (тест бойынша);
негізгі педагогикалық біліктілігінің қалыптасуы /сабақ, сыныптан тыс шаралар/;
ғылыми-әдістемелік немесе ғылыми-ізденіс тақырыптары, ізденіс бағдарламаларының болуы;
мұғалімнің ғылыми еңбегі және педагогикалық техникасы /сабақ, сыныптан тыс шаралар/;
оқу-әдістемелік кешенді құру жөніндегі жұмысы (авторлық бағдарлама және зерттеме);
сабақтың сапасы және оның қазіргі талаптарға сай болуы /сабақ/;
пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың сапасы мен деңгейі/ сыныптан тыс шара/;
адамгершілік-әдептілік сапасы, педагогикалық мәдениеті және дүниетанымы, эрудициясы /сабақ, сыныптан тыс шаралар/;
қарым-қатынас мәдениеті, шешендік шеберлігі /сабақ, сыныптан тыс шаралар/;
4.4. Облыстық байқаудың ІІІ кезеңінде :
мұғалімнің портфолио / тұжырымдама, бағдарлама, диагностикалық жүйе, жұмыстың нәтижелері - «Алтын белгі», олимпиадалар жеңімпаздары, педагогикалық басылымдарда жариялануы/;
тестілеу - 30 минут;
ашық сабақ /бағдарламалық материалға сәйкес қатысушы сыныппен тақырыпты өзі таңдайды/ - 20 минут;
педагогикалық ситуациядан шығу шеберлігі - 2 минут;
пән бойынша сыныптан тыс жұмыс / сынып пен тақырып қатысушы таңдауымен/ - 15 минут;
байқауға қатысушы өзін- өзі музыкалық, көркемдік және басқа да түрлер арқылы таныстыра алады - 5 минут.
Байқаудың мәресінде мұғалімнің шығармашылық және кәсіби қабілетін ашатын тапсырмалар қарастырылады. /қазылар алқасының шешімімен /
Қорытындысында байқау сыны бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен лауреаттарды анықтайды.
V. Байқаудың қазылар алқасы
5.1. Байқаудың қазылары байқауға түскен жұмыстардың мазмұны мен безендірілу сапасын, өзін өзі таныстыруын, көтерілген тақырыптың талдануы мен өзектілігін, идеяларды, эрудициясын және т. б. бағалайды.
5.2. Қазылар алқасы мүшелерінің құрамы Білім басқармасымен бекітіледі.
VI. Облыстық ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі
6.1. Байқауға қатысу үшін обыстық ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылады:
білім беру басқармасының органы және білім мекемесі басшысының қолы қойылған кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері туралы жазылған мінездеме
мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі және оның облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба жарысының жеңімпаздарын, "Алтын белгі" иегерін дайындағаны туралы мониторингісі;
3 дана түрлі-түсті сурет /4х6 см/
мұғалімнің портфолио, оның ішінде "Қазіргі әлемдегі мұғалім" тақырыптарына шығармашылық эссе.
6.2. Барлық материалдар облыстық Білім басқармасына 2010 жылдың 14.09 дейін орыс немесе қазақ тілінде электронды және жазбаша түрде тапсырылуы керек.
6.3. Облыстық ұйымдастыру комитетіне 2010 жылдың 14.09 кейін келіп түскен байқау материалдары қаралмайды.
6.4. Байқауға түскен материалдар қайтарылмайды.
VII. Байқау жеңімпаздарын марапаттау мен қаржыландыру.
7.1. Байқаудың барлық сынақтары нәтижесінде қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздарды анықтайды.
7.2. 1,2,3,4,5,6 орынға облыс Әкімі құрылтайшы болады. Қалған облыстық байқауға қатысушылар, "Жылдың үздік мұғалімі байқауының дипломдарымен марапатталады.
7.3. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын алған мұғалімнің жұмыс тәжірибесі облыстық мамандар кәсібін дамыту иниститутында жинақталып, таратылады.