"Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы"
облыстық конкурстың өткізу туралы ЕРЕЖЕ
1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
1. Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері:
1). Облыстағы кәсіби білім беруді дамыту мен жетілдіу.
2). Кәсіптік лицей мен колледждерде жаңа басқару әдістерін іздеуге, қамтамасыз ету жүйесін дамытуға, мамандар дайындау сапасын көтеруге ынталандыру.
3). Кәсіби болашағы бар және шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіптік мектеп пен колледждерді анықтау.
4). Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде озық іс-тәжірибені насихаттау және тарату.
5). Жаңа тиімді педагогикалық технологиялар мен оқыту әдістерін анықтау, облыстық кәсіптік мектеп пен колледждердің педагогикалық идеяларды дамытуға қолдау көрсету.
2. Конкурсқа қатысушылар
Конкурсқа өз еркімен облыстағы кәсіптік мектептер мен колледждер меншік түріне байланыссыз қатыса алады.
3. Конкурсты өткізуді ұйымдастыру
1. Облыстық конкурсты өткізу үшін облыстық білім департаментінің жанында ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитеті байқау қызметін үйлестіреді.
2. Облыстық конкурсты өткізудің тәртібін, үлгісін, орны мен мерзімін облыстық ұйымдастыру комитеті анықтайды. Байқауға қатысушылардың тізімі бекітіледі.
3. Облыстық конкурс 2010 жылдың 1 маусымнан 20 шілдеге дейін өткізіледі.
«Үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2011» атты облыстық байқауында I орынға ие болған - Алматы қаласындағы №13 кәсіптік лицей (директоры Б.Е.Еркенов);
4. Конкурстың мазмұны
1. Конкурс барысында білім беру ұйымдарының ішіндегі жоғары кәсіби шеберлігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіптік мектеп пен колледждер анықталады.
2. Конкурстың барлық кезеңдерінде қазылар алқасы конкурсқа қатысушының қызметін мынадай бағыттар бойынша бағалайды:
1. Нарық талаптарына сай мамандықтарды дайындау (аймақтық жағдайда мамандар дайындауда басымдық бағдар, шағын және орта бизнес саласында қажет маман қызметкерлер мен орта буын мамандарды дайындау).
2. Оқу орнының оқу-материалдық, техникалық базасын жетілдіру (кабинеттер, шеберханалар, ОТҚ,ЭВМ, оқу-әдістемелік жинақтар, оқулықтар, "Жаңа буын оқулықтары" мемлекеттік бағдарлама бойынша іске асырудағы үлесі).
3. Жаңа оқу технологияларын енгізу (эксперименттік, компьютерлік бағдарламаларды пайдалану, дидактикалық кешендердің түпнұсқасын жасау, жұмыстардың нәтижелігі).
4. Президенттік білімдік ақпараттандыру бағдарламасын іске асыру деңгейі, Халықаралық білім кеңістігіне шығу бағдары.
5. Педагогикалық кадрлар мен қосымша қызметкерлер (сапалық және сандық құрамы, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру үшін дайындық пен қайта дайындықтан өткізу шаралары, білім беру ұйымының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейін жетілдірудегі жүйелі жұмыстар, жаңаша формациядағы оқытушыларды қалыптастыру).
6. Оқушылардың үлгерім сапасы (жалпы білім беру, жалпы техникалық, арнайы пәндер бойынша дәйекке негізделген білім деңгейі, өндірістік оқыту бойынша оқушылардың тәжірибелі дағдылары мен іскерліктері, олардың оқу бағдарламалары және мамандық бойынша сипаттаманың сәйкестігі, облыстық және республикалық конкурстарға қатысулары).
7. Түлектердің жұмысқа орналасуы.
8. Кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен, оқу орындарымен байланысы (үздіксіздікке бағдар, білім деңгейінің арасындағы сабақтастық, "Орта білім беру мектебі - Кәсіптік лицей - Колледж - Жоғарғы оқу орны" арасындағы байланыс).
9. Тәрбие жұмысы (қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысуы, құқық бұзушылықты болдырмау жұмыстары, ең үздік озық іс-тәжірибе жұмыстарын анықтау, азаматтық пен, елжандылыққа, Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін құрметтеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, Президенттік тесті тапсыруға, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу).
10. Білім беру ұйымдарындағы адамгершілік-психологиялық климат (келіспеушілік жағдайдың болмауы, психологиялық қызметтің жұмысы, оқушылар мен оқытушы және өндірістік оқыту шеберлерінің арасындағы қарым-қатынас).
5. Конкурстың қазылар алқасы
1. Қазылар алқасы қоғамдық ұйымдардың, білім, ғылым, әдістемелік мекемелердің, өндірістік кәсіпорынның, шығармашылық одақтар мен орталықтарының өкілдері, өнер қызметкерлері бола алады. Қазылар алқасы әр білім беру ұйымының конкурска жіберген жұмыстарының мазмұны мен сапасын бағалайды.
2. Жіберілген жұмыстарды тексергеннен кейін, құжаттары бірінші іріктеуден өткен үш кәсііптік мектеп пен үш колледжге қазылар алқасы барады. Білім беру ұйымдарының жоспарлық құжаттарының мазмұны, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруының дұрыстығы, қауіпсіздік техникасын сақтау мен кызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жұмысының ұйымдастырылуы, оқушылардың тамақтануы мен жатақханада тұруының ұйымдастырылуы, оқу орындарының санитарлық жағдайы, бастауыш және орта кәсіптік білім беру стандарттарына сәйкестігі бағаланады.
6. Сарапшы комиссиясы
1. Жеңімпаздарды таңдау мен конкурстың барлық кезеңдерінде объективтілікке жету, сондай-ақ дау тұғызатын жағдайларды шешу мақсатында сарапшы комиссиясы құрылады. Комиссияның қызметіне мыналар кіреді:
1.1. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды сараптау.
1.2. Қазылар алқасының шешіміне қарсы түскен конкурсқа қатысушының арыздарына сараптама жасау.
2. Сараптама комиссияның төрағасы мен мүшелерін білім департаменті бекітеді.
Сараптама комиссияның мүшелері педагогтар, психологтар, социологтар, ғалымдар, білім беру ұйымының басшылары бола алады.
7. Ұйымдастыру комитетіне құжаттар ұсынудың тәртібі
1. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылады:
- Жалпылама (объективті) анықтама;
- Бейнематериалдар (ғимараттың сыртқы көрінісі, ғимараттың іші мен интерьері, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, әдістемелік жұмыстары, әртүрлі секция мен үйірме жұмыстары, еңбекті ұйымдастыру, жұмыс берушілермен, ата-аналармен бірлескен жұмыстары);
- баспа жұмыстары;
- төл бағдарламалары.
Барлық материалдар қазақ және орыс тілдерінде, электрондық жүйе арқылы Алматы облыстық білім басқармасына 2010 жылдың 1 маусымына дейін ұсынылады. Ұйымдастыру комитетіне 1 маусымнан кейін түскен материалдар қабылданбайды.
2. "Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2010" конкурстың ұйымдастыру комитеті облыстық ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысын бекітеді. Ол түскен жұмыстарды тіркеп, міндетіне қарай қазылар алқасы мен сарапшы комиссияға жіберіп отырады.
Ұйымдастыру комитетіне түскен материалдар қайтарылмайды.
8. Конкурсты қаржыландыру мен жеңімпаздарды марапаттау
1. "Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2010" конкурсын өткізуді облыстық білім департаменті қаржыландырады.
2. Қазылар алқасы конкурстың барлық сынақтары нәтижесінде бір бас жүлде мен бір екінші, бір үшінші орындар анықтайды.
3. Бірінші орын жүлдесінің құрылтайшысы - облыс Әкімі, екінші және үшінші орындарының құрылтайшысы - Білім басқармасыі болып табылады.
Облыстық конкурстың жеңімпазына "Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2010" атағы беріледі. Ол облыс Әкімінің Дипломымен және мемлекеттік тілде жібекпен кестеленген "Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2010" деген атлас тентасымен марапатталады.
Осы оқу ұйымдарының жұмыс тәжірибесі Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты жинақтап, талдап, тәжірибеге енгізуді ұсынады.
4. Конкурс құрылтайшылары, демеушілері мен басқа ұйымдар байқау жеңімпаздары мен лауреаттарға жеке өзіндік сыйлықтар табыс ете алады.
«Үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2011» атты облыстық байқауында I орынға ие болған - Алматы қаласындағы №13 кәсіптік лицей (директоры Б.Е.Еркенов);