Облыстық «Үздік қосымша білім беру мекемесі - 2010» байқауының
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ереже
1.1. Мектептен тыс ұйымдардың облыстық байқау ережесі оның өткізу тәртібін және қаржыландырылуын анықтайды.
1.2. Мектептен тыс ұйымдардың облыстық байқауы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының аясында өткізіледі.
2. Байқаудың мақсаты
Мектептен тыс ұйымдардың жүйесін сақтау және дамыту, олардың және балалардың жеке басының дамуына жағдай жасау, шығармашылық еңбектерін іске асырудағы рөлін арттыру, еліміздегі қосымша білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру .
3. Байқаудың негізгі міндеттері
3.1. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымындағы кәсіби, кешенді және шығармашылықпен жұмыс істейтін мекемені анықтау, оның іс-тәжірибелерін насихаттау.
3.2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарындағы өзіндік ерекшеліктері мен жаңашыл педагогикалық идеяларын анықтау.
3.3. Педагогтардың балалармен шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3.4. Оқушының жалпы мәдениетін қалыптастыруда балалардың қызығушылығын, бейімділігін, дарындылығын дамыту үшін қосымша білім берудің рөлін арттыру.
Байқауға облыстық мектептен тыс ұйымдар өз қалауы бойынша қай тілде оқытылатыны мен меншік түріне қарамай қатыса алады.
4. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
Байқау 2010 жылы 23 маусымда Талдықорған қаласында облыстық білім басқармасының негізінде өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Облыстық білім басқармасында құрылады.
Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасына төмендегідей адамдар тартылады: жоғары санатты мамандар, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары, мамандар кәсібін дамыту институтының қызметкерлері және республикалық Оқушылар сарайының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар қызметкерлері.
5. Байқаудың мазмұны
Байқау 3 кезеңде өтеді. Әр кезеңнің бағалану көрсеткіші 10 ұпай.
І кезең
5.1. Мектептен тыс ұйымның өзін-өзі таныстыруы ( мультимедиялық және
сахналық презентация - уақыты 5 мин.).
Байқауға қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша жұмыс үлгісін көрсетеді:
1) үздік әдістемелік жұмыс үлгісі;
2) үздік тәрбие беру жұмыс үлгісі;
3) үздік оқу үрдісінің үлгісі;
Бірінші кезең төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады:
1. мазмұндылығы;
2. ой-өрісінің ерекшелігі;
3. шешендік өнері, сөйлеу мәдениеті;
4. шығармашылық шеберлігі;
5. белгіленген уақытты сақтау.
ІІ кезең
5.2. Қосымша білім беру мекемесінің педагогтарының авторлық бағдарламасын қорғау - уақыты 7-10 мин.
Екінші кезең төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады:
1. бағдарламаның мазмұндылығы, өзектілігі;
2. бағдарламаның ғылымилығы мен практикалық құндылығы;
3. білім беру ұйымдарында аталған бағдарламаның ендірілу мерзімі және нәтижелілігі;
4. дидактикалық құралдармен қамтылу деңгейі;
5. бағдарламаның республикалық, облыстық, аудандық сараптамадан өтілуі
мен бекітілу дәрежесі.
ІІІ кезең
5.3. Мектептен тыс ұйымның портфолиосы
(Мектептен тыс ұйымның оқу-тәрбие ісіндегі жеткен жетістіктерін электрондық және баспа түрінде ұсыну қажет).
Үшінші кезең төмендегі өлшемдер бойынша бағаланады:
1. мазмұндылығы, толықтығы;
2. жүйелілігі;
3. ғылыми-әдістемелік жұмысының жаңашылдығы;
4. оқу-тәрбие үрдісін диагностикалау және мониторингілеу жұмыстарының жүйеленуі;
5. тәжірибенің таратылуы және республикалық, облыстық, аудандық педагогикалық басылымдарында жариялануы;
6. конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, байқаулар және т.б. әдістемелік шараларға қатысу дәлелдері;
7. мектептен тыс ұйымның педагог мамандарының кәсіби көрсеткіштері (марапаттау құжаттары);
8. оқушылардың жетістіктері (халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық шараларға қатысулары);
9. педагог мамандардың сапалық құрамы және біліктілікті арттырумен қамтылуы;
10. материалдарды рәсімдеу эстетикасы.
6. Байқаудың қазылар алқасының қызметі
6.1. Байқаудың барлық кезеңдерінде жоғарғы деңгейдегі жеңімпазды анықтау мақсатында қазылар алқасы құрылады.
6.2. Қазылар алқасы байқауға жіберілген жұмыстардың безендіру сапасы мен мазмұнын, өзін-өзі таныстыруын, шығармашылық жұмысын, кәсіби шеберлігін, көрсетілген мәселенің, идеялардың маңыздылығы мен дәлелділігін бағалайды.
6.3. Қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардың тәрбиелік іс-шараларын бағалайды. Сонымен қатар қатысушының кәсіби шеберлігінжәне шығармашылық қабілетін ашатын байқау тапсырмаларын түзеді.
6.4. Қазылар алқасының құрамы Облыстық білім басқармасында бекітіледі.
7. Облыстық ұйымдастыру комитеті
7.1. Облыстық байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылып, байқау кезеңдерін өткізу қызметін үйлестіреді. Облыстық байқау ұйымының комитеті облыстық байқауды өткізудің үлгісін, орнын және мерзімін, тәртібін анықтайды.
7.2. Қазылар алқасы ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша қатысушылардың тізімін бекітеді.
8. Облыстық ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі
- әр қосымша білім беру ұйымының байқауға қатысуға сұранысы және ұйымның нақты мекен-жайы;
- мектептен тыс ұйымының қызметі туралы қысқаша сипаттама;
- авторлық бағдарламаның үлгісі (бағдарлама келесі құрылымдық элементтерді қамтуы қажет: мұқаба, алғы сөз, оқу-тақырыптық жоспар, оқытылатын курстың мазмұны, білім беру бағдарламасын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету,бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже).
9. Байқау жеңімпаздарын марапаттау мен қаржыландыру
9.1. Қазылар алқасы барлық байқау сынақтарының нәтижесі бойынша І,ІІ,ІІІ
орындарды иеленген жеңімпаздарды анықтайды.
9.2. І орынды облыс әкімі, ІІ,ІІІ орындарға білім басқармасы тарапынан қаржыландыру жүзеге асырылады.
9.3. Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының дипломдары, бағалы сыйлықтары беріледі,байқауға қатысқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі жинақталады және облыстық мамандар кәсібін дамыту институты тарапынан насихатталады. Демеушілер, қоғамдық ұйымдар байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тағайындауына болады. Облыстық байқауға қатысушы шығынын байқауға жіберген мекеме көтереді.