ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
Талдықорған қаласында "Таза қала" акциясы басталып, акция аясында сенбіліктер өтуде.     

Cтратегиялық жоспар

Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының
2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Миссия және көзқарас

Миссия - облыстың коммуналдық қызмет саласын жетілдіру мен дамыту.
Көзқарас - облыстағы энергетикалық ресурстарды пайдалану жүйесін жетілдіру;
Энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тұтыну ресурстарын ішкі және сыртқы нарықта қамтамасыз ету;
Коммуналдық қызмет нарығына қатысушы мемлекеттің сенімді де ықпалдылық ұстанымын күшейту;
Облыстың барлық тұтынушыларын ауыз сумен, жылумен, электр жүйелерімен жабдықтау және газ өнімдерімен қамтамасыз ету;
Коммуналдық қызметтің барлық салаларына энергия сақтаушы технологияны ендіру.

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Электр энергетикасы

Облыста өндірілетін қуаттың аздығына байланысты электр энергиясына тапшылық өз өндірушілері арқылы 50% ғана жабады. Өндірілген электр энергиясы 316 МВт құрайды, ал тапшылық 309 МВт көлемінде сырттағы энергия көздерінен сатып алынады (солтүстік облыстардан, Жамбыл ГРЭС-інен және Қырғыстаннан).


Өндірілетін қуаттың 95%(1111,6 МВт) облыстың Алматы аймағында орналасқан, оның ішінде Қарасай ауданында (48,1%), Іле ауданында (15,4%) және Қапшағай қ. (31,2%).
Облыстың Талдықорған аумағында 4,7 % (52 МВт) энергия өндіретін қуаты орналасқан, ол аймақтың электр энергиясына тұтынуының 20% ғана жабады. Ең ірі өндіруші - Текелі қ. (2,91% облыстағы қуаттың).


Электр желілердің жалпы ұзындығы 28,7 мың км, оның ішінде 22,9 км (80 %) - 0,4 кВ, 308 дана - 10/04 кВ трансформаторлық подстанция, сонымен бірге «АЖК» АҚ - 22,2 мың км, 215 дана 10/0,4 кВ трансформаторлық подстанция, «ТАТЭК» АҚ - 5,3 мың км, коммуналдық меншікте - 1,2 мың км, 93 дана 10/0,4 кВ трансформаторлық подстанция.


2009 жылдан бастап иесіз қалған желілерді коммуналдық меншікке өткізу арқылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, қалпына келген желілерді сенімгерлік басқармасына «ТАТЭК» АҚ (Талдықорған аймағы), Республикалық меншікке «Самрұқ - Қазына» ҰӘҚ АҚ жарғылық капиталын толтыруға (Алматы аймағы) өткізілуде.


Электр желілердің техникалық жағдайы қанағаттандырылатындай емес, жылу электр станцияларында құрылғылар 65 % дейін ескірген, электр желілердегі шығын - 16,1 %, жылу жүйесінде - 28 % құрайды.


Электр энергиясының басты көлемін негізгі өндірістік қуаттар орналасқан Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалалары тұтынады
Алматы облысындағы Қарасай, Жамбыл, Іле аудандары үдемелі дамудың және тұтынушылардың жүктемесінің көбеюіне байланысты қосымша қуат көзін қосу қажет.


2009 жылдың қысындағы өлшемдер бойынша жоғарыда айтылған аймақтағы жалпы қуат 84,4 мВА, 2009 жылғы және 2010 жылғы 5 айдағы берілген техникалық шарттар бойынша жүктеме 163 мВА құрады.


Қарасай және Жамбыл, Іле аудандарының тұтынушыларына қосымша қуат қосу үшін және сапалы электр энергиясымен қаматамасыз ету үшін, сонымен бірге электр желілеріндегі шығынды азайту мақсатында 220/110/10 кВ «Қаскелең» подстанциясын салу қажет. Жалпы жобаның сметалық құны 8,85 млрд. теңгені құрайды.

2009 жылы облыстағы электр энергиясын тұтыну көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 20 % өсті және 2161,39 млн. кВтч құрады.

Жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау

Жалпы 312,6 км жылу желілері бар, оның ішінде 263,7 км (84 %) коммуналдық меншікте және 48,9 км (16%) жеке меншікте. Оның 30 % 25 жылдан астам қолданған және нормативтік қызмет мерзімінен жоғары. Тозығы 75 % жоғары және 131,6 км түбірлі жөндеуді қажет етеді.


Орталықтандырылған жылумен жабдықтау үш қаланы және біртіндеп үш кентті қамтуда (Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Өтеген батыр, Боралдай, Көлді кенттері).


Қуаты 100 Гкал/сағ құрайтын 11 қазандық бар. Талдықорған қаласындағы қазандықтардың бекітілген қуаты 353,8 Гкал/сағ құрайды, сонымен қатар жылда жылу жүктемесі 8-10 % өсуде. Облыс орталығының қазандығы қыс кезінде тәулігіне 900 тонна көмір және жаз кезінде 200 тонна көмір жағады, электр энергиясын өндірмей, тек жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшің. Қазандықтағы жүктеме максималды шегіне жеткеніне байланысты, қазандықты үлкейту қажет.


Талдықорған қаласындағы №3 қазандықты және №18 Шығыс шағын ауданында орналасқан қазандықты қайта жаңғырту, жылу энергиясына өсіп жатқан тұтынуды 3-4 жылда жабады.
Алдағы уақытта Талдықорған қаласында ЖЭО салу және «Басқуат» қазандығын үлкейту қажет.


Облыс аумағында мұнай, газ шығаратын және өндіретін кәсіпорын жоқ. Халық негізінен сұйытылған баллон газымен қамтамасыз етіледі және Талдықорған қаласында бірең-сараң көп қабатты үйлерде топтық резеруарлы құрылғыны қолданады.
Табиғи газға облыстың 6,2 % елді мекені (Жамбыл ауданынан - 5, Іле аудынан-6, Талғар ауданынан -3 және Қарасай ауданынан-34) қосылған. Облысқа табиғи газ «Бұхара газ сорғышы - Ташкент - Бішкек - Алматы» магистралды газ құбырынан, яғни Өзбекстаннан тасмалданады.


Облыс аумағында 6 бұру-белдеуімен газды жеткізу көлемі 5,5 млрд. м3/жыл құрайтын «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбыры тұрғызылды. Бүгінгі күні 87 елді мекенді газдандыруға 4 бұрғыш Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Панфилов аудандарында техника-экономикалық негіздемесі даярланған.
2,9 млрд. теңге құрайтын «Алматы-Байсерке-Талгар»магистралдық газ құбырының құрылысы жобасының құрылыс жұмыстары басталды.
Талдықорған аумағын газдандыру техника-экономикалық жобасы жасалынды, жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 46,0 млн. теңге бөлінген.


Бекітілген есептеулер бойынша жылдық тұтынатын газ көлемі 500 млн. м куб құрайды. Ұзындығы 260 км диаметрі 500 мм газ құбырларына 25 млрд. теңге қаражат салу қажет.
Облысты газдандыру экономиканың дамуына оң әсерін тигізіп, экологиялық жағдайды жақсартады және халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарлатады.


Снизятся затраты населения на приобретение топлива, перевод объектов социальной сферы на снабжение природным газом приведет к снижению расходов бюджета.
Тұрғындардың отын алуға шығындары азаяды, әлеуметтік саладағы нысандарды табиғи газға ауыстыру бюджеттік қаражатты үнемдеуге алып келеді.

Сумен жабдықтау және арналық кәріздер

Алматы облысында Республикалық және облыстық 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының іс шаралар жоспарына сәйкес ауыз cумен жабдықтаушы нысандарды қалпына келтіру, құрылыс жүргізу, қайта жаңарту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.


Барлық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану 30 жылдан асып кеткен, оның тозуы 65% немесе одан да жоғары пайызды құрайды. Су бөгеттері ғимараты мен су құбыры жүйелерін толығымен қайта жаңарту, құбыр жүргізу мен қондырғыларды айырбастау қажет.


Ауыз сумен жабдықтау нысандарының техникалық жағдайын анықтау үшін облыстағы елді мекендердегі жұмыс істейтін және иесіз қалған сумен жабдықтау жүйелеріне толықтай түгендеу жүргізілді. Осы факторлардың есебінен инвестициялық жобалардың тізімі қалыптастырылып, жыл сайынғы бөлінетін бюджеттік қаражаттың есебінен түзетілетін болады.


2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы аясында 2009 жылы 38 нысанда жалпы құны 2,5 млрд. теңгеге, соның ішінде республикалық бюджеттен - 790,1 млн. теңгеге - 9 нысан, облыстық бюджеттен -1,7 млрд. теңгеге 29-нысан.
Орындалған жұмыстар нәтижесінде 38 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету жақсартылды. Бұл жұмыстар 218,3 мың. адам үшін ауыз су сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Барлығы 233,0 шақырым су құбыры жүйесінің құрылысы және қайта жаңғыру жұмыстары жүргізілді.
2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы аясында 2010 жылы 51 нысанда жалпы құны 3,8 млрд. теңгеге, соның ішінде республикалық бюджеттен - 1,1 млрд. теңгеге - 14 нысан, облыстық бюджеттен -1,7 млрд. теңгеге 37-нысан.


Орындалған жұмыстар нәтижесінде 51 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету жақсартылды. Бұл жұмыстар 218,3 мың. адам үшін ауыз су сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Барлығы 273,6 шақырым су құбыры жүйесінің құрылысы және қайта жаңғыру жұмыстары жүргізілді.
2009 жылға арналған «Жол картасы» аясында облыстың 14 нысанында жалпы құны 848,1 млн. теңгеге сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілді, 67,1 км су құбыры жүйелері тұрғызылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Кәріз жүйелері бойынша облыстың 7 нысанында жалпы құны 1142,7 млн. теңгеге жинақтауыш көлшіктердің, қарқынды-ағынды коллеторлардың, кәріз сорғы станцяларының және кәріз жүйелерінің қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілді. 23,9 км кәріз жүйелері тұрғызылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2010 жылға арналған «Жол картасы» аясында облыстың 9 нысанында жалпы құны 799,380 млн. теңгеге сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілді. 70,7 км су құбыры жүйелері тұрғызылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Кәріз жүйелері бойынша облыстың 15 нысанында жалпы құны 1944,652 млн. теңгеге жинақтауыш көлшіктердің, қарқынды-ағынды коллеторлардың, кәріз сорғы станцяларының және кәріз жүйелерінің қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілді. 4 сорғы станциясы және 80,9 км кәріз жүйелері тұрғызылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Келешекте халықты сапалы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 255 елді мекенді қайта жаңарту мен құрылыс жұмыстарын жүргізуді талап етеді.


2011-2015 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың тізбесіне 23,3 млрд. теңге көлеміндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын қажет ететін 201 елді мекен кіріп отыр.
Сумен жабдықтау жүйесін дамыту барысында адамдардың өмір сүруімен өнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмыстарының бейнесінде сарқынды сумен суды әкету мәселелері туындайды.


Алматы облысында дамыған арналы кәріздердің болмауына байланысты халықтың өмірін нашарлататын ауыз сумен жабдықтау көздерінің, жер асты суларының ластануына әкеп соғатын күрделі экологиялық келелі мәселелер орын алуда.


Қолдағы бар тазалау құрылғыларының экологиялық жағдайын жақсарту, апатсыз және тұрақты жұмыс жасау мақсатында, оларды бұрынғы қалпына келтіру қажет, бұл су тұтынушылардың көлемін арттырып, суды әкету жүйесін тиімді арттыру мен құрылғылардың көлемін самғау шегінде пайдалану оң әсерін береді.


Көптеген аудандарда арналық кәріздер мәселесі мүлде шешілмеген және де пайдаланылған сулар бедерге жайылуда.

 

Толығырақ (файл doc)

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/f14da1c2dc0ef1b5946289ad4d337828.JPG
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Алматы облысында 2012 жылға жоспарланған нысандардың алғашқысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласында іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Афиша
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y