Ауыз су2002-2010 жылдарға «Ауыз су» бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (2002 жылдың 03 қаңтары №93) «2002-2010 жылдарға ауыз су» салалық бағдарламасы бекітілді. Негізгі мақсаты - тұрғындарды жеткілікті мөлшерде және сапасына кепілдеме берілген ауыз сумен жабдықтау, сонымен қоса су ресурстар тапшылығын қысқарту бойынша шараларды қарастыру. Жалпы алғанда облыс бойынша 771 елді мекеннің 505 елді мекені (65%) орталықтандырылған, 88% тұрғындар тұрады, 257 (33%) орталықтандырылмаған және 9(1%) елді мекен тасмалданатын сумен қамтамасызданған. Су құбыр жүйелерінің жалпы ұзындығы 7042 км құрайды. Бағдарламаны басынан жүзеге асыруда, ауыз сумен жабдықтау нысандарын қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары бойынша қаржыландырудың барлық көздерінен 274 нысанға жалпы құны 10,1 млрд. теңге (соның ішінде республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге - 50 нысанға, жергілікті бюджет есебінен 6,6 млрд. теңге- 224 нысанға). Бұл қаражаттарға келесі жұмыстар атқарылды: 933 шақырым су құбыр жүйелері, 1817 су бөлгіш колонка және 1472 өрт сөндіру гидранттары; күрделі жөндеуден 113 ұңғыма, 48 су қоймасы, 59 сорғы станциясы, 69 су қысымды мұнара және 48 жаңа ұңғыма бұрғыланды; зарарсыздандыратын 109 хлорсатуратор құрылғысы және 3 сығымдайтын (тазалайтын) қондырғы орнатылды; Бұл шаралар 762,1 мың адам үшін ауыз су сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгеге 54 нысанда жүргізілуде (соның ішінде: республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге - 14 нысанға, жергілікті бюджеттен 1,8 млрд. теңге- 40 нысанға), 169,6 мың адамды сумен жабдықтау жақсарады. 2010 жылдың 16 шілдесіне 1524,0 млн. теңге игерілді немесе жоспарлы кезеңге 99%(соның ішінде РБ - 433,6 млн.теңге, ЖБ - 829,4 млн.теңге). 2010 жылдың 01 сәуірінде іске енгізіліп және қабылданған «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттар» ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 енгізілген өзгерістеріне сәйкес ілгеріде жасалған, сонымен қоса жаңа жобалық смета құжаттарына түзетіулер жүргізілуде. Сумен жабдықтау жүйелерінің қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстры су - энергия үнемдеу іс шараларын ескеру бойынша орындалады, су құбыр жүйелерін тұтынушы үйлерінің жер телім шекараларына, есептегіш аспатарды орнатумен бірге жүргізіледі. Табиғи монополия субьектілеріне сумен жабдықтау қызметтеріне топтық тұтынушылар бойынша дифференциалданған тарифтерді енгізу жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні дифференциалданған тарифтер Талдықорған қаласына (тұрғындар үшін - 31 теңге/м3, кәсіпорындарға - 72 теңге/м3, шаруашылықы субъектілерге -51 теңге/м3 құрайды) бектілді. Қапшағай қаласының тарифтері бекіту сатысында. 2011 - 2015 жылдарға облыстың даму шеңберінде сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және құрылысын жалғастыру жоспарлануда. Осыған қарай жаңа бағдарламаның негізгі жоспарлы тапсырмалары: - ауылдық жердегі 196 елді мекенді және 5 қаланы сапалы ауыз сумен жабдықтау, - 120 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған сумен жабдықтауға ауыстыру және орталықтандырылған су көзін қолданатын тұрғындар санын 132 мың адамға қосымша көбейту; - аудандар мен қалаларда және пайдаланатын топтарды әрбір елді мекендерде материалдық техникалық жабдықталған арнайы пайдаланатын кәсіпорындарды құруға қаражат бөлуге (құрылғыларды сатып алуға және машина мен механизмдерді пайдалануға 2,0 млрд. теңге қаражат керек); - ауыз сумен жабдықтау нысандарының құрылысында, ауыз суды беру және дайындауда ары қарай заманға сай технологияларды, жабдықтарды және материалдарды енгізу. Бұл шаралардың бәрінің соңғы нәтижесі, облыс тұрғындарын жеткілікті мөлшерде және сапасы кепілденген ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасының жобасы |