Мемлекеттік қызмет көрсетулер
ҚР ТМРА-нің Алматы облысы бойынша көрсететін мемлекеттік қызметтерінің тізімі
1) табиғи монополиялар субъектiлерiн бақылау мен олардың қызметiн реттеудi жүзеге асырады; 2)реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асырады; 3) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастырады және жүргiзедi; 4)мемлекеттiк органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi; 5) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады; 6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарды қолдану практикасын қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi; 6-1) олар белгiлеген тәртiппен: табиғи монополия субъектiсiнiң нормативтiк техникалық ысыраптарын; табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шикiзаттары, материалдары, отындары, энергиялары шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын; табиғи монополия субъекті персоналының нормативтік санын; 6-2) өздері белгілеген тәртіппен: жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен; жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополия субъектілерінің штаттық кестелерін келіседі; 6-3) өздері белгілеген тәртіппен: жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен; жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің шекті деңгейін келіседі; 6-4) табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келіседі; 6-5) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды; 6-6) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады.
|