Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес 2011 жылдың қортындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 422,7 млрд.теңгені, былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде бұл саладағы нақты көлем индексі 109,8%-ды, өсу қарқыны 119,0% құрады.
Жалпы өнеркәсіп өнімі көрсеткіштерінің қалыптасуына, өңдеу өнеркәсібінің ықпалы зор 82,1%-ды құрады. Есепті кезеңге өңдеу өндірісінің көлемі 347,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 111,5%, өсу қарқыны 120,4%-ды құрады.
Облыста кәсіпорындарда сапа менеджменті стандарттарының ИСО сериясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылдың 1 қаңтар жағдайына облыстың 255 кәсіпорны сертификаттар алды, оның 40%-ы (97 кәсіпорны) өнеркәсіп орындары.
Қазақстандық қамтуды дамыту мониторингімен, облыстың өнеркәсіп техникалық өнімін шығаратын кәсіпорындар қамтылған.
2011 жылда облыс кәсіпорындары тауар, жұмыс, қызметтерді жеткізуге 79,2 млрд.теңгеге келісім-шарттар жасаған (2010 жылдың сәйкес кезеңінде - 77,5 млрд.теңге), оның ішінде:
- 33,5 млрд.теңгеге - ұлттық компаниялармен;
- 19,4 млрд, т. - облыстық бюджеттің мемлекеттік сатып алуы;
- 26,3 млрд.т. - басқа да келісім шарттар.
2011 жылы облыстың қазақстандық қамту көлемі 84,9% - ды құрады. Республика бойынша есепті кезеңде қазақстандық қамтудың көлемі 71,4%.
2011 жылы облыста 57 жаңа объект іске қосылды және 12 жұмыс істеп тұрған объетілер кеңейтілді, 1389 жаңа жұмыс орын ашылды.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі өнеркәсіптердің тізімі
Тауар өндіруші кәсіпорындар тізімі