ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Жалпы ақпарат

Білім басқармасының 2011 жылғы
жұмыс қорытындысы және 2012 жылға міндеттері туралы

2011 жылы бекітілген облыс бюджеті бойынша білім мекемелерін қаржыландыруға 73,363 млн теңге қаржы бөлінді.
2010 жылдың бюджетімен салыстырғанда 2011 жылы білім саласының бюджеті 13 718 млн теңгеге өсті немесе 18,7 пайызға көбейді. 2011 жылы мемлекеттік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 1700,789 млн. теңге қаржы бөлінді.


Облыс бойынша жалпы білім беретін мекемелерде 23371 компьютер орнатылған, 1 компьютерге 12,6 оқушыдан келеді.
Облыстың 305 мектебіне лингафонды-мультимедиалық кабинеттері орнатылған. 306 мектеп кең жолақты Интернетке қосылды, ол 41,4 пайызды құрайды.


151 білім мекемесі интерактивтік жабдықтаумен қамтамасыз етілген. 303 мектепке 1054 интерактивті тақта орнатылған. Қашықтықтан спутник арқылы оқыту 300 мектепке орнатылған, яғни 40,2 % қамтылған.


Жаңа заман талабына сай физика кабинеті 181 орта мектепке, биология кабинеті 201 мектепке орнатылды.
2011 жылы жоспарға байланысты жергілікті бюджет есебінен 15 жалпы білім беретін мектептердің құрылысы басталып, оның 5-і іске қосылды.


Барлық салынатын мектептердің қуаты 2055 оқушы орнын құрайды. Жобалық құны - 3 109,8 млн.теңге.


103 білім нысандарына кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған барлығы - 6752,654 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде 49 білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарына - 3988,3 млн.теңге; 7 білім нысандарының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарына- 104,0 млн.теңге; 20 білім нысандарының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарына - 263,9 млн.теңге; «Балапан» бағдарламасы аясында 27 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына - 2396,454 млн.теңге қарастырылған.


2011 жылы 189 балабақша мен 435 мектеп жанындағы шағын орталықта мектепке дейінгі тәрбиемен барлығы 40 мыңнан астам бала қамтылған. Бұл 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 51,1 пайызын құрайды.


«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы 2310 орындық мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарланған.
Облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқу әдебиеттермен уақытында қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республика Үкіметінің 19.02.2003 жылғы № 173 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы облыстық білім басқармасы тарапынан нақты жұмыстар жүргізілді.


2010-2011 оқу жылына оқулықтарды алуға тапсырыс беру жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 және 1 маусымдағы №268 «2010-2011 оқу жылында білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдары» туралы бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.


Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу мен жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 513,213 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 170 млн. 590 мың теңге бөлінді.
Осы мақсатқа 2011-2012 оқу жылына жергілікті бюджеттен 541,160 млн. теңге, ал «Өзін-өзі тану»- «Самопознание» пәні оқулықтарына республикалық бюджеттен - 170 млн. 590 мың теңге бөлінді.


2011 жылы оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдармен қамту пайызы - 99,2-ні құрады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысқандар саны - 15316. Қатысу пайызы - 85,3 % құрады (2010 жылы 82%).
2011 жылғы 10 маусымдағы ҰБТ-дің орташа баллы - 82,1 құрады (2010 жылы орташа балл - 81,1%).


Сонымен қатар ҰБТ-ге ұйғыр тілінде оқитын 143 мектеп бітіретін түлектер қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде тест тапсырғандары - 117, орыс тілінде - 26.
Ең жоғары 125 балл жинаған 2 оқушы: Абилов Нұрдәулет (Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектеп оқушысы) және Еженова Анель (Талдықорған қаласы М.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушысы).


«Алтын белгі» белгісіне үміткер - 526 үміткердің 332-сі (63,1%) білімдерін растады (2010 жылы- 267 түлек «Алтын белгі» белгісін иеленді, ол 74 пайызды құрады).
Үздік аттестатқа үміткер - 181 түлек (90%) білімдерін растады.
Оқу жылы басынан олимпиадашыларымыз халықаралық жарыста 154 медаль иеленді (2010 ж. - 142).


Жаз кезінде балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыс және сауықтырудың барлық түрімен 1-10 сынып арасындағы 273023 оқушының 222313 оқушысы қамтылды. Бұл облыс бойынша жазғы демалыспен қамтылған оқушылардың 81,5 пайызын құрайды.


Облыс бойынша жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражат 113,5 млн.теңге.


Облыста балалар мен жасөспірімдер үшін жазғы демалыс лагерлерін ашуға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 2011-2013 жылдарға арналған инвестициялық жобаға сәйкес 6 қала сыртындағы демалыс лагерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған.

Олар:
1. Көксу ауданы Мұқаншы ауылындағы мектеп ғимаратын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұған 150 млн. теңге қаржы жұмсалды.


2. Сарқан ауданы Аманбөктер ауылындағы мектеп ғимаратын қайта қалпына келтіру 2011-2012 жылдарға жоспарланған. 2011 жылға қарастырылған 148 млн. 972 мың теңге игерілді. Қазіргі уақытта лагерьдің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.


3. Қапшағай қаласындағы демалыс лагерін қайта қалпына келтіру 2012 жылға жоспарланған, қарастырылған қаражат - 180,0 млн. теңге.


4. Алакөл ауданы Ақши ауылындағы «Жалын» демалыс лагерін қайта қалпына келтіру жұмысы 2012 жылға жоспарланған.


5. Іле ауданы Ақши ауылындағы демалыс лагерінің құрылысы 2012 жылға жоспарланған.


6. Панфилов ауданы Лесновка ауылындағы демалыс лагеріне 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


Облысымызда мамандандырылған еңбек жұмысшыларын даярлау 30 кәсіптік лицейлерде ауылшаруашылық, қызмет көрсету орталығы, құрылыс, машина технологиясы және жабдықтау бағытында жүргізіледі.


43 колледжде аграрлық, политехникалық, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, медициналық, әлеуметтік және қызмет көрсету орталығы бағытында мамандықтар даярланады.
2010-2011 оқу жылында кәсіптік лицейлерде 33 мамандық бойынша 9349 оқушы, колледждерде 62 мамандық бойынша 28956 оқушы оқыды.


Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына 2011-2012 оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысы былтырғы жылдан 175 адамға көбейтілді. Облыстық бюджеттен кәсіптік лицейлерге 2900 оқушы, колледждерге 1775 оқушы қабылданады.


«Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалар шеңберінде 910 адам қайта оқып, 259 адам мамандықтары бойынша өз білімдерін жетілдірді. Бағдарлама негізінде 2011 жылдың 1 қыркүйегінде 1268 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданды.


2011 жылы кәсіптік лицейлер мен колледждерді 12655 оқушы бітірді, оның 4703-і мемлекеттік тапсырыс негізінде, 164-і жабық мекемеде оқығандар. Кәсіптік лицейлер мен колледждердің күндізгі бөлімін бітірген 9974 түлектің бітірген мамандықтары бойынша 6569-ы (65,8%) жұмысқа ораналасты, 1885 түлек (18,8%) жоғары оқу орындарына және колледждерде оқуларын жалғастыруда, 382 түлек (3,8%) әскери борышын атқаруда, 63 түлек (0,6%) басқа облыстарға көшкен. 1075 түлек (10,7%) жұмысқа орналастырылған жоқ, бірақ көбісі шағын бизнеспен және өз істерімен айналысуда.


Кәсіптік лицейлер мен колледждерде 3158 оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері жұмыс істейді. 2011 жылы 1040 адам білімдерін жетілдірді, оның 7-і шет мемлекеттерде.


Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы №2, Талдықорған қаласындағы №3, Талғар қаласындағы №4, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылындағы №16 кәсіптік лицейлерге шет мемлекеттен 4 оқытушы оқушылар мен оқытушыларға ағылшын тілінде арнайы пәндерден сабақ береді.


Республикалық бюджет есебінен 4 кәсіптік лицей салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалды (Ескелді, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Іле аудандарында 9,5 млрд.теңгеге). Кәсіптік лицейді салу 2015 жылға жоспарланды.


2011 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін 7 оқу орындарында күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 685,0 млн.теңге қарастырылған.
2011 жылы кәсіптік білім беретін оқу орындарына мамандарды сапалы даярлау үшін материалдық базаларын нығайтуға облыстық бюджеттен 255,0 млн.теңге бөлінді. Оған оқу орындары ауылшаруашылық техника мен станоктар алды.


Экономика салаларының тұтынушылығының өсуіне байланысты келесі жаңа мамандықтар ашылды: «Электр жүйелерiн және электр жабдықтарын электрмонтаждаушы», «Үй-жай шаруашылығы инженерлiк жүйелерi маманы», «Қонақ үйлерде және туристiк кешендерде қызмет көрсетудi ұйымдастыру», «Машиналары мен жабдықтарын пайдалану», «Электрмен қамтамасыз ету».


Қазір жүйенің сапалы қызмет жағдайының бірі әлеуметтік серіктестік. Оқу мекемелері кәсіпорындармен өндірістік тәжірибеден өту, жұмыспен қамтамасыз ету туралы 300 артық келісімшарттар бекітті.


Облыс бойынша көп жылдан бері оқу мекемелерімен серіктестік болып жүрген ұйымдарды атап өтсек олардың бірі: «Метакон» және «Темірбетон» ЖШС, №1, 3, 19 кәсіптік лицейлердің токарь, электрмен, газбен дәнекерлеуші мамандарын машықтандырып, тәжірибе барысында оқушылардың айлық ақысын төлеу меселесін қарастырып, жұмыспен қамту сұрақтарын шешеді.


Әлеуметтік серіктестік бағдарламсы аясында «ЭЛКОС» ЖШС «Электрмен, газбен дәнекерлеуші», «Электромонтер» мамандықтары бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтуге Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы С.Жандосов атындағы №11 кәсіптік лицеймен келісімге отырды.


Алматы қаласындағы № 13 кәсіптік лицей жұмыс берушілермен байланысты кеңейтудің тың тәсілдерін тапты, жаңа мамандық ашу үшін Алматы қаласындағы үлкен мейрамхана және қонақ үйлермен келісімшартқа отырды. Осы оқу орны мен «Ақсай», «Алматынан» және «Алматы ашытқы зауыты», «Фуд мастер Айс Крим» және «Строймонтажинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің әлеуметтік серіктестігі кадрларды даярлаудың сапасын арттыруға ықпал етеді.


«Перспектива» мемлекеттк емес білім беретін оқу орны ұзақ жылдан «Рахат» акционерлік қоғамымен тығыз байланыс орнатып, аталған кәсіпорын үшін кондитер мамандарын дайындайды.
Жекеменшік «Альтернатива» кәсіптік лицейі Іле ауданының «РаимбекАгро», «Алматы электр жүйелері» мекемесімен орнатқан серіктестік кәсіптік білім беруде жақсы үлгі болып табылады.


Алматы экономикалық колледжі мамандар дайындау мәселесіндегі серіктестері «Ақсай», «Алматынан», «Меркурнан» ЖШС, «Кока-Кола» компаниясы, «Пивоваренный завод Эфес Караганды» ЖШС пен «Бахус» және «Сусындар» АҚ, «Пивоваренная компания Derbes», «Либелла боттлерс Алматы» және «Риск ЛТД» ЖШС-і т.б. ұйымдарымен оқушылардың тәжірибеден өтулерін келісімшарт жасап шешуде.


Облыста кластерлік жүйенің дамуына байланысты техникалық және қызмет ету мамандары мен жұмысшы кадрларды дайындау мақсатында Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Еңбекшіқазақ ауданындағы «Ақжол» ЖШС тығыз байланыста.


Өткен жылы «Рахат» АҚ, «Тургай-Петролеум» АҚ, «КазМеханомонтаж» ЖШС, «СаутсОйл» ЖШС, «Компания Гео-Инвест» ЖШС есебінен оқу орындарында 170 оқушы білім алды. Биыл 27 оқушы кәсіпорындар есебінен оқытылуда.
Мамандарды дайындау және жұмыспен қамту барысындағы, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру қажеттілігін анықтау үшін салалық басқармаларының, кәсіподақ және «Атамекен» кеңесінің қатысуымен өңірлік кеңес ұйымдастырылды.


2011 жылғы маусым айында «Кәсіптік білім беру және бизнес: серіктестіктер сұхбаты» форумын өтті. Форумға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, жұмысберушілер қауымдастығынан, жұмыс берушілер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының басшылары қатысты. Форумда облыстағы нарық еңбегінің жағдайы және кадрлардың болжамдық қажеттілігі және мамандыр даярлау барысында әлеуметтік серіктерстікті дамыту туралы мәселелер талқыланды.


Облыста ауылшаруашылық, техникалық және қызмет көрсету салаларына мамандардың сұранысы бар 3 ауданда (Ескелді, Іле және Кербұлақ және Еңбекшіқазақ ауданының Есік аймағында (ең үлкен және халық тығыз қоныстанған аудан) кәсіптік лицейлер жоқ.


2012-2013 жылдардың инвестициялық жобасына 2 кәсіптік лицейді: Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылында (600 орын) және Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында (360 орын), 2013-2014 жылдарына - 2 кәсіптік лицейді: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында (600 орын) және Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде (600 орын) салу енгізілген. Бірақ, 2012 жылдың инвестициялық жобаларын қайта қарастыру барысында 2015 жылға дейінгі құжаттарда кәсіптік лицейлердің салынуы қарастырылмаған.

 

 

 

 

 

 

 

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y