Оқыс оқиғалар кезіндегі жан сақтау тәсілдері (файл doc)
Скачать буклет (файл doc)
СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ ПАЙДА БОЛУ КЕЗДЕРІНДЕГІ БАСҚЫ ІС-ӘРЕКЕТ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Су тасқынына дейін: - Күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік мекемелердің рұқсаты бойынша салу, қатерлі жерде уақытша тұрақ құрмау, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құтқарушы құралдардың қорын жасау, гидрометеологиялық мәліметтерге, хабарландыруларға назар аудару, су тасқыны қатері білінгенде газ, су электр жүйелерін ажырату, бағалы заттарды қауіпсіз орынға көшіру, көлікпен немесе жаяу болсын көтеріңкі жерге орналасу, және басқарушы органдардың қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындау су тасқыны кезінде өміріңізге төнген қатермен дүние-мүлік шығынын едәуір төмендетеді.
2. Су тасқыны кезінде : - Басқару органдардың тиісті нұсқаулары болмайынша, қауіпсіз жерде қалыңыз, тасқын суды кешіп өтем демеңіз, себебі, терендігі 15 см. тасқын су адам үшін қатерлі екенін ұмытпаңыз. Ал 50 см. терендікті машина да еңсеріп өте алмайды. Егер Сізге көмек керек болса, апат белгілерін беріңіз.
3. Су тасқынынан кейін : Өз үйіңіздің фундаментінің тұтастығын , қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін, газ және электр жүйелерін мұқият тексеріңіз. Зақымданған электр және газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз. Үй орнықтылығына күдіктенсеңіз, үй ішінде қалмаңыз, азық-түліктің жарайтынын тексеріп, суды қайнату қажет. Су тасқыны дүниемүлікке зор шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдардан көмек сұраңыз.
ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА АДАМДАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
1. Үйіңіздің/пәтеріңіздің сызбасын сызыңыз және онда отбасыңыздың барлық мүшелерімен бірге мыналарды көрсетіңіз: - қауіпті орындарды, қауіпсіз орындарды, шығу жолдарын, газды, суды, электр энергиясын өшіру үшін крандардың орналасқан жерлерін, үйден тез арада көше қалған жағдайда әзірленіп қойылған дәрі-дәрмектердің, құжаттардың, сөмкелердің тұрған жерін.
2. Әрбір 3 ай сайын отбасыңыз дын мүшелерімен жер сілкінісі болған жағдайда аман қалу үшін үйіңіздің/пәтеріңіздің қауіпсіз орындарында жаттығулар өткізіңіз.
3. Жер сілкінісі болу жағдайына үйіңіздің барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз: төсекорындарды терезелерден алшақ қойып, қауіпті материалдарды қауіпсіз жерде сақтаңыз, өтпелі жолдарды жауып тастамаңыз, салмағы ауыр жиһаздарды қабырға ға және еденге бекітіп қойыңыз, жоғарғы сөрелерді ауыр заттармен толтырыңыз.
4. Үйден шуғыл көшу жағдайына қажетті заттарды сөмкеге жинастырып, оны әрдайым бір орында сақтаңыз. Сөмкеге мына заттарды салыңыз: маңызды құжаттардың (паспорт, туу туралы куәліктер, көлікке, үйге, жерге иелік ету құқығын растайтын құжаттар, сақтандыру полистері, СТН мен зейнетақы қорларының және т.б. тіркеу бланкілері) көшірмелері, отбасыңыздың мүшелеріне қажет болатын қолшам мен қосалқы батареялары бар радиоқабылдағыш, алғашқы жәрдем қобдишасы мен дәрі-дәрмектер, артық шұлықтар мен жылы киімдер, жамылғы немесе көрпе, қалам мен қағаз, алғашқы 1-3 күнге жетерлік ауызсу мен айнымайтын тағамдар, артық көзілдіріктер (қажет болса), егер кішкентай балалар болса, олардың ойыншықтары мен арнайы заттарын, сабын мен бірінші кезекте қажетті санитарлық-гигиеналық заттарды алуды ұмытпаңыз.
5. Егер жер сілкінісі Сіз үйіңізде жоқта болған жағдайда, барлық отбасы мүшелеріңізбен қай жерде кездесетіндеріңізді және үйде ұзақ уақыт болмайтын кезде әрқайсыңызға қандай арнайы медициналық дәрі-дәрмек қажет болатындығын талқылап, төмендегідей кестені толтырыңыз.
|
Аты-жөні
|
Күні бойы болатын жері
|
Кездесетін жері
|
Арнайы медициналық дәрі-дәрмектер
|
|
|
|
|
|
6. Көршілеріңізбен жер сілкінгенде бірлесіп жасайтын қимылдарыңызды келісіп алыңыз. Балаларыңызға жер сілкінісі кезінде ересектер қастарында болмағанда не істеу керектігін түсіндіріп қойыңыз.
7. Зілзала болған жағдайда Сіз туралы хабар беретін Сіз тұратын елдімекеннен тысқары жерлердегі адамдардың мекен-жайы мен телефонын жазып қойыңыз.
8. Жер сілкінісінен кейін мынандай іс-әрекет болатынын ұмытпаңыз: - құтқарушыларға жаралылар мен үйінділер астында қалғандарды іздеуге көмектесу, үйдің коммуналдық жүйелерін сөндіру, балалар мен өздігінен әрекет жасауға қабілеті жоқ адамдарға көмектесу, көршілердің жәй-күйінтексеру, отбасыңызды 3-5 күндік азық-түлікпен қамтамасыз ету, ыстық тамақ әзірлеу, ішек ауруларының алдын-алу үшін санитарлық жағдайды сақтау, үй жануарларына күтім жасау.