РМҚК «ЗТМО» облыстық филиалының 2010 жылдың 1 жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы
2010 жылдың 1 жарты жылдығының соңына қарай Алматы облысында зейнетақы және жәрдемақы алушылар саны 407,9 мыңға жетті, оларға 36,49 млрд. теңге көлемінде зейнетақы және жәрдемақы төлемдері төленді, бұл көрсеткіш 2009 жылы 29,8 млрд. теңгені құраған, өсуі 22,2% пайыз.
Соның ішінде:
жасына байланысты зейнетақы - 18,1 млрд.теңге;
базалық зейнетақы - 6,0млрд. теңге,
мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы (МБӘЖ) 6,7 млрд. теңге,
арнаулы мемлекеттік жәрдемақының 18 түрі бойынша - 2,7 млрд.теңге.
2010 жылдың 1 жарты жылдығында баланың туылуына байланысты жәрдемақы 21531 балаға, жалпы сомасы 912,7 млн. теңге көлемінде және 1,4 млрд. теңге баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы ретінде төленді.
Бұдан басқа, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры есебінен жұмыс істейтін әйелдерге 1,0 млрд. теңге көлемінде баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы төлемдері жүргізілді.
2010 жылдың 1 жарты жылдығында жүктілік және босану бойынша 5796 әйелге ӘСМҚ-нан (ГФСС) 817,9 млн. теңге төленді.
Жалпы облыс бойынша ӘСМҚ-нан 1,9 млрд млн. теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жүргізілген. Соның ішінде:
еңбекке жарамдылық қабілетінен айрылу жағдайына байланысты 48,8 млн. теңге;
асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты 23,7 млн. теңге;
жұмысынан айрылу жағдайына байланысты 5,6 млн. теңге;
жүктілік және босануға байланысты табысынан айрылу жағдайы бойынша 817,9 млн. теңге;
баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайы бойынша 1030,7 млн. теңге.
ҚР Үкіметінің 15.05.2009 жылғы №726 қаулысын орындау бойынша, құнсыздану деңгейін ескере отырып ендірілген міндетті зейнетақы мөлшерінде зейнетақы жинақтаушы қорларындағы сақталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы алушыларына мемлекеттік кепілдік төлемдері жүргізілді.
2010 жылдың 1 жарты жылдығында осы мемлекеттік кепілдік төлемдері ретінде 33,5 млн. теңге төленді.
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Дағдарыстан - дамуға» атты 06.03.2009 жылғы жолдауында келтірілген міндеттерге сәйкес 01.01.2010 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылып, қаңтар айынан бастап зейнетақы және жәрдемақы төлемдері жаңа көлемде төлене бастады.
Еліміздегі бала санын арттыру және демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр туылған төртінші және одан кейінгі балаға арналған біржолғы жәрдемақы мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін арттырылды немесе оның мөлшері 70650 теңгені құрайтын болды.
Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша төленетін жәрдемақы мөлшері де айтарлықтай артты. 2010 жылдың 1 қаңтарынан аталған жәрдемақы
бірінші балаға 7772 теңге мөлшерінде жүргізілмекші (5,5 АЕК).
екінші балаға 9185 теңге (5,5-тен 6 АЕК-ке дейін);
үшінші балаға 10598 теңге (6-дан 7,5 АЕК-ке дейін);
төртінші және одан көп балаға 12011 теңге (6,5-тен 8,5 АЕК-ке дейін).
2010 жылдан бастап ендіріліп отырған мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға ең төменгі жалақы мөлшерінде ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақы төлемі де мүгедек-балалар үшін айтарлықтай әлеуметтік көмек болып отыр. Оның мөлшері қазіргі кезде 14952 теңгені құрайды.
Сонымен қатар 2010 жылдан бастап «Алтын алқа» белгісімен он бала емес, жеті бала туып тәрбиелеген аналар, ал «Күміс алқа» белгісімен алты бала туып тәрбиелегн аналар марапатталады. Осы белгілерге ие болған және I, II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен немесе бұған дейін «Батыр Ана» даңқын алған көп балалы аналарға 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі 3,9 -дан 6 АЕК көлемінде жүргізілуде (5511-ден 8478 теңгеге дейін).
Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысының Батырларына, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі 15-тен 130 АЕК-ке дейін (21195 теңгеден 183690 теңгеге дейін) арттырылды.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын Социалистік Еңбек Ерлеріне аталған жәрдемақы төлемін 15-тен 70 АЕК-ке дейін (21195 теңгеден 98910 теңгеге) көбейді.
Сонымен қатар 2010 жылдың 1 қаңтарынан «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағына ие болған тұлғаларға 130 АЕК көлемінде (183690 теңге) жаңа арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдері тағайындалды.
Орталықтан күштік құрылым алушыларына сіңірген еңбегі үшін берілетін зейнетақы төлемдері 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 пайызға шектеусіз арттырылды.
Ең жоғарғы зейнетақы мөлшерін шектеу 28 айлық есептік көсреткіштің 75%-нен 32 айлық есептік көрстекіштің 75%-не дейін жеткізілді.
Төменгі зейнетақы мөлшері 2010 жылы 12344 теңгені (2009 жылы 9875 теңге), базалық зейнетақы мөлшері - 5981 теңгені (2009 жылдың 1 қаңтарынан 5388 теңге, 1 шілдесінен 5487 теңге) құрайды. Ал зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын ең жоғарғы орташа айлық табыстың 2010 жылдағы мөлшері 45216 теңгені құрайды (32 АЕК).
2010 жылы ең жоғарғы зейнетақы мөлшері 33912 теңгені құрайды (32 АЕК-тің 75%).
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері айлық есептік көрсеткішке сәйкес 9%-ке өсті. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері де төменгі күн көріс деңгейінің өсуіне қарай 9%-ке арттырылды.
Сонымен қатар зейнетақы және жәрдемақы алушыларға сапалы қызмет көрсету ісіне көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта ЗТМО бөлімшелерінің қызметі туралы алушылардың пікірін зерттеу мақсатында ЗТМО облыстық филиалы мен оның құрылымдық бөлімшелерінде жүйелі түрде әлеуметтік сауалдар жүргізіліп тұрады, барлық орындарда азаматтар үшін сенім телефондары мен жәшіктер қойылған.
Тұрғындарға қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу және «Бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетуге көшу жұмысы басталды және ол ары қарай жетілдіріле береді.
01.07.2010 жылға қарасты Алматы облысында зейнетақы және жәрдемақы алушылардың саны 407,9 мыңға жетті, оның ішінде:
зейнеткерлер - 163898;
барлық топ бойынша мүгедектер - 53500;
батырлар - 17;
ҰОС-ның ардагерлері -708;
ҰОС-ның мүгедектері - 376;
ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер - 3290;
тыл еңбеккерлері - 25936;
көп балалы аналар- 15871;
кәмелеттік жасқа толмаған 4 және одан көп балалары бар көп балалы отбасылар - 18443 адам.
2010 жылдың 6 ай аралығында РМҚК «ЗТМО» облыстық филиалы арқылы 36,4 млрд. теңге зейнетақы және жәрдемақы төлемдері төленді. Соның ішінде:
жасына байланысты зейнетақы - 18,1 млрд. теңге;
базалық зейнетақы - 6,0 млрд. теңге.
мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы (МБӘЖ) 6,7 млрд. теңге.
атап айтқанда:
мүгедектік бойынша - 4,6 млрд..теңге.
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 1,9 млрд. теңге
жасына байланысты - 0,2 млрд. теңге
арнаулы мемлекеттік жәрдемақының 18 түрі бойынша - 2,7 млрд.теңге
зейнетақы алушыларға мемлекеттік кепілдік - 33,5 млн. теңге.