Мемлекеттік қызметшілерді оқыту
2011 жылы облыстық бюджеттен мемлекеттік қызметшілерді оқытуға 49314,0 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік тілді оқытуға - 20354,0 мың теңге, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға - 28960,0 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттік және жергілікті басқару институтында (аймақтық мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы), ректоры - Тоқтыбеков А.А. 2011 жылы Алматы облысының 805 (437 әйел) мемлекеттікқызметшілері оқытылды. Оның ішінде: - мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған немесе басшылық әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған 257 (131 әйел) мемлекеттік қызметшілер төрт апталық қайта даярлау курстарын өтті;
- біліктілікті арттыру курстарының бір апталық бағдарламасы бойынша - 548 (306 әйел) өтті;
2012 жылы мемлекеттік қызметшілердің оқу бағдарламасын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 53753,0 мың теңге, оның ішінде біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына - 30674,0 мың теңге бөлінуде.
|