«Жеңiлдiктерi бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына,
Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюшыларға, интернационалист
жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет
көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеңiлдiктерi бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру» стандарты (бұдан әрi - Стандарт) жеңiлдiктерi бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру тәртiбiн айқындайды.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған
3. Мемлекеттiк қызмет «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңының 10-бабы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚБПҮ) қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi әскери басқару органдары туралы ереже 9-тармағының 29) тармақшасы; «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы және «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. P100745 қараңыз
4. Мемлекеттiк қызмет жергiлiктi әскери басқару органдары (бұдан әрi - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негiзде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiледi. ЖӘБО мен Орталықтардың тiзбесi осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетiлген.
5. Өтiнiш берушi алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны жеңiлдiктерi бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге анықтамалар беру болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде уақыт бойынша шектелу мерзiмдерi:
ЖӘБО-ға өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi 1 жұмыс күнi.
Анықтамалар беру үшiн ақпарат пен қажеттi мәлiметтер болмаған кезде мерзiм 1 айға дейiн ұзартылады. ЖӘБО кейiннен өтiнiш иесiне мерзiмдi ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшiн тиiстi органдарға сұрау салуды жолдайды.
Жақын шетел мемлекеттерiнiң мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтамалар беру мерзiмi 3 айға дейiн ұзартылады;
2) қажеттi құжаттарды өткiзген кезде кезектегi күту уақыты 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi ретiнде құжаттарды алу кезiнде күту - өтiнiш берушi жүгiнген сәттен бастап 10 минут.
Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi ЖӘБО-ға қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап 1 жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
Анықтама беру үшiн ақпарат пен қажеттi мәлiметтер болмаған кезде мерзiм 1 айға дейiн ұзартылады. ЖӘБО кейiннен өтiнiш иесiне мерзiмдi ұзарту туралы хабарлай отырып, сұрау салынатын ақпаратты растау үшiн тиiстi органдарға сұрау салуды жолдайды.
Жақын шетел мемлекеттерiнiң мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтамалар беру мерзiмi 3 айға дейiн ұзартылады;
2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты 30 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mod.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және ЖӘБО үй-жайларында және Орталықтарда орналасқан стендтерде орналастырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет мыналарға ұсынылады:
ЖӘБО өтiнiш бiлдiрген кезде:
аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейiн (сәрсенбi, сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа), түскi үзiлiс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiн.
Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
жексенбiнi қоспағанда, түскi үзiлiссiз, аптасына алты күн, сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейiн, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн кестесi бiр сағаттық түскi үзiлiспен 9.00-ден 19.00-ге дейiн белгiленедi.
Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша қызмет көрсету, соның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi өтiнiш берушiлер үшiн жағдай көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орнатылады, өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданған, дене мүмкiндiгi шектеулi азаматтар сенiмдi адамдар арқылы өтiнiш бiлдiре алады.
Мемлекеттiк қызмет сонымен бiрге өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша қызмет көрсету, соның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi өтiнiш бiлдiрушiлер үшiн жағдай көзделген Орталықтың ғимаратында да көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орнатылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
12. Анықтама алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
ЖӘБО-ға:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) әскери билет;
3) жеке куәлiктiң түпнұсқасы.
Анықтама беру Ұлы Отан соғысы жылдары, бұрынғы Кеңес Одағын қорғау жөнiндегi жауынгерлiк операциялар уақытында әрекет еткен армияға қатысқан, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тiкелей қатысқан адамға не тиiстi сенiмхатпен уәкiлеттiк берiлген адамға жүргiзiледi.
Орталыққа:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) әскери билет немесе әскери билеттiң орнына уақытша куәлiк (қабылданады, әр парағы тексерiледi, орындалғаннан кейiн қайтарылады);
3) жеке куәлiктiң көшiрмесi.
Орталыққа қосымша жоғарыда көрсетiлген құжаттармен салыстырып тексеру үшiн жеке басын куәландыратын куәлiктiң түпнұсқасы ұсынылады (салыстырып тексеруден кейiн қайтарылады).
Анықтама беру Ұлы Отан соғысы жылдары, бұрынғы Кеңес Одағын қорғау жөнiндегi жауынгерлiк операциялар уақытында әрекет еткен армияға қатысқан, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тiкелей қатысқан адамға немесе тиiстi сенiмхатпен өкiлеттiк берiлген адамға жүргiзiледi.
13. ЖӘБО-да анықтама алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда не ЖӘБО-ның қызметкерлерiнде болады.
Орталықта анықтама алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында болады.
14. ЖӘБО-да құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердiң» мақсаты мен орындалатын функциялары туралы ақпарат орналасады, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
Құжаттарды қабылдағаннан кейiн ЖӘБО қызметкерi алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкес келуiн тексередi, құжаттарды тiркеу үшiн қызметтiк iс жүргiзуге бередi. Құжаттарды кiрiс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркегеннен кейiн ЖӘБО қызметкерi деректердi есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша салыстырып тексередi, анықтаманы толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға бередi.
ЖӘБО бастығы бекiткеннен кейiн анықтама шығыс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және өтiнiш иесiне қолхатта көрсетiлген мерзiмде берiледi.
Орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде Орталықтың инспекторлары құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына толық сәйкес келуiн тексерудi, журналда тiркеудi және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасауды және ЖӘБО-ға жолдауды жүзеге асырады.
Қоса берiлген құжаттары бар өтiнiштердi тиiстi уәкiлеттi органға жеткiзудi және керi әкелудi Орталық кемiнде 2 рет осы өтiнiштердi қабылдаған күнi жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейiн ЖӘБО қызметкерi алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкес келуiн тексередi, құжаттарды тiркеу үшiн қызметтiк iс жүргiзуге бередi. Құжаттарды кiрiс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркегеннен кейiн ЖӘБО қызметкерi деректердi есепке алу және мұрағаттық деректер бойынша салыстырып тексередi, анықтаманы толтырады және ЖӘБО бастығына қол қоюға бередi.
ЖӘБО бастығы бекiткеннен кейiн анықтама шығыс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi, орындалған құжаттардың тiзiлiмi құрылады және өтiнiш берушiге беру үшiн Орталыққа жолданады.
Орындалған (дайын) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын келiп түсуi тиiс.
15. Құжаттарды қабылдау кезiнде ЖӘБО-да өтiнiш берушiге мыналарды көрсете отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:
1) өтiнiштiң қабылданған нөмiрi мен күнi;
2) сұрау салынатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттар берiлген күн (уақыт) мен орны;
5) анықтаманы ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ЖӘБО қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты.
Орталық арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде өтiнiш берушiге мыналарды көрсете отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi:
1) құжаттардың қабылданған нөмiрi мен күнi;
2) сұрау салынатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттардың берiлген күнi (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты.
16. Жеңiлдiктерi бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтаманы ЖӘБО қызметкерi «терезелер» арқылы, жеке барған кезде және жеке қолына бередi.
Орталықта өтiнiш берушiге дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы «терезелер» арқылы қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
17. Құжаттарда қателер (түзетулер, тазартулар) анықталған кезде ЖӘБО қызметкерi өтiнiш берушiге анықтама беруден бас тарту себебiн 1 жұмыс күнi iшiнде жеткiзедi.
Орталықтан келiп түсетiн құжаттарды ресiмдеуде қателер анықталған кезде не осы Стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн ұсынылған кезде ЖӘБО қызметкерi құжаттарды алғаннан кейiн 1 жұмыс күнi iшiнде қайтару себептерiн жазбаша түрде негiздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық өтiнiш берушiге оларды алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
Өтiнiш берушi құжаттарды мерзiмiнде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды ЖӘБО-ға бередi.
Анықтамалар беру үшiн ақпарат пен қажеттi мәлiметтер болмаған жағдайда ЖӘБО қызметкерi 1 жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнi мерзiмдi ұзарту туралы хабардар етедi. Анықтама беру үшiн ақпарат пен қажеттi болмаған жағдайда ЖӘБО қызметкерi мерзiмдердi ұзарту себептерiн жазбаша түрде негiздей отырып, оларды 1 жұмыс күнi iшiнде Орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық анықтама беру мерзiмiн ұзарту себебi туралы жазбаша негiздеменi бередi.
Өтiнiш берушi құжаттарды мерзiмiнде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды ЖӘБО-ға бередi.
3. Жұмыс қағидаттары
18. ЖӘБО және Орталық қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
адамның конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;
қызметтiк борышын орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
сыпайылық
пәрмендi және толық ақпарат беру;
ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелерi
19. Өтiнiш берушiлерге мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
20. Олар бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы және қол жетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мақсатын жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.
5. Шағымдану тәртiбi
21. Шағымдану ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде заңнамада белгiленген тәртiппен қабылданады.
Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталық ақпараттық-анықтама қызметiнiң телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.
ЖӘБО уәкiлеттi лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттерi атынан департамент бастығының заң жұмысы жөнiндегi көмекшiлерi (заң кеңесшiлерi) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
22. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы бойынша талап-арыз болған жағдайда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкiлеттi органға берiледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы бойынша шағымдарды, талап-арыздарды қарау жөнiндегi жоғары тұрған уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментi болып табылады.
Орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы бойынша шағым Орталық бастығының атына берiледi. Орталықтың мекенжайы мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген.
23. Келiп түскен шағым уәкiлеттi органның кiрiс хат-хабарларын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мерзiмдерде қаралады.
Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерi - 30 күнтiзбелiк күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеудi талап етпейтiндер - 15 күнтiзбелiк күн.
Берiлген шағымды қарау барысы мен жауапты ЖӘБО-да бiлуге болады.
Орталықта келiп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмдерде қаралады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге почта арқылы жазбаша түрде хабардар етiледi.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкiлеттi органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандартқа 10-тармақта көзделген уәкiлеттi органның және Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.
Уәкiлеттi органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi органның үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiледi.
Орталықтың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi органның үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiлген.
25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, еркiн экономикалық аймақ, № 2 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.
ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
Толығырақ (файл)