ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
Талдықорған қаласында "Таза қала" акциясы басталып, акция аясында сенбіліктер өтуде.     

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi
бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - Қазақстан Республикасында халықтың iшкi көшi-қонын есепке алу және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiнiң конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару рәсiмi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      Қызметтi Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халықты құжаттандыру және тiркеу» Тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесiн пайдаланып аумақтық (қалалық, аудандық) әдiлет органының қызметкерi көрсетедi.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысының 27-тармағының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi аумақтық (қалалық, аудандық) әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны азаматтарды тiркеу кiтабында азаматты тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығарылғаны туралы белгi қою болып табылады.
      6. Тiркеуден шығаруға басқа тұрғылықты жерге кеткен, сот үкiмi негiзiнде бас бостандығынан айыруға сотталған, сотпен тұрғын үйдi пайдалану құқығы жойылды деп танылған адамдар, қайтыс болғандар жатады.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      1) азаматтарды тiркеуден шығару екi жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде жасалады.
      2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тегiн жүргiзiледi.
      9 Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (www.minjust.kz) сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және 1-қосымшаға  сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сенбi, жексенбi, мереке, демалыс күндерiн қоспағанда, түскi асқа сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiн үзiлiспен, сағат 9.00-дан сағат 18.30-га дейiн ұсынылады.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналастырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Тiркеуден шығару үшiн тұтынушылар келесi құжаттарды ұсынады:
      1) тiркеу есебiнен шығару туралы арызы;
      2) азаматтарды тiркеу кiтабы;
      3) жеке куәлiгi (он алты жасқа дейiнгi балалар - туу туралы куәлiгi) (көшiрмесi);
      4) әскери мiндеттiлер, бұдан басқа жергiлiктi әскери басқарманың әскери есептен шығару туралы белгiсi бар әскери билетi (әскери мiндеттiлер-тiркеу куәлiгiн) (көшiрмесi).
      Тұтынушылар құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге құжаттардың түпнұсқаларын да ұсынады, түпнұсқалар көшiрмелерiмен салыстырылып тексерiлген соң иесiне қайтарылады.
      13. Бланкiлер күту залының арнайы тiреуiштерiнде орналастырылады.
      14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» атқаратын қызметтерi мен оның мiндеттерi туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      Уәкiлеттi органның қызметкерi құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексерген соң, азаматтарды тiркеу кiтабына тiркеуден шығарылғаны туралы мәлiмет енгiзедi және белгi қояды.
      15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген:
      1) сұратылып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      2) құжаттарды берген күнi мен орны;
      3) уәкiлеттi органның құжаттарды қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты бар құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16. Дайын құжаттарды берудi уәкiлеттi органның қызметкерi сенбi, жексенбiнi қоспағанда, «терезе» арқылы сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн қолхат негiзiнде көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда, оған мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органның және Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделген және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi орган қызметкерiнiң және Орталық инспекторларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнен 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе уәкiлеттi органның және Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Уәкiлеттi органдардың және Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның және Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және түскен уақытынан бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Шағымдарды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi органдар мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi орган мен Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес анықталады.
      Уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетiлген, сондай-ақ ресми ақпараттар көздерiнде және уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
      Уәкiлеттi органдар мен Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекен-жайлары осы стандарттың 1 және 1-1-қосымшаларында көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.

«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты
жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару»    
мемлекеттiк қызмет стандартына      
1-қосымша                 

Р/с

Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi

«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты
жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару»   
мемлекеттiк қызмет стандартына      
1-1-қосымша               

Р/с

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекен-жайы

Бөлiмнiң телефон нөмiрi

Басшысының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

Көкшетау қаласы, М. Горький, 37 үй

25-13-42

25-09-39
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан, 51 «а» үй

56-30-80

55-09-59
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының Әдiлет департаментi

Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесi, 69 «а» үй

24-00-64

21-08-15
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының Әдiлет департаментi

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 16 «а» үй

35-47-19

45-64-69
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6 үй

22-21-97

47-87-17
қабылдау бөлмесi

6

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

45-22-89

43-05-05
қабылдау бөлмесi

7

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Орал қаласы, Достық көшесi, 208 үй

51-52-73

51-80-43
қабылдау бөлмесi

8

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1 үй

41-20-40

42-05-33
қабылдау бөлмесi

9

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38 үй

54-55-78

54-82-23
қабылдау бөлмесi

10

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесi, 29 үй

26-21-25

26-24-03
қабылдау бөлмесi

11

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8 үй

43-31-68

42-05-70
қабылдау бөлмесi

12

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18 үй

32-73-31

32-32-58
қабылдау бөлмесi

13

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Петропавловск қаласы, Конституция көшесi, 72 үй

31-00-11

33-23-80
қабылдау бөлмесi

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16 үй

23-77-97

23-23-76
қабылдау бөлмесi

15

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

Алматы қаласы, Байзақов көшесi, 287 үй

392-15-74

392-25-75
қабылдау бөлмесi

16

Астана қаласының Әдiлет департаментi

Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15 үй

32-15-75

39-12-13
қабылдау бөлмесi

«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты
жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару»   
мемлекеттiк қызмет стандартына      
2-қосымша               

Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғалары % (үлесi)

 

 

 

1.2. Қызмет алуды кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

2.2. Құжаттарды дұрыс ресiмдеген жағдайлары (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) % (үлесi)

 

 

 

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi тапсырған оқиғалардың % (үлесi)

 

 

 

3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызмет көрсетулердiң, ақпараттардың % (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санымен негiзделген шағымдардың % (үлесi)

 

 

 

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)

 

 

 

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

4.4. Шағымдану мерзiмiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

 

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/f14da1c2dc0ef1b5946289ad4d337828.JPG
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Алматы облысында 2012 жылға жоспарланған нысандардың алғашқысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласында іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Афиша
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y