Официальный сайт акима Алматинской области

Жетысу

  • Природа Архитектура Памятники
  • Природа Архитектура Памятники
  • Природа Архитектура Памятники
  • Природа Архитектура Памятники
В данный момент на сайте ведутся работы по реструктуризации и обновлению. В течение нескольких дней информация по некоторым разделам может быть временно недоступна.     

Мемлекеттік рәміз

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк , елтаңба – Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.Гербi ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi – шаңырақ. Ол – гербтiң жүрегi. Шаңырақ – мемлекеттiң түп-негiзi – отбасының бейнесi. Шаңырақ – Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ – киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары – Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ТуыҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы – суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.


Қазақстан республикасы мемлекеттік әнұранының мәтіні

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алтын күн аспаны,
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Алматы облысының Таңбасын сипаттау

«Елтаңба» - «Герб» немістің Ербе – «мұра» деген сөзінен шыққан, мұрагерлік ерекшелеу белгісін – иесінің тарихи дәстүрлерін көрсетіп тұратын, символикалық мағына берілген заттар мен сұңғаттардың үйлесімін таңбалайды.Гербi Елтаңбаның тікелей негізін рулық отбасылық меншік белгілері – славяндарда тудар межелер, таңбалар, түріктер мен моңғолдарда таңба салды. «Таңба» термині бәрінен бұрын көне түрік қағанатында қолданыла бастады.
Алматы облысы Таңбасының композициялық негізі – «күнді» бейнелейтін сәуле шашып тұрған дөңгелек. Дөңгелектің ортасында спираль тәріздес етіп салынған қанатты барыс пен бүркіт басты көреген құс – самұрық бейнеленген. Бұл құс – Сақ заманында қазына-байлықтардың күзетшісі.
Екі бейненің сабақтастығы адамгершілік құтқарушы күшінің, жанкештіліктің, киелі құс – бүркіт туралы көне евразиялық аңыздың жаңғырығы – аспанның, атап айтқанда оттың күн күшінің және аспаннан немесе қасиетті таудан жерге сауықтыру қабілеті бар өмір ағашының жас бұтақтарын әкелген мәнгіліктің бейнесі болып табылады.
Қанатты барыс – бейбітшілік пен тәртіп сақшысының, тыныштық, айбындылық пен ерліктің символы. Барыс – Жетісу жерінің ерекшелігін бейнелейді.
Спираль – эманацияның ұлы жасаушы күшінің айғағы, айналып тұратын көк күмбезінің, күн қозғалысының, жыл мезгілдері ауысуының, Жер айналасының бейнесі болып табылады.
Таңба екі бояумен: Қазақстан Республикасы Елтаңбасы сипатымен алтын және ашық көк түсте берілген.
Ашық көк – аспан мен теңіздің көрінісі – заңғар мен тұңғиықтың, сондай-ақ ол – жетілгендіктің, тұрақтылықтың, әділеттіліктің, берілгендіктің және абырой, ар, намыстың белгісі.
Күн тәріздес алтын түс даңқты, құдіретті күшті, сенімді, салмақтылықты, тұтастықты паш етеді. Бұл - өмірдің көрінісі. Таңба евразия өнерінің дәстүрінде жасалған.
Сыртқы дөңгелекте «Алматы облысы» - деп жазылған, ал олардың арасында екі жетібұрышты жұлдыз салынған. Жеті саны және сыртқы дөңгелектегі ала сызық – ішкі дүниенің киелілігін қорғаудың нышаны.
Алматы облысы Таңбасында өткен дәуірдің, бүгінгі күннің тек алға ұмтыла дамуының таңдаулы символдары және осы аймықтың тұрғындарына арналған жарқын болашақ сипатталған.

Главная новость!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/004f68435b172a80f419555df64165d0.JPG
В Алматинской области 1 сентября введены в строй 8 новых школ.
Подробнее


Навигация

  • Почетные граждане алматинской области
  • Тендеры
  • ЦОН
  • Афиша
  • Телефоны сферы услуг и развлечений

Справка по области

Алматинская область расположена в юго-восточной части Республики Казахстан. Площадь территории составляет 223,9 тыс. кв. км.

Подробнее...
Created by Alex Unknown aka c0wb0y