«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің
2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары
І. Миссия және көрініс
Миссия
Облыс әкімдігімен жер учаскесін беру кезінде жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру, жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен сызбалардың сараптамасын жүргізу, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау Облыстың жер пайдаланушыларын сапалы және нақты анықталған жоспарлы-картографиялық материалмен қамтамасыз ету.
Көрініс
Құрылыстардың бас жоспарын дайындау үшін материалдар дайындау, жер нарығын дамыту, пайдаланылмайтын жерлерді шаруашылық айналымына енгізу, толыққанды мемлекеттік кадастр құру және оны автоматтандырылған технологияға ауыстыру.
ІІ. Ағымдағы жағдайды талдау
2010 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес облыстың жер қоры 22394,7 мың.га құрайды, соның ішінде 16410,4 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 1049,3 мың га егістік, оның 453,3 мың га суармалы егістік, 31,6 мың га көп жылдық екпелер, 127,1 мың га тыңайған жерлер оның 470,7 мың га шабындық, 14724,8 мың га жайылым мен бақшалар, 6,9 қызметтік жер телімін құрайды.
Бүгінгі күні облыстың аграрлы секторында 60227 шаруа қожалықтары мен 192 мемлекеттік кәсіпорындар, 291 өзге де мемлекеттік емес кәсіпорындар, 146 ауыл шаруашылығы кооперативтері мен 913 акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер қызмет атқарады.
Жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын рәсімдеу және қайта рәсімдеу жер реформасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Барлығы 490,0 мың меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жалпы бөлігінің 446,6 мыңы немесе 95% сәйкестендіру құжаттарын иемденді.
Негізінде жер реформасы аяқталды. Қазақстан Республикасының жер кодексін қабылдаумен және ауыл шаруашылық жерлерді жеке меншікке табыстаумен жер ресурстарынның сандық және сапалық жағдайы туралы анық мәліметтері беріле бастады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсіру, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстарды атқару арқылы жүргізіледі.
Нарықтық экономика шартында экономикалық процеске қатысушылардың болашақ нарықтық дамуына қызығушылық танытады.
Экономиканың көп саласында, геодезиялық және картографиялық өнімге деген сұраныс, аумақтың сипатына тәуелді болады.
Ауыл шаруашылық түсірістің қорытындысы, облыстың жоспарлы-картографиялық мәліметтердің жаңартуын талап ететінін көрсетеді.
Жер ресурстарының есептік мәліметін беру кезіндегі пайда болатын ауыртпашылықтарды, графикалық мәліметтерді жөнге келтіруде шешілуі мүмкін.
Облыс бойынша 759 елді-мекеннің тек 363 елді - мекенінде аэрофототүсіріс жұмыстары жүргізілген. Ал 2009 жылы аталған жұмыс түріне қаржы бөлінбеді.
Аталған мәселе оң жақты болғанымен, жыртылуға жарамды жерлерді ұтымсыз пайдалану фактісі орын алып отыр.
2009 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда тыңайған жерлердің көлемі ортақ жерлерде 12,3 мың га, ал суарылатын жерлерде 7,1 мың га азайды. Облыс бойынша тыңайған жерлердің жалпы көлемі 127,1 мың га, суарылатын жерлер 37,9 мың га құрайды. Мұндай азаю суарылатын жерлердің басқа ауыл шаруашылығы алқаптары түрлеріне ауыстыру қорытындысынан туындады.
Жерлерді түгендеу жұмыстары пайдаланылмайтын немесе мақсатына сай емес пайдаланудағы жерлерді анықтауға мүмкіндік туғызады.
Толығырақ (файл DOC)