Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының
2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында облысты азық-түлікпен, өнеркәсіпті - шикізатпен қамтамасыз етуге, аграрлық сектордың экспорттық әлеуеттілігі мүмкіншілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Пайым
2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде 2015 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі мен саладағы еңбек өнімділігі 2 есеге өседі, ауыл шаруашылығы және оның қайта өңдеуден өткен өнім көлемінің экспорттық әлеуеті 61% жетеді, сонымен қатар қайта өңделген еттің деңгейі 43%, сүт - 42%, жеміс-жидек пен көкөніс - 14% дейін ұлғайады.
Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті саласының (аясының) даму үрдісі
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Облыстың агроөнеркәсіптік кешені тұрақты дамып, негізгі бағыттар бойынша өсу үрдісі сақталынып келеді, бұл ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандырудың негізгі факторы болып табылады.
Ағымдағы жылы бағалау бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 238,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,6% өсетін болады, оның ішінде егін шаруашылығы өнімдері 127,6 млрд. теңге (101,8%), мал шаруашылығы өнімдері -111,1 млрд. теңге (103,5%).
Ауыл шаруашылығы өндірісімен 49,0 мың шаруашылық субъектілері айналысады: 48,6 мыңы - шаруа қожалықтары және 0,6 - заңды тұлғалар. Оның сыртында, 333,0 мың тұрғындар үй шаруашылықтарында мал мен құс ұстап, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіреді.
Саладағы 1 еңбеккерге шаққандағы өндірілген жалпы өнім көлемі 614,3 мың теңгені құрайтын болады немесе өткен жылғы көрсеткішке 104,2%.
Мемлекет тарапынан қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп, 10,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 9,8 млрд. теңге, оның 8,2 млрд. теңгесі өндіріске субсидия ретінде берілді, облыстық бюджеттен - 0,4 млрд.теңге.
Ағымдағы жылы тұтынудың орташа жан басына шаққандағы ең төменгі нормасы бойынша облыс халқының қажеттілігі өз өндірісіміз есебінен қамтылатын болады: картоп, көкөніс және жұмыртқамен - 3 есе, ет және ет өнімдерімен - 2 есе, сүт және сүт өнімдерімен - 1,5 есе, нан өнімдері, өсімдік майы, қант, алма және жүзіммен - 100 %.
Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын толық қамтамасыз етуге және оны негізгі азық-түлік өнімдерімен кепілді молықтыруға, сыртқы нарыққа экологиялық таза өніммен шығуға мүмкіндік береді.
(Егін шаруашылығы)
Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі 907,5 мың гектарды құрады немесе 2009 жылмен салыстырғанда 40,3 мың гектарға артты. Дәнді дақылдардың егіс көлемі - 14,8 мың, майлы дақылдар - 16,3 мың, картоп, көкөніс және бақша дақылдары - 1 мың гектарға ұлғайтылса, қант қызылшасы - 0,8 мың және темекі 2,4 мың гектарға азайды, бұған осы дақылдарды өсіруде көп еңбек сиымдылығы қажеттігі, жер телімінің ұсақ болуынан дақылдар себу айналымының сақталмауы, сонымен қатар қайта өңдеу зауыттарының шикізатты сатып алуда төмен баға ұсынуы себеп болып отыр.
Егіс көлемі құрылымында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі 26,8%, шаруа (фермер) қожалықтары - 68,1% және үй шаруашылықтары - 5,1% құрайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде интенсивті технология 100,6 мың гектарға (2009ж. - 83,7 тыс.га), ылғал үнемдеу (нөлдік) технологиясы - 68,8 мың гектарға (2009 ж. - 41,6 тыс.га), тамшылатып суару - 1196 гектарға (2009 ж. - 161,5 га) қолданылды.
Ағымдағы жылы 177 мың гектарға 25 мың тонна минералды тыңайтқыш берілді, жаңадан 1102 гектарға жеміс және 520 гектарға жүзім көшеттері отырғызылды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында 16 бірегей, 25 элиталық және 29 жоғары репродукциялы тұқым шаруашылықтары жұмыс жасап, олар 614,7 тонна бидай, 537,5 тонна арпа, 1306,6 тонна күріш, 15,9 тонна жүгері, 2150,5 тонна картоп, 2,7 тонна қант қызылшасы, 250,8 тонна майбұршақ, 9,5 тонна көпжылдық шөп тұқымдары мен 337,6 мың дана жеміс және жүзімнің көшеттерін өндірді.
Жылыжай шаруашылығының желісі кеңеюде, жалпы көлемі 32,0 гектарлық 346 жылыжай іске қосылып, ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына 5337,2 тонна көкөніс өндірілді. Қосымша көлемі 17,9 гектарлық 161 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың құрғақшылығына қарамастан ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа өнімділігі өткен жылдың деңгейінде сақталынды (дәнді дақылдар, қант қызылшасы және жеміс-жидектен басқалары).
Ағымдағы жылы алдын-ала алынған мәліметтер бойынша астық өндірісі 1117,4 мың тоннаны құрайды немесе өткен жылмен салыстырғанда 136,5 мың тоннаға кем. Майлы дақылдар өндірісі 29,0 мың тоннаға, күріш - 2,7 мың тоннаға, көкөніс - 30,8 мың тоннаға және картоп - 27,7 мың тоннаға ұлғайды.
Негізгі проблемалар талдамасы
Егін шаруашылығында шаруашылықтар мен жер телімдерінің ұсақтығы ғылыми-негізделген ауыспалы егісті сақтауға және озық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді; суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы суармалы егістікті тиімсіз пайдалануға әкеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін төмендетуде; жеміс-жидек пен жүзімнің көпжылдық екпелері ескірген және көлемі қысқаруда; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің айналым қаражаты жеткіліксіз.
Негігі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
табиғи және техногенді сипаттағы тәуелділік; қаржы тәуелділігі; баға тәуелділігі; жаңа агротехнологияларды енгізу; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ірілендіру; сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі; білікті мамандармен қамту; инвестиция тарту; ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу.
(Ауыл шаруашылығы техникасы)
Облыста ауыл шаруашылығы машиналары мен бөлшектерін жасаумен 2 кәсіпорын айналысады: «ҚазАШМЭҒЗИ» және «Арлан» ЖШС-тері, олар трактор, егу және топырақ өңдеу машиналарын, мал азығын даярлау, қайта өңдеу кәсіпорындарына жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді шығарады.
2010 жылдың басына облыстың шаруашылық құрылымдардарында 16022 дана трактор, 1446 астық жинайтын комбайндар, 2481 тұқым сепкіштер, 3916 соқа, 1327 қопсытқыш, 12670 жер тырмалары және басқалары бар.
Ауыл шаруашылығы техникаларын пайдаланудың нормативті мерзімі 7-10 жыл болғанына қарамастан, есепті кезеңге 15 жылдан артық қызмет жасаған тракторлар - 90,7%, астық жинайтын комбайндар -75,8%, автокөліктер - 98,0%, тұқым сепкіштер - 86,0%, соқалар -94,8%, қопсытқыштар - 84,5% және тырмалар - 98,4% құрайды.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына 1640,3 млн. теңгеге 460 дана техника алынған, оның лизингтік негізде 105,9 млн. теңгеге 23 дана, тауар өндірушілердің жеке қаражатына 1534,4 млн. теңгеге 437 данасы алынды.
Жыл соңына жаңадан алынған техникалар мен ескіргендерін есептен шығару есебінен тракторлардың тозу деңгейін 92,2%, астық жинайтын комбайндарды - 77,5%, егіс машиналарын -84,5%, топырақ өңдеушілерді - 96,2% және астық даярлау техникаларын - 94,6% төмендету күтілуде.
Негізгі проблемалар талдамасы
Ауыл шаруашылығы техникалары, қуат көздері мен қосалқы бөлшектердің бағасы қымбат; банктер беретін несиенің қысқа мерзімділігі, қымбаттығы және үстемақы мөлшерінің үнемі ұлғайып отыратындығы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басым бөлігіне негізгі құралдарын жаңартуға мүмкіндік бермейді.
Негігі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
қаржы тәукелділігі; баға тәуелділігі; инвестиция тарту көлемі; ғылым жетістіктерін пайдалану; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ірілендіру; білікті мамандармен қамту;
(Мал шаруашылығы)
Облыста мал мен құс басы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақты өсу үрдісі қалыптасқан. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара саны 2,9% өсіп, 920,8 мың басты құрады, сәйкесінше қой мен ешкі - 6,1% және 3432,3 мың, жылқы - 2,1% және 256,4 мың бас.
Осы мерзімде тірі салмақтағы еттің барлық түрін өндіру 10,2% артып, 254,2 мың тоннаны құрады, сәйкесінше сүт 0,1% және 640,6 мың тонна, жұмыртқа - 5,6% және 847,5 млн. дана, жүн - 1,4% артып, 7,8 мың тоннаға жетті.
Облыста 152 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс жасайды, оның мүйізді ірі қара бағытындағысы - 56, қойдан - 49, жылқыдан - 29, шошқадан - 3 , түйе мен құстан - 5-тен, ара мен балықтан - 1-ден, 1 асыл тұқымды және 2 дистрибъютерлік орталықтар.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықтың барлық санаттарындағы асыл тұқымды мал басы төмендегіні құрады: мүйізді ірі қара - 100,7 мың бас немесе барлық мал басына 12,5%, сәйкесінше қой - 2555,1 мың бас немесе 17,9%, жылқы - 21,9 мың бас немесе 9,4%, шошқа - 32,6 мың бас немесе 28,8%, түйе - 2,9 мың бас немесе 46,7% және құстар - 9,5 млн. бас (3,6%).
Мүйізді ірі қараның тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту мақсатында 344 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасайды, олар ағымдағы жылы 143,2 мың бас сиыр мен құнажындарды қолдан ұрықтандырып, қамтылу деңгейі 67,4% құрады немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9 мың басқа (3,3%) артық.
2010 жылдың 1 желтоқсанына 845 орта және ірі тауарлы мал шаруашылықтары жұмыс жасайды, оның 265-і мүйізді ірі қара бойынша, 375 - қой шаруашылығы, 29 шошқа шаруашылығы, 151 - жылқы шаруашылығы, 14- түйе шаруашылығы және 11 құс шаруашылығы. Оларда 54,6 мың тонна тірі салмақтағы ет өндірілді немесе барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының өндірісіне 52,6%, сәйкесінше 31,3 мың тонна сүт немесе 41,2%, 582,6 млн. дана жұмыртқа немесе 100%, 3,0 мың тонна жүн немесе 81,1%.
Облыстың азықтық базасының негізін табиғи жайылым мен шабындықтар, егістіктегі азықтық дақылдар өндірісі құрайды. Жайылымның көлемі - 14734,1 мың гектарды, шабындықтар - 471,0 мың гектарды, көпжылдық шөптер - 172,5 мың гектарды, бір жылдық шөптер - 9,8 мың гектарды, сүрлемдік жүгері - 7,1 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 1660,0 мың тонна шөп, 75,8 мың тонна пішендеме, 292,4 мың тонна азықтық астық және 170,4 мың тонна сабан дайындалды.
Қазіргі уақытта жайылымның оттылығын жақсарту жұмыстары 609 мың гектарға, суландыру - 1118 мың гектарға жүргізілуде.
Негізгі проблемалар талдамасы
Мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлы өндірістердің өз деңгейінде ұйымдастырылмауы ірі көлемді селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуге, малдарды теңгерімді азықтандыру және қолданыстағы жайылымдарды тиімді пайдалануға, өнім өндіру процессін механикаландыру, автоматтандыру деңгейін көтеруге тежеу болуда.
Негігі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
қаржы тәукелділігі; баға тәуелділігі; табиғи және техногенді сипаттағы тәуелділіктер, білікті мамандармен қамту; сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі, инвестиция тарту көлемі; ғылым жетістіктерін пайдалану; ірі және орта тауарлы өндірістерді дамыту; эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
(Ветеринария)
Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ветеринарлық алдын-алу шаралары уақтылы өткізіліп келеді.
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына сарып ауруына қарсы серологиялық әдіспен 986,5 мың бас мүйізді ірі қара және 4164,5 мың бас ұсақ мүйізді мал тексеріліп, оның 1,2 мың бас мүйізді ірі қара мен 7,5 мың бас ұсақ мүйізді малдардың ауруға оң белгі бергені анықталды, сәйкесінше ауруға шалдығу 0,12% және 0,19% құрады.
Сарып ауруына шалдыққан малдарды жоюға қатысты процедураларды жүргізу және оның иелеріне өтемақы төлеу мақсатында облыстық бюджеттен 40,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен сарып ауруына оң белгі берген ұсақ мүйізді малдарды алу, жою жұмыстары жүргізіліп, оның иелеріне өтемақы төленді.
Ауыл шаруашылығы малдарының туберкулезінен таза, ағымдағы жылы 1649,5 мың бас мүйізді ірі қара туберкулезге тексеріліп, оң белгі берген мал басы анықталмаған қолайлы облыс болып табылады.
Облыс аумағында орналасқан барлық құс фабрикалары жабық режим жағдайында жұмыс жасайды, нәтижесінде жоғары потагенді құс тұмауы тіркелмеген.
Мал сою пункттері мен алаңдарының желісі кеңеюде. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге қаражат бөлініп, жыл басынан бері жаңадан 103 мал сою объектісі іске қосылды, барлығы 151 нысан жұмыс жасауда, тағы да 9 алаңның құрылысы жүргізілуде.
Облыс бойынша 394 елді мекенде мал көмінділері жұмыс жасайды немесе 152,1% қамтамасыз етілген.
Негізгі проблемалар талдамасы
Шаруашылықтардың ұсақ тауарлылығы және меншік түрін өзгертуі көрсетілетін ветеринарлық қызметтердің сапасына кері әсерін тигізуде. Ауыл шаруашылығы малдарын зоогигиеналық, технологиялық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтамай ұстау облыс аумағындағы эпизоотиялық жағдайды қиындатуға әкелетін негізгі фактор болып табылады. Елді мекендер мал көмінділерімен толық қамтылмаған, қолданыстағы ветеринарлық-санитарлық объектілердің басым бөлігі талапқа сай келмейді. Аудандық диагностикалық зертханалардың технологиялық жабдықталуы өз деңгейінде емес.
Негігі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
қаржы тәукелділігі; баға тәуелділігі; табиғи және техногенді сипаттағы тәуелділіктер; эпизоотиялық және зоріндет тәуелділігі; сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі,білікті мамандармен қамту; ғылым жетістіктерін пайдалану; ветеринарлық қызмет құрылымын өзгерту және жетілдіру.
Толығырақ (файл doc)