ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Жалпы ақпарат

2011 жылдың қорытындысы

2011 жылы жұмыспен қамту іс шаралары «Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырылды. Осыған сәйкес, облыстық бюджет есебінен 9000 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға, 552 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына тарту, 2840 адамды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға, 510 адамды жастар тәжірибесіне жіберу жоспарланған. Аталған бағдарламаларды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 706,4 млн.теңге қарастырылды.


2011 жылы облыс бойынша 18749 жаңа жұмыс орындары (18540 жұмыс орны жоспарланған) ашылып, жоспар 101,1 пайызға орындалды. Оның ішінде 12288 жұмыс орны немесе 65,5 пайызы ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыс орындарының 3703-і ауылшаруашылық саласында құрылған. Өнеркәсіпте 1389 жұмыс орны, құрылыс және коммуналдық шаруашылықта - 2305, сауда-саттық саласында - 2103, білім және денсаулық сақтауда - 2417 және тағы басқа салаларда 6832 жұмыс орындары ашылды.


Жыл бойы жұмыспен қамту органдарына 22003 адам өтінішпен жүгінді. Олардың ішінен 20359 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 92,5 пайызды құрады.
Жыл сайын облыста жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың негізгі белсенді нысандарының бірі болып табылатын - қоғамдық жұмыстарды дамыту шаралары іске асырылады. Қоғамдық жұмыстарға арнайы білімі жоқ тұлғалар уақытша жұмыспен қамтылады, олар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалы бағытта болады. Жұмысқа қатысушылардың көмегімен елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық жүргізу және т.б. жұмыстар атқарылды.


Жыл басынан ақылы қоғамдық жұмыстардың 47 түрі бойынша 9331 адам жіберілді (жылдық тапсырма 103,7 пайызға орындалды). Облыста қоғамдық жұмыстардың әлеуметтік бағдарланған түрлерін дамыту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік жүзеге асырылуда. 2011 жылы 46 үкіметтік емес ұйымдармен жасалған келісім шарт негізінде 492 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстардың арнайы түрлеріне жіберілді.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз азаматтар, әсіресе жастар, мәдени, спорттық, экологиялық шараларға қатысып, салауатты өмірді қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Халықтың мақсатты тобының жұмыспен қамтылуына әлеуметтік жұмыс орындары ықпал етеді. 2011 жылы облыс бойынша 552 әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспарланған. Жыл басынан 660 әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, жоспар 119,6 пайызға орындалды.
Ағымдағы жылы «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесі бағдарламасы іске асырылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 95,9 млн.теңге бөлініп, бағдарламамен 615 түлекті қамту жоспарланған. 2011 жылы 907 түлек жастар практикасына қатысты.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 510 түлекті жастар практикасына жіберу жоспарланған болса, 2011 жылдың 12 айында 718 адам жіберілді (жылдық тапсырма 140,8 пайызға орындалды).


Жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ықпал етеді. 2011 жылы 21 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланып, бұл іс шараларды жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,6 млн.теңге қарастырылды. 2011 жылы 22 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, нәтижесінде 1269 адам жұмысқа орналасты, 810 адам кәсіптік оқуға жолдамалар алса, 391 адам қоғамдық жұмысқа, 147 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, сонымен қатар 2358 адаммен кеңес беру жұмыстары жүргізілді.


2011 жылдың соңында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрғандардың саны 1750 адамды, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрап, өткен жылдың көрсеткішімен сәйкес болды.
2011 жылдың 3 тоқсанындағы мәлімет бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендеді.


Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлауды ұйымдастыру әлеуметтік қолдаудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. 2011 жылы кәсіби оқытуға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға 2840 жұмыссыз азаматты жіберу қарастырылған болса, нақты 3174 адам жіберілді. 3164 адам оқуын аяқтап, 2886 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 91,2 пайызды құрады.

 

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y