ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     

Жалпы ақпарат

 2011 жылдың  қорытындысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы.

2011 жылы эпидемиологиялық жағдай сальмонеллез, вирустық гепатит «А», менингококк жұқпасының, бруцеллез, туберкулез, жалпы паразитарлық сырқаттанушылықтарының төмендеуімен, жіті ішек жұқпаларының, эхинококкоздың жоғарылауымен сипатталады.

Қызылша - 2, көкжөтел - 3, эпидемиялық паротиттің және қызамық жұқпасының 10 жағдайлары тіркелді.


Жіті бос параличтың 10 жағдайы тіркелді. Барлық науқастардан алынған үлгілер дер кезінде «СЭЭжМ ҒПО» РМҚК вирустық жұқпаларды бақылау Ұлттық референс зертханасына жеткізілді, зерттеу қорытындысында 8 теріс, 1 - полиомиелит емес энтеровирус, 1 - аденовирус анықталды. Қарым-қатынаста болған 14 баладан зерттеуге үлгілер алынды, барлығының қорытыныдылары теріс. 2011 жылдың мамыр айында полиомиелитке қарсы иммундау науқаны бойынша арнайы иммундаумен 98% егілуге жататындар қамтылды. Вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.


Вирустық гепатит «А»-ның 449 жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 23,5 құрады, өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 9,3% төмендеуі байқалады. 14 жасқа дейінгі балалардың меншіктік салмағы 70,3%-дан 58,9%-ға дейін төмендеді.

Мектептердің вирустық гепатит «А»-мен зақымдалуы 9,1% құрады, 111 оқушы сырқаттанды. Сырқаттанушылық тіркелген елді мекендерде эпидемияға қарсы кешенді шаралар жүргізілді. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вирустық гепатит А жұқпасына қарсы арнайы иммундаумен 7334 адам қамтылды, оның ішінде 5588 оқушы, 667 ұйымдастырылған, 3-6 жас аралығындағы ұйымдастырылмаған балалар - 1079.


ЖІЖ 842 жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 44,2 құрады, сырқаттанушылық 8,4%-ға жоғарылады. Нозологиялық құрамы бойынша қоздырғышы анықталған жіті ішек жұқпалары 61,5%-дан 63,2%-ға өсті, осыған сәйкес қоздырғышы анықталмаған жіті ішек жұқпалары 1,7%-ға төмендеді.
Тұмау, жіті респираторлық вирустық жұқпаларға (ЖРВЖ) және ауыр жіті респираторлық жұқпаларға (АЖРЖ) эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру мақсатында 2008ж. желтоқсаннан бастап, СDC дүниежүзілік ұйымымен бірлесе шолушы эпидемиологиялық қадағалаудың ұшқын жобасы жүзеге асырылуда.

Тұмау/ЖРВЖ және АРВЖ бойынша шолушы эпидемиологиялық қадағалау мақсатында шолушы объектілеріндегі ЖРВЖ сиптомдарымен амбулаторлық және АРВЖ симптомдарымен ауруханаға жатқызылған науқастардан стандартты мәліметті жинау жақсартылды, бұл тұмаудың бұрқ ету жағдайын жедел оқшаулау үшін эпидемиологиялық талдауды және интерпретациялауды жеңілдетеді. Сырқаттанушылықты зертханалық диагностикалауға апталық мониторинг жолға қойылған. Мәліметтерді статистикалық өңдеу ЭПИ-ИНФО бағдарламасы арқылы жүргізіледі.


Бруцеллез сырқаттанушылығы есепті жылы 2010 жылмен салыстырғанда 515 жағдайдан 416 дейін, көрсеткіші 27,4 және 21,8 дейін төмендеді.
МСЭҚК Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2006 жылдан бастап, бруцеллезбен ауырған мал иелеріне шығынын өтеу үшін облыстық бюджеттен жыл сайын қосымша қаржы бөлініп отырады, 2011 жылы бұл мақсатта 33,5 млн. тенге бөлінді. Сонымен бірге, облыстық бюджет есебінен сатылып алынған 7 дана ДУК-автокөліктері көмегімен 2011 жылы бруцеллез ошақтарында және профилактикалық мақсатта шаруа қожалықтары мен жеке аулаларда 30430 шаршы метр аумақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.


Биылғы жылы облыстың 6 ауданында (Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Қаратал, Ұйғыр, Қапшағай) ауылшаруашылық малдары және жабайы аңдар арасында құтырма ауруының 17 ошағы тіркелді. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесе тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды. Қарым-қатынаста болған 199 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе-күн алынуына тізім бойынша қатаң бақылау жүргізілді.


Облыс бойынша 19000 кене тексеріліп, туляремияға 6 ауданда (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Сарқан), Қырым-Конго қанды қызбасына 6 ауданда (Алакөл, Жамбыл, Қарасай, Ұйғыр, Талдықорған, Текелі) оң нәтижелер анықталды.


Аса қауіпті жұқпалардың алдын алу мақсатында Алматы облысы бойынша МСЭҚК департаменті облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірлесіп, бруцеллез, Конго-Қырым қанды қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде.
Өкпе туберкулезінен сырқаттанушылық 18 жағдайға төмендеді (1236-дан 1218-ге дейін, көрсеткіштері 65,9-дан 64,0-ге дейін), 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 6 жағдайға өсіп отыр (26 жағдайдан 32-ге). Туберкулездің асқынған жағдайлары былтырғы жылмен салыстырғанда 18 жағдайдан 4-ке дейін төмендеді.


Облыста 2 туберкулезге қарсы күрес диспансері (Талғар, Талдықорған қалаларында), 7 туберкулезге қарсы аурухана, балаларға арналған 2 туберкулезге қарсы шипажай (Талдықорған қаласында «Күншуақ», Талғар ауданында «Шымбұлақ», барлығы 335 орын) бар, 2011ж. 1634 бала (2010ж. - 1572) сауықтырылды. Талғар, Панфилов аудандарында санаторлық типті балабақша, Балқаш, Жамбыл, Қаратал, Көксу аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларындағы мектепке дейінгі мекемелердің жанынан санаторлық топтар ашылып, жұмыс істеуде.
Облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және түберкулезге қарсы қызмет бастамасымен тұрмыс жағдайын жақсартуды қажет ететін 19 науқастың 7-іне (Алакөл, Сарқан - 2, Ескелді, Іле, Кербұлақ - 1) үй берілді.


Паразитарлық және трансмиссивтік сырқаттанушылықтардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 22,1% төмендеді, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 23%-ға.
Эхинококкоз сырқаттанушылығы 2 жағдайға өсті, 148 ден 150 жағдайға дейін. Сонымен қатар, көрсеткіші (7,88) өткен жылдың деңгейінде қалды, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5 жағдайға төмендеді (39-дан 34-ке дейін). Эхинококкоз сырқаттанушылығын төмендету мақсатында Үйлестіру кенестерінде 17 рет қаралды, облыс және аудандық (қалалық) әкіміне 34 ақпарат берілді.

Ветеринарлық қызметпен бірлескен 9 жиын өткізілді, аудандық Мәслихатта - 2, аудандық прокуратураға 1 іс берілді. Эхинококкоздың алдын алу шаралары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 16 мақала жарияланды.
Кене энцефалитің алдын алу мақсатында ашық аумақтарда, сауықтыру легерьлерінде, шипажайларда 1351,5га акарицидтік жою шаралары жүргізілді.
Безгекті алдын алу мақсатында 1846,3га анофелогенді су айдындарында безгек масалардың дәрнәсілдерге қарсы дезинсециялық шаралар жүргізілді.


Су жүйелерінің санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту және халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, қайта құру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 5886,625мың. теңге қаржы бөлінді.


Республикалық мониторинг бағдарламасы бойынша ауыз су сапасына апта сайын зертханалық бақылау жүргізулуде. 2011 жылы микробиологиялық көрсеткішке 5301 ауыз су сынамалары алынды, оның ішінде 138 (2,6%) санитарлық талаптарға сәйкес келмеді, санитарлық-химиялық көрсеткішке - 3910 және 36 (0,9%). Ауыз су сұрақтары бойынша әкімшілікке 108 ақпарат берілді, су жүйелерінде анықталған кемшіліктерге байланысты 114 айыппұл салынды, берілген нұсқаулардың орындалмау салдарынан 10 іс сотқа берілді, 2 объектінің жұмысы тоқтатылды, 217 санитарлық ұйғарым берілді.


Облыс санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен ҚР ДСМ 2009ж. 16.11. № 709 бұйрығының сапалы және уақытында орындалу және зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын өнеркәсіп өндірістегі жұмысшылардың денсаулығына жүйелі медициналық тексеруін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. 2011ж. мерзiмдi медициналық байқауға 22053 адам жатты (оның ішінде әйелдер - 5058), қаралғаны - 21820 (әйелдер - 4981), немесе 98,9%.


Медициналық қараулар нәтижелерi бойынша кәсіптік аурушаңдығы тіркелген жоқ. Диспансерлiк есепке 1347 адам алынды, диеттiк тағам 93 адамға тағайындалды, шипажай-курорттық емделуге 327 адам жiберiлдi, басқа жұмыстарға 116 адам ауыстырылды, барлығы 761 адам сауықтырылды.


Медициналық қараулар нәтижелері бойынша емдеу-алдын алу ұйымдардың жауапты тұлғалармен және МСЭҚБ мамандарымен медициналық байқаудың қорытынды комиссиясының актiсiне өнеркәсіп өндірістерінің жұмысшыларын сауықтыруына бағытталған емдеу және санитарлық-гигиеналық ұсынымдар енгізілді.


Облыс аймағында өндірілетін және сатылатын азық-түліктің сапасы бір деңгейде сақталуда. 2011 жылы микробиологиялық көрсеткіштерге зерттеуге алынған азық-түлік өнімдерінің нормативтік талаптарға сай емес сынамалар саны 3,0% құрады (2010ж. - 2,9%). Қоғамдық тамақтандыру, балалар сүт кухняларында, кондитерлік және сүт өндіретін өндірістерде, балмұздақ шығаратын цехтардағы өнімдердің сапасы жақсарды. Сонымен қатар, базарларда сатылатын өнімдердің сапасы біршама төмендеді.


Облыста базарлардың жұмысын және сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау белсенділігі жоғарылады. Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Текелі қаласындағы базарларының жағдайы жақсарды. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға 156 айыппұл салынды, 1 базардың жұмысы тоқтатылды. Сапасы төмен азық-түліктердің адам денсаулығына әсерін тигіздірмеу мақсатында 140690кг азық-түлік өнімдері жойылды, оның ішінде 64190кг шет елдерден әкелінген болса, 76500кг Қазақстан Республикасында шығарылған.


2011 жылы облыста эндемиялық зоб ауруының саны 8813 жағдайдан (2010ж.) 9047 дейін жоғарылады. Сырқаттанушылық жасөспірімдер арасында 31 жағдайға, үлкен қауым арасында 220 жағдайға дейін өсті.
Еңбекшіқазақ ауданындағы «Адал» ААҚ АПК (өтініш бойынша), Қаратал ауданындағы «Үштөбе-Айдын» ЖШС және Талдықорған қаласындағы «Ляззат» ЖШС сүт зауыттарында йодпен байытылған өнімдердің шығарылуы орнықтандырылды. «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС ұн өнеркәсібінде ұнды темірмен және витаминді-минералдық қоспалармен фортификациялау жүргізіледі.


Кедендік одақ шеңберінде санитарлық шаралар аясында ратификациялаудың қолданылуы бойынша облыстық департамент бастамасымен 2011ж. сәуірде азық-түлік өнімдері экспорты мен импорты бизнес өкілдерімен Панфилов аудандық МСЭҚБ басқармасы базасында семинар өткізілді. Өткен жылдың 5-14 желтоқсан аралығында «Кедендік одақ шеңберінде санитарлық шараларды қолдану» және «АИС-Тарификатор» бағдарламалы өнімді енгізу жайында кәсіпкерлік субъектілерімен және аудандық, қалалық санэпидқадағалау басқармаларының мамандарымен көшпелі семинарлар ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинарға «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы филиалы жетекшілері, кәсіпкерлік ассоциациялар, сонымен бірге жеке кәсіпкерлік ұйымдарының өкілдері, кедендік, ветеринарлық қызмет пен сертификациялау органдары шақырылды. Санитарлық шаралар бойынша кедендік одақтың келісімі бойынша «Атамекен Одағына» АО ҚҰЭП кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР алғаш әкелінген өнімдерге мемлекеттік тіркеудің қажеттілігін түсіндіру туралы хат жолданып, «Seven» газетіне жарияланды.


Мектептер медициналық кабинеттерімен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілді. 64,4% мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылған, 19,4% - буфеттік жүйе арқылы. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы 64,6%-дан 69,2%-ға дейін, спорт залдары бар мектептердің саны 80,1%-дан 81,5%-ға дейін жоғарылады. Жазғы кезеңде 16543 баланы 29 қала сыртындағы сауықтыру және 53600 баланы 518 мектеп жанындағы лагерлері сауықтырумен қамтыды.
Облыстағы радиациялық ахуал қолайлы, радиациялық ая 0,06-0,18 мкЗв/сағ. құрайды.


Радиологиялық ахуалды егжей-тегжейлі бақылау үшін РРА-01-03 аспабы алынды, осындай аспаптармен аудандар (қалалар) қамтамасыз етілген. Бұл аспаптар қоршаған орта объектілеріне кеңінен тексеру жүргізуге мүмкіншілік берді. 2009-2011 жылдары радон мен тарон құрамының шектен асуы анықталған жоқ.


2011 ж. мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен санитарлық заңнамалырының бұзушылықтары бойынша 5584 айыппұл салынды, 88 объектінің жұмысы тоқтатылды, тергеу органдарына 26 іс берілді, 276 сұрақ әкімшілікте шешім шығарылып, қаралды, 1334 адам жұмыстан шеттетілді.

 

Нақты анықтамамен және басқа да қызметке қатысты ақпараттармен Алматы облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ресми сайтында(www.almoblzses.kz) танысуға болады.

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Қаланың көріністері

Created by Alex Unknown aka c0wb0y