Маңызды мемлекеттік қызметке рәсімделудің ерекшеліктері

 

 

ҚР ІІМ қызметіне қалай түсуге болады

Ішкі істер қызметіне ерікті түрде Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған және 40 жасқа дейінгі (қатардағы және кіші басқару құрамы қызметтерінде – 32 жасқа дейінгі) азаматтары ұлтына, жынысына, әлеуметтік дәрежесіне, діндік айырмашылығына қарамастан, өз ісіне іскер, жеке және рухани артықшығы бар, білімі мен денсаулығы мықты қызметтік міндеттерін орындай алатын азаматтары қабылданады. Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында оқуға 18 жасқа толмаған орта білімі бар тұлғалар қабылданады.
Ішкі істер органы қызметіне қабылданған азаматтар міндетті түрде қызметке жарамдылығын анықтау үшін ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік комиссияның қарауынан қараудан өтеді.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы қызметке (жұмысқа) түсуге ниет білдірген азамат тұратын жері бойынша ҚР ІІМ органы басшысының атына оны үміткер ретінде қарастыру туралы өтініш (рапорт) береді. Өтініш (рапорт) еркін формада жазылады. Онда міндетті түрде үміткердің қызметке (жұмысқа) рәсімделудің шарттарымен танысқандығы және келісетіндігі көрсетіледі.
Үміткерлермен танысу және тексеру үдерісі белгілі уақытты алады (ереже бойынша – 6 айға дейін). Бөлімшенің кадрлар аппаратының қызметкері үміткерге танысу бойынша қабылданған шешімді хабарлайды.
Үміткер қызметке (жұмысқа) мыналарды ұсынады:

ҚР ІІМ органының басшысы қызметкерінің рапортын қарайды (азаматтық тұлғаның өтініші) және бір айдың көлемінде шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органына қызметке (жұмысқа) қабылданушы оның берген мәліметтерінің барлығы тексеруден өтетіні мұқият тексерілетінін білуі тиіс (соның ішінде, жақын туыстарына қатысты мәліметтер).
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңының талаптарына сәйкес мұндай тексеру мемлекеттік құпияны құрайтын деректерге кіруді рәсімдеу мақсатында қажет болып табылады. Тексеруден өтуге бас тартылса ішкі істер органында жұмыс істеуге ниетсіз және дайын емес деп қарастырылады.
Ішкі істер органы қызметіне (жұмысқа) әрбір қабылданушы жұмыс кезеңінде білген, заңмен қорғалатын деректерді таратпауы туралы қолхат береді және міндетіне алады, ал бұл міндеттерді бұзса қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

ҚР ҰҚК қызметіне қалай түсуге болады

ҚР ұлттық қауіпсіздік органының әскери қызметіне (жұмысқа) түсуге ынта білдірген азамат, оны үміткер ретінде қарастыру жөнінде тұрақты тұрғын жеріне байланысты ҚР ҰҚК органының басқарушысы атына өтініш (рапорт) береді.

Өтініш ерікті түрде толтырылады. Онда міндетті түрде үміткердің әскери қызметке рәсімделу шарттарымен танысқандығы және онымен келісетіндігі көрсетілуі тиіс. ҚР ҰҚК кадр Департаментінің электронды поштасының мекен-жайы - dk@knb.kz.

Қазақстан Республикасы ҰҚК қызметіне, оқуға түсуші тұлғалар үшін бақылау нормативтері

Үміткер қызметке (жұмысқа) беруі тиіс:

ҚР ҰҚК органының басшысы әскери қызметкердің мәлімдемесін қарастырады (азаматтық тұлғаның өтініші) және бір ай мерзімі ішінде ол жөнінде шешім шығарады.

ҚР ұлттық қауіпсіздік органына қызметке түсуші, ол берген мәліметтердің барлығы (сонымен қоса жақын туысқандары жайлы) тыңғылықты тексерілетінін білуі тиіс. ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңының талаптарына сәйкес, мұндай тексерулер мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсатнама рәсімдеу мақсатында қажет. Тексеруден өтуге қарсылық білдіру, ұлттық қауіпсіздік органында қызмет жасауға дайын емес және ынтасы жоқ екендігі ретінде қарастырылады.

Ұлттық қауіпсіздік органына қызмет етуге алынған әрбір үміткер, заңмен қорғалатын мәліметтерді, жұмыс барысында мәлім болған мәліметтерді жария етпеу туралы қолхат беріп өзіне міндет жүктейді.

Назар аударыңыз!

Ұлттық қауіпсіздік комитеті себептерді түсіндірмей рәсімделу деңгейінің кез-келген кезеңінде үміткерді қызметке қабылдамау жайлы шешім құқығын өзіне қалдырады.

Әскери қызметке түсуші азаматта тиісті деңгейде жалпы білімі және кәсіби дайындық, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгергендігі, өзінің моральды-адамгершілік, іскер, жеке және психологиялық деңгейі, ой-қырағы дәрежесінде, денсаулығының жағдайына байланысты ҰҚК органдарының алдында тұрған мәселелерге тиімді шешім қабылдай алатындығы болуы міндетті. Мемлекеттік қызметті және ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметті өткеру тәртібін реттеуші Республика заңнамалық актілерінің негізгі ережелерін білу.

Үміткерлердің тиісті медициналық және кәсіби-психологиялық шарттарға сай екенін анықтау үшін ҚР ҰҚК органының әскери комиссиясы іріктеу бойынша медициналық куәландыру және кәсіби психологиялық шараларын өткізеді. Кәсіби психологиялық іріктеуді өткізу барысында интелектуалды даму дәрежесі, әскери қызметті өткеруге психологиялық дайындығы, ойлау қабілетінің ұшқырлығы, жылдамдығы және басқа да маңызды қасиеттер бағаланады.

Үміткердің кәсіби жарамдығы, ол орналасуға үміттенген нақты лауазымға анықталады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үміткерге жеке іс рәсімдеп, оның келісім бойынша тексеру шаралын өткізеді.

ҚР ҰҚК бос орындар саны шектеулі болғандықтан үміткердің барлық шарттарға сай болуы, оның міндетті түрде алынды дегені емес.

 

ҚР ҰҚК қызметінде болумен байланысты шектеулер

«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі N453 Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ҚР ҰҚК қызметкерінің құқығы жоқ: