Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын және Қазақстанды ел ішіндегі және халықаралық қатынастарда көрсететін оның жоғары лауазымды тұлғасы.

 
Президент – халықтар бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адамдар мен азаматтар құқықтары мен еркіндіктерінің нышаны және кепілі.

 
Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етеді.

 

Президентке халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы берілген.

 
Президентке, оның ар-намысы мен абыройына қол сұғылмайды. Республика Президентінің ар-намысы мен абыройына қол сұғу заңмен қудаланады.

 

Президент Республиканың кәмелетке толған азаматтарымен конституциялық заңына сәйкес жалпы, тең және тура сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жылға сайланады.Мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл тұрған Қазақстан Республикасының қырықтан жастан асқан азаматы Президент болып сайлана алады.

Сіз Президент және оның уәкілеттігі туралы ақпараттармен егжей-тегжейлі ақпараттармен Қазақстан Республикасы

Президентінің ресми сайтына кіріп таныса аласыз.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті - НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

 

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туылған.1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы зауыт - аяқтаған. Экономика ғылымдарының докторы.Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің құрметті профессоры. Белоруссия Ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

 

1991 жылғы 1 желтоқсанда республика Президентін бүкілхалықтық сайлау өтіп оның барысында Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз дауысын алды. 1995 жылы 29 сәуірде бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың уәкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылғы 10 қаңтарда сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысын алып баламалы негізде Қазақстан Республикасының Президенттігіне сайланды. 2005 жылғы 4 желтоқсанда сайлаушылардың 91,15 пайыз дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

 

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.

Бүкіләлемдік қазақтар ассосациясының төрағасы.

 

Жары – Сара Алпысқызы Назарбаева.

Қыздары:

Дариға – Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, саясаттану ғылымдарының докторы;

Динара – Н.Ә. Назарбаев атындағы Білім қорын басқарады;

Әлия – бизнеспен айналысады.