Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының
жүйесі Орталық
сайлау комиссиясынан, аумақтық сайлау комиссияларынан, округтік сайлау комиссияларынан және учаскелік сайлау
комиссияларынан құралған.
Аумақтық, округтік және учаскелік
сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті
мәслихаттар сайлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына
бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси
партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның
мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру
мерзіміне дейін бір айдан кем болмауға тиіс мерзімде саяси партиялардың
ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар
сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және
жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша
сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар
оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін
қоса береді. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы
сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру
сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі
ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде
үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының
өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер
енгізуге құқылы.