«Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу
«Сайлау» автоматтандырылған
ақпараттық жүйесін құрудың негізі 2003 жылы қаланды. Қазақстан
Республикасының Президенті өзінің 2004 жылғы
халыққа жолдауында елімізде сайлаушылар, дауыс беру тізімін
құрайтын, дауыс беру нәтижелерін бекіту және сайлау
нәтижелерін «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық
жүйесі Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент
Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын, мәслихаттарды, жергілікті
өзін-өзі басқару әкімдері мен мүшелерін, сонымен
қатар республикалық референдум сайлауларын жоспарлау, дайындау
және өткізуді іске асыратын ақпаратты іс жүргізулерін
автоматтандыру үшін арналған.
Қазақстан Республикасы аймағында «Сайлау» ААЖ енгізу,
барлық дәрежедегі сайлау комиссиялары жұмыстарының
тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуды, сайлау нәтижесіне
республика халқының, халықаралық ұйымдардың
және саяси қызмет субьектілерінің сенім деңгейін
қаматамасыз етуге бағытталған.
2004 жылы 15 қыркуйекте электронды сайлау жүйесін қабылдау
Мемлекеттік комиссиясымен «Сайлау» автоматтандырылған
ақпараттық жүйесін пайдалануға қыбылдау туралы
актіге қол қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ жүргізген байланыс арналары
және «Сайлау» ААЖ құралын алдын ала тестілеу
зерттеулерінің нәтижелері бойынша, жүйені
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің
депутаттарын 2004 жылығы 19 қыркуйектегі сайлауын өткізу
барысында 961 сайлау учаскесінде пайдалануға шешім
қабылданған болатын.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде
электронды дауыс беру 1447 сайлау учаскелерінде пайдаланды, ол еліміздегі
барлық сайлау учаскелерінің жалпы санынан 15 % құрады.
Сонымен, 2005 жылы 4 желтоқсандағы Қазақастан
Республикасы Президентін сайлау кезінде электронды дауыс беру жүйесін
сайлаушылардың 31 % қолдануға мүмкіншілігі болды.
Бұл ретте сайлаушылар өз еріктерін білдіру үшін дауыстарын
өз қалауынша беруге мүмкіндік жасалды, - «Сайлау» ААЖ немесе
қағаз бюллетендерін қолдану арқылы.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде
автоматтандырылған ақпарат жүйесі өзінің
сенімділігін көрсетіп, сайлаушылардың, бұқаралық
ақпарат құралдарының және халықаралық
бақылаушылардың өң бағаларын алды.
«Сайлау» ААЖ пайдалану кезінде алынған тәжірибе, оны ары
қарай дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстарды
құруға мүмкіндік берід.
Дауыс беру үшін құралды үлгілендіру
сайлаушылардың оны қолдану кезіндегі қолайлығына
жағымды әсер етті.
Қысқа мерзім ішінде жүргізілген жұмыстардың
нәтижесінде, ақпараттарды жинау бойынша міндеттерді жедел
орындаушы, дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін ашық
және жариялылық шартымен беру аймақтарға-таратылған
бірегей автоматтандырылған ақпарат жүйесі
құрылды.
Тұрақты бекітілген техникалық құралдардың,
сайлауларды өткізуге, сайлаушылардың электрондық тізімін
әрдайым жаңаландыруға және құруға
тұрақты әзірлігі қалпында сақтау үшін,
олардың үзіліссіз толыққанды
жүйелі-техникалық қызметін, суйемелдеуін және
әкімшілендіруін қаматамсыз ету қажет болды.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының жанында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13
шілдедегі "Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Инженерлiк-техникалық орталығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы» Қаулысына
сәйкес 2005 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық
орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
құрылды.