Алматы облысы бойынша 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн (26 қараша – 15 желтоқсан) шеңберінде іске асырылатын
іс-шаралары
ЖаңалықтарЖұлдызды жиырма күн
Алматы облысы бойынша 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн (26 қараша – 15 желтоқсан) шеңберінде іске асырылатын
іс-шаралары
Бизнес кеңесші мәресіне жетті
«Даму» қоры» АҚ Алматы облысы бойынша аймақтық филиалы Алматы облысының кәсіпкерлерін қаржысыз қолдау жөнінде жүргізілген, «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында жүзеге асырылған «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының қорытындысын шығарды. Аталған бағдарлама бойынша 1792 адам Алматы облысының аудан орталықтары мен қалаларында ұйымдастырылған екі күндік оқыту семинарларынан өткені жайлы сертификат алды.
Хабарландыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келіп түскен көптеген өтініштер бойынша Монетаның ең үздік дизайнына арналған конкурс 2011 жылғы 10 желтоқсанға дейін ұзартылады.
АЛАКӨЛДІКТЕР АКЦИЯДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
"Тәуелсіздіктің 20 шыңы" жиырма жұлдызды күн шеңберінде "Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің тірегі” деп аталған акция өтті. Оған Алакөл қаласы мектептерінің ұстаздары мен оқушылары, аудан жастары мен мекеме қызметкерлері қатысты. Акцияның мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, тәуелсіз еліміздің тарихын, туған елі мен жерін, Отанын сүюге баулу.
Бар жақсы – балаларға!
Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде Ризашылық күні аталып өтті.
Талдықорғанда жаңа балабақша ашылады
Талдықорған қаласында мемлекеттің қолдауымен салынып жатқан қазіргі заманға сай балабақша 145 бүлдіршінді қабылдай алады.
Жаңа мектептің құрылысы басталды
Қарасай ауданының "Алтын ауыл" шағын ауданның іргесінен салынатын 1200 орынды жаңа мектептің құрылысын «Ақсу» АҚ құрылысшылары қолға алды. Өйткені, бірнеше мың тұрғыны бар мөлтек ауданға бір орта мектептің жетпей тұрғаны көптің көңілінде жүрген жай еді.
«Ақ дастарқан – 2011» байқауы
Талдықорған қаласындағы «Самұрық» мейрамханасында «Дұрыс тамақтану – ұлттың саулығы» атты «Ақ дастарқан» аспаз шеберлерінің байқауы өтті.
Маңызды бастама
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кезекті республикалық селекторлық кеңес барысында «Инвестициялық лектерді қалыптастыру мен мониторингтеудің жобалық кеңсесі» жаңа бағдарламасы таныстырылды.
ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢАРУ КЕЗЕҢІ
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановтың қатысуымен партия филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті.
ТАМАШАНЫҢ ТАРЛАНЫНА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
«Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбековтің есімі туған жерінде тағы бір жаңғырды. Осыған дейін 1999 жылы Кербұлақ ауданының Қоянкөз ауылындағы мектепке Тоқсын Құлбековтің аты берілсе, енді жерлестері талантты ұлының тас мүсінін тұғырға қондырды. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығымен бірге келген Тоқсын ағаның 60 жылдығын қоянкөздіктер осылайша атап өтуде.
|