ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
Талдықорған қаласында "Таза қала" акциясы басталып, акция аясында сенбіліктер өтуде.     


ІС-ШАРАЛАРДЫҢ АНОНСЫ

  • Анонстар жоқ.

ОТАНЫМ – БАСТЫ БАҚЫТЫМ

Жуырда Шонжы кентінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен Үйғыр ауданы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Патриотизм – ел мен жерді құрметтеу», деген тақырыпта өңір жастарының фестивалі өткізілді.
Распечатать

АЛҚАПТАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК

Райымбек ауданында көктемгі егіс науқаны жүйелі жүргізіліп, қорытындыланып келеді.
Распечатать

«ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ» ҚАРЖЫСЫН ИГЕРУДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Алматы облысында «Жол картасы» бойынша үстіміздегі жылы құны 12,7 млрд. теңге болатын 220 жобаның тамырына қан жүгірмек. Бүгінге дейін соның ішінде 198 жоба жүзеге асырылып, 12787 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Жол картасының» іске асырылуы туралы кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталов өткен жылы бағдарлама бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін жөндеу мен дамытуға 4,8 млрд. теңге жұмсалса, биыл бұл салаға 5,5 млрд. теңге бағытталатынын айтты.
Распечатать

ХАБАРЛАНДЫРУ

Үстіміздегі жылғы 29 мамырда Алматы қаласындағы «Астана» алаңында Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.
Шараның басталуы сағат 8.30-да.
ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Распечатать

ЕГІС НАУҚАНЫ ЕҢСЕРІЛІП ҚАЛДЫ

Алматы облысында көктемгі жоспарланған жердің 95 пайызы жыртылды. Сөйтіп өңір диқандары егін егу науқанын аяқтауға жақын.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне қарағанда, аймақ бойынша бүгінгі күні себілген жаздық егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 405 гектарға артып, 231065 гектарды құрап отыр. Науқан соңына дейін тағы 6440 га аумаққа дән себілмек.
Қант қызылшасын өсіру қамына кіріскендер де жұмысты бітіруге таяу. Бұл бағытта жоспарланған жер көлемінің 87 пайызына тұқым сіңірілді. Қызылша егу науқаны қазіргі кезде Ақсу, Сарқан, Қаратал, Көксу аудандарында жалғасуда.
Сонымен қатар, 25529 га жерге көкөніс егіліп жатыр. Бақша өнімдерін, картоп, соя, күнбағыс, зығыр егетіндер де жұмыс көлемін өз мерзімінде орындауда.
Распечатать

ОҚУ ЖЫЛЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Облысымызда барлығы 746 мектеп болса, онда білім-тәрбие алып жатқан 291 мыңнан аса оқушы оқу жылын сәтті аяқтады.
Распечатать

ҚЫЗЫЛАҒАШ ҚАЙТА ТҮЛЕУДЕ

Ақсу ауданының судан зардап шеккен елді мекендерінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Бүгінге дейін Қызылағаш ауылында 139 үй, Ақтоғанда 6 үй пайдалануға берілді. 24 мамырдағы мәлімет бойынша Қызылағашта 304 үйдің қабырғасы қаланды, соның ішінде 125 үйдің шатыры көтерілді. Олардың ішкі сырлау жұмыстары аяқталуға жақын.
Маусым айының басында тағы 200 үйді пайдалануға беру көзделуде.
Распечатать

ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше облыс әкімі Серік Үмбетов өңірдегі ақын-жазушылармен, өнер қайраткерлерімен кездесті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша облыс басшысы аймақта тұратын Қазақстан Жазушылар одағының және Композиторлар одағының мүшелерімен тоқсан сайын жүздесіп, ел ішіндегі келелі мәселелер туралы әңгімелесуді дәстүрге айналдырған. Кейінгі жылдары бұл кездесуді облыс орталығында ғана емес, әр ауданда өткізу қолға алынды. Бұған дейін қаламгерлер Жамбыл, Ақсу, Райымбек, Балқаш, Талғар, Панфилов аудандарының халқымен жүздессе, осы жолы Күреңбел өңіріне табан тіреді.
Распечатать

Хабарлама

«Эрнст энд Янг» компаниясы «Жыл кәсіпкері» атты халықаралық конкурс өткізеді. Оның негізгі мақсаты экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде кәсіпкерлікті қолдау және жеке бизнестің көрнекті өкілдерінің сіңірген қызметтерін қоғамның алдында тану. Конкурс туралы толық ақпарат www.ey.com/kz/eoy сайтында орналасқан.
Распечатать

Қызылағашта 100 үй берілді

titleАлматы облысының Қызылағаш ауылында тірлік түзеліп келеді. Бүгін мұнда 100 үй пайдалануға берілді.
Тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін ұсынған облыс әкімі Серік Үмбетов:
- Мамыр мерекесі қарсаңында 45 отбасы осындай қуанышқа кенелген еді. Міне, араға 20 күн салып тағы да жүздеген жаңа үйлерді пайдалануға беріп отырмыз. Әзірге шатырда тұрып жатқан тұрғындардың да баспаналы болатын күні алыс емес. Қиын күндер артта қалып, лайым қуаныштарыңыз ұзағынан болсын, - деген тілегін білдірді. Жаңа үй иелері де өз тараптарынан алғыстарын жеткізді.
Жақсылыққа жиналған қауым жаңа үйлерде жайылған дастарханнан дәм татты. Пайдалануға берілген баспаналардың барлығы алғашқы қажеттіліктегі ыдыс-аяқтармен, төсек жабдықтарымен, мүліктермен жабдықталған.
Распечатать

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылғы 19 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында елдімекен тұрғындарына жаңадан салынған 100 үйдің кілті тапсырылады. Кілт тапсыру салтанатына Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов қатысады.
Шараның басталуы сағат 11.00-де.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Распечатать
Всего 905 на 83 страницах по 11 на каждой странице

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/f14da1c2dc0ef1b5946289ad4d337828.JPG
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Алматы облысында 2012 жылға жоспарланған нысандардың алғашқысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласында іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Афиша
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
KAZNEX INVEST Алтын Сапа ФинГрамота
Created by Alex Unknown aka c0wb0y