ҮздікСЫНАЛАР СӘТ АЛДА
Қарасай ауданы әкімдігінің үлкен залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Динар Нүкетаева мен Уәлихан Қалижанұлы аудан жұртшылығымен кездесті. Халық қалаулыларының көпшілікпен жүздесуі Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқылауға арналды.
Елдің жайымен танысты
Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелері Талғар ауданы жұртшылығымен кездесіп, Елбасының Жолдауы негізінде насихат жұмыстарын жүргізді.
Талғар қаласындағы автопарк ұжымымен кездесуде Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Нұрымбет Сақтағанов әлемді шарпыған қаржы дағдарысының қиындықтарын алдын алып, оны жеңу жолында халық арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, еңбекті еселей түсу қажеттігіне тоқталды.
Насихат тобы – Жаркентте
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұхамет Омаров пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғылыми-зерттеу институтының директоры Скандарбек Аязбеков Панфилов ауданында болып, аудан активімен жүздесті.
КЕДЕНШІЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТПЕК
Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты атқарылған жұмыстарды нақтылаған басқосу болып өтті.
ДАҒДАРЫСҚА ТОЙТАРЫС БЕРУ ҚАДАМДАРЫ
Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйытқы болуымен Жетісу жерінде жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қол ұшын беретін «Демеу» орталығын ашу жобасы жасалынып, жер-жерде жүзеге асырылуда. Соның жарқын дәлелі ретінде Кербұлақ ауданында ашылған орталықты айтуға болады. Сарыөзек кентінде ұйымдастырылған бұл шара көпшіліктің көңілінен шықты. Алғашқы күні екі жүзден астам ел жиналып, мемлекеттік саясатқа орай атқарылып жатқан игі шараға ризашылықтарын білдіре, өз мүмкіндіктерін байқасты.
Жамбылдықтармен жүздесті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің бастығы Қозы-Көрпеш Карбозов бастаған республикалық ақпараттық-насихат топ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа Жолдауын насихаттап, түсіндіру және жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар туралы ой бөлісіп, пікір алмасу мақсатында аудандық әкімдіктің үлкен залында жамбылдықтармен жүздесті.
Бір күнде төрт жүлде: үш алтын, бір қола Бейсенбі күні кешке дейін қазақстандықтар үш медаль алды. Бұған дейін қоржынымызда жетісулық Майя Манезаның жалғыз қоласы бар еді. 85 келі ерлер арасында сынға түскен ауыр атлеттер жанкүйерлерді тағы бір серпілтіп тастады. Осы салмақ дәрежесі бойынша тағы бір қазақстандық штангашы мерейімізді үстем етті. Жұлқа көтеруден 168 келі, серпе көтеруден 199 келіні төбесіне көтерген ирандық Моради Шопрад қоссайыс нәтижесі бойынша 367 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты.
«ЖОЛ КАРТАСЫ» – ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ
Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен аудандық және қалалық жұмыспен қамту бөлімі мүшелері қатысқан кеңес өтті. Кеңес барысында басқарма бастығы Нұрила Бөлекбаева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Елбасы Жолдауында көрсетілген дағдарысқа қарсы тұрып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап қалу мақсатындағы басты жобалардың бірі «Жол картасын» жүзеге асыру жоспарларына тоқталды.
Жұмысқа тұруға сұраныс бар
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті маман даярлау мен кәсіптік білім беруде әлеуметтік әріптестік орнату бағытында бизнес-жиын өткізді. Мақсаты – білім беру саласындағы байланысты дамыту, ғылыми, шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру. Семинарға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті әкімшілігінің қызметкерлері, облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қаладағы кәсіпорындар мен бизнес саласының өкілдері қатысты.
Қаржы қатаң қадағаланады
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен өткен селекторлық жиында «Жол картасының» орындалу барысы жайлы мәселе жан-жақты қаралды. Онда хабарлама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова соңғы уақытта министрліктермен, салалық ведомстволар және әкімдіктермен бірлесе отырып, тұрғындарды еңбекпен қамту жобасы аяқталғанын баяндады.
СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР – СЕНІМДІ БАҒЫТТАР
Ағымдағы жылғы ақпанда Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканың негізгі секторларының озық инфрақұрылымын қамтамасыз етудің бірқатар ең маңызды міндеттерін атап көрсеткен-ді. Онда былай делінген болатын: «Үкімет электр энергетикасын, тасымалдау жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Осы секторлар бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының дамуынан нақты «кейін қалып келеді». Үкімет бір мезгілде өзінің күш-жігерін энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды енгізуге шоғырландыруы тиіс. Құрылысты және теміржол мен автомобиль инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз етуі қажет». Аталған міндеттерді орындауға байланысты инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қосымша 1 млрд. АҚШ долларын бөлді. Алматы облысында да осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда.
|