Жол картасыАлматы облысында 2009 жылы 2009 жылы Алматы облысында «Жол картасының» жүзеге асырылуы еңбек рыногының тұрақтануына оң ықпалын тигізді. 2009 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 6,8 пайызды құраса, халықты жұмыспен қамту Стратегиясының іске асырылуының нәтижесінде 2009 жылдың 4 тоқсанында бұл көрсеткіш 6,4 пайызға дейін төмендеді. 2009 жылы Алматы облысында «Жол картасы» шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 12,7 млрд. теңге бөлді, оның ішінде 5,0 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге қосымша 728 млн. теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлаудан өткізуге 1,1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жұмыспен қамту Стратегиясын жүйелі жүзеге асырудың нәтижесінде барлығы 303 жоба бойынша жұмыстар атқарылып, оның ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша 58 нысан жөндеуден және қайта жөндеуден өтті, сондай-ақ жол жөндеу саласы бойынша 95 нысан, 87 нысан әлеуметтік сала бойынша (білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар), қала және ауылдардағы әлеуметтік-мәдениет ошақтары бойынша 63 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жол картасы» бойынша жүзеге асырылған 303 жобада барлығы 19847 жұмыс орны құрылып, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде 16276 адам жұмыспен қамту органдары арқылы жіберілді. Инвестициялық бағыттар бойынша бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жылдық тапсырма 100 пайызға орындалды. «Жол картасы» нысандарында жұмыспен қамтылғандардың орташа еңбек ақысы 32 мың теңгені құрады. «Жол картасының» аясында облыста «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары кеңінен ұйымдастырылды. Әлеуметтік жұмыс орнын құру мақсатында барлығы 1125 кәсіпорын және ұйымдармен келісім жасалып, халықтың нысаналы тобынан 5911 адамның орнына 7673 адамды (жоспарға 130 пайыз) қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Бюджет қаражаты есебінен жұмыс берушінің есеп-шотына бір адамға 15 мың теңге мөлшерде аударымдар жіберіліп, жұмыс берушінің үлесін қоса есептегенде еңбекақының орташа мөлшері 26,6 мың теңгені құрады. 2009 жылы «Жастар тәжірибесі» біздің облыста бірінші рет қолданылуына қарамастан облыс аймағында кең өріс алды. Бұл бағдарлама әлеуметтік қорғаудың бұрын жоспарланған түрлеріне қосымша шара болып табылды. Ол бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарының бітірушілері қатарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруды, олардың тәжірибе жинақтауын, білім, дағды, машықтарды игеруін көздейді. Жастар тәжірибесінің жағымды жағының бірі - ол жеке кәсіпорындар мен ұйымдармен қатар, мемлекеттік мекемелерде де ұйымдастырыла алады. Осы мақсатта 1043 кәсіпорын және ұйымдармен келісім жасалып, жоспарланған 2177 адамның орнына нақты 2922 адам жіберілді (жоспарға 134,2 пайыз). Жас мамандар 6 айға дейінгі мерзімде тәжірибе жинақтап, 15 мың теңге мөлшерінде еңбекақымен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 1016 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты. Олардың арасында жас мамандар Қазақтелекомның бөлімшелеріне, аудандық білім бөлімдеріне, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының филиалдарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, санитарлық қадағалау станцияларына, мектептерге және өзге де оқу орындарына, сонымен бірге ауылдық мәдениет үйлеріне және т.б. тұрақты жұмысқа орналасты. «Жол картасының» басты бағыттарының бірі - кадрларды даярлау және қайта даярлау болып табылды. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда кәсіптік білім беру жүйесінің мүмкіндігін барынша пайдалануға мүмкіндік берді. Аталған бағытты жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1102,1 млн.теңге қаржы бөлінді. Кадрларды даярлау 4 бағытта жүргізілді: жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді даярлау; макроөңірлер үшін экспорттық мамандықтарды даярлау; шетелдік мамандарды алмастыру үшін даярлау; медперсоналдарды даярлау. Даярлау курстары 36 техникалық және кәсіптік білім беру орындарында 32 кәсіп пен мамандықтардың түрі бойынша ұйымдастырылды. Шетелдік жұмыс күшін алмастыру мақсатында оқу процесін ұйымдастыру барысында микродәнекерлеу операторы, ленталық жабдықтау операторы, қағаз жасау машинисі сияқты күрделі мамандықтарды оқыту үшін, оқу орындарының материалдық базасының толық камтылмағандығына байланысты, жұмыс орындарында оқушылардың тәжірибеден өтуі жөнінде жұмыс берушілермен келісім шарт жасау және ол мекемелерден мамандарды тарту арқылы жүргізілді.
Алматы облысында 2010 жылдың Алматы облысына 2010 жылға «Жол картасына» төрт инвестициялық бағыттарды жүзеге асыруға 12,7 млрд.теңге бөлінді. Жұмыс орындарын құру жоспары - 13755. Барлығы 220 жоба бекітілген. Оның ішінде бағыттар бөлінісінде: Төрт инвестициялық бағыттар бойынша жүргізілген конкурстық ресімдеулердің қорытындысына сәйкес 528,5 млн.теңге қаржы үнемделді. Бұл үнемдеулер нәтижесінде облыста қосымша 10 жобаны іске асыру жоспарланып, сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан 6 жобаның соңғы нәтижелерін жақсартуға қосымша қаржы жұмсау көзделіп отыр. Осыған байланысты жалпы жобалар саны 230-ды құрайды. Қазіргі уақытта 221 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің 67 нысаны, 51 жол нысаны, 52 білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени нысандары, қала және ауылдың 51 әлеуметтік-мәдени нысандарына жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандарда 14113 жұмыс орындары құрылып, 12125 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде жұмыспен қамту органдары арқылы - 6173 адам. «Жол картасының» инвестициялық бағыттары бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне 7126,4 млн.теңге жоспарланды. Нақты игерілгені 6985,0 млн.теңге немеме 98,0% (жылдық тапсырма -55,0% орындалды). 2010 жылы «Жол картасы» аясында «Әлеуметтік жұмыс орындары» (1800 адамға) мен «Жастар тәжірибесі» (1400 түлекке) бағдарламаларына республикалық бюджеттен 384 млн.теңге бөлінді. 2010 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік жұмыс орындарына 1935 адам (107,5%), жастар тәжірибесіне 1454 адам (103,8%) жіберілді. Бұл бағдарлама бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне 178,7 млн.теңге қарастырылып, қаржы толық игерілді (жылдық тапсырмаға - 46,5%). Кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 562,5 млн.теңгені құрайды, оның ішінде 1 шілдеге - 283,1 млн.теңге. Игерілгені - 276,3 млн.теңге немесе 98,2 пайыз (жылдық жоспарға - 49,1 пайыз). Жыл басынан барлығы 3300 адам оқуға жіберілді, оның ішінде: 1000 адам «Жол картасы» шеңберінде іске асырылатын жобаларға қажетті мамандықтар бойынша, 200 адам - еңбек сұранысына қажетті мамандықтар бойынша, 2100 адам - 2009 жылғы жалғастырушы оқу тобы. Ал, 1200 адамның оқу процесі 2010 жылдың қыркүйек айынан жоспарланып отыр. Оқуды аяқтағандар саны 1125 адамды, олардың ішінен жұмысқа орналастырылғандар саны - 1035 адамды құрады. Туризм Алматы облысында «Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылыту» бағыты бойынша Жол картасы жобаларының жүзеге асыру аясында 6 спорт нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда: Ақсу, Жамбыл, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандыры БЖСМ-нің, Талдықорған қаласының спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың базалары. Жол картасы жобасын іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемі 190 000 мың теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджеттен – 126 692 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 63 308 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, 282 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 197-і жұмыспен қамту органдарының жолдамалары бойынша. Әлеуметтік қорғау Алматы облысында «Жол картасы» шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 12,7 млрд. теңге бөлді, оның ішінде 5,0 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды. Денсаулық сақтау 2009 жылға Жол картасы Энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы «Жол картасы» бағдарламасының бағыттары бойынша «Жол картасы» бағдарламасының бағыттары бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және қайта жаңартуға» жалпы сомасы 5,5 млрд.теңге бөлінді (республикалық бюджеттен - 3,7 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен - 1,8 млрд.теңге). Жол картасыЖаркент жолы жақсарды
Үстіміздегі жылы жергілікті қаржы қорынан Панфилов ауданы орталығындағы 10 көше жолын ағымдағы жөндеуден өткізуге 30688 мың теңге бөлініп, бұл іс қазір тиянақталды. Сонымен қатар, мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Жаркент қаласындағы Головацкий, Назым, Жансүгіров көшелерін орташа жөндеуден өткізуге республикалық қаржы қорынан 76 миллион, облыстық бюджеттен 38 миллион теңге берілді. Қазір Головацкий, Жансүгіров көшелеріндегі жөндеу жұмыстары тиянақты тамамдалып, Назым көшесіндегі іс жалғасуда. Жаркент қаласындағы осы жұмыстарға «Жол картасы» бойынша 87 жергілікті тұрғын тартылды.
Жол жөндеуді қолға алған Есік қаласындағы «ДСУ-13» АҚ мердігерлеріне жаркенттіктер дән риза.
ҚАПШАҒАЙДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі бюджеттік комитеттің төрайымы Гүлжан Қарағұсова Қапшағай қаласында екінші деңгейлі банктер, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерімен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік кәсіпорындар жетекшілерімен кездесу өткізді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты жүздесу алдында «Ильно Групп» ЖШС-ның мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында салынып жатқан, аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген иілген болат профильдер өндірісі зауытының құрылысымен, Қапшағай қаласындағы «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысымен танысты.
«АЛПАМЫС» БАЛАБАҚШАСЫ БАЛДЫРҒАНДАРДЫ КҮТЕДІ
Облыста Елбасының биылғы Жолдауында алға қойылған басты міндеттердің бірі – мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне қатысты күрделі мәселенің күрмеуін тарқату үшін қолға алынған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аса үлкен жұмыстар жүзеге асырылуда. Облыстық білім басқармасындағылардың айтуына қарағанда, биылдың өзінде ғана мектеп жанындағы шағын орталықтарды қоса алғанда барлығы 5100 балдырғанды балабақшамен қамту жоспарланған.
Көксу ауданының орталығы Балпық би кентіндегі «Алпамыс» балабақшасының құрылыс-жөндеу жұмыстары тамызда аяқталып, алдағы айда мектепке дейінгі тәрбие мекемесі балдырғандар үшін есігін айқара ашады деп жоспарланған. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары салынған балабақша негізінен 200 балаға арнаған болатын. Демалуға, оқуға арналған бөлмелер, ойын алаңдары да қарастырылған. Дегенмен, қараусыз қалған жылдары мекеменің тозып, күрделі жөндеу мен жылу және су жүйелері ауыстыруды қажет ететін жағдайға жетті. Осыған орай биылғы «Жол картасы – 2010» бағдарламасы арқасында ескі ғимаратты қайтадан қалпына келтіру қолға алынып, маңызды жұмысты жүзеге асыру облысқа белгілі «Стройтель» компаниясына жүктелген еді.
Алғашқы жобалар жүзеге асты
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 226 жоба жүзеге асырылуда. Тамыз айының алғашқы аптасында соның 32-сі пайдалануға беріледі. Оның 14 жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қалпына келтіру, 16-сы жол жөндеу, қалған екеуі мәдени-әлеуметтік нысан. Жыл басынан бері «Жол картасы» бағдарламасы аясында 12794 адам жұмысқа орналастырылды.
Әлеуеттің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бағдарламаның барысын талқылауға арналған штаб отырысын білім, денсаулық сақтау саласы нысандарының салыну барысы сөз болды.
«ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАС МАМАНДАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТУДЕ
«Жол картасы» бағдарламасы аясындағы «Жастар тәжірибесінің» жас мамандарға тигізетін септігі көп.
Алматы облысында 2009 жылы «Жол картасына» бөлінген қаржыға қосымша өңірдегі әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге 728 млн. теңге қарастырылды.
Қаржылық бақылау жайы қаралды
облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен «Жол картасының» орындалуы бойынша штаб отырысы өтті. Онда Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бөлім бастығы Алтынбек Ормышев «Жол картасы» бойынша бөлінген қаржының игерілу барысы жөнінде есеп берді.
Бүгініміз бекем, болашағымыз байыпты
Алматы облыстық әкімдігінің бұл жолғы алқа отырысында негізінен үш мәселе қаралды. Олардың бастысы да, маңыздысы да «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы» болды және басты әңгіме де осы төңіректе өрбіді.
«Жол картасына» қатысты жауапкершілік күшейді
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен және Үкімет мүшелері мен облыс басшыларының қатысуымен бейнемәслихат түріндегі кезекті селекторлық кеңес өтті. Бұл жолғы басқосуда негізінен екі: «2010 жылғы «Жол картасын» орындау барысы туралы» және «Елімізде мал сою орындары мен алаңдарын ашу жөніндегі» мәселелер қаралды.
Ауыл ажарланып келеді
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Елбасы Жарлығына орай елді мекендерде әкімдердің есеп беру жиындары өтуде.
Ауыл әкімдерінің халыққа есеп беруінің алғашқы жиыны Рахат селолық округіне қарасты Өрікті ауылында өткізілді. Ашық пікіралмасу барысында әңгіме тиегі еркін ағытылды. Есепті кезеңде атқарылған мағлұматтарды көпшілік алдында жайып салған ауыл әкімі Қуаныш Сағымбеков соңғы санақта ауылдық аймақ тұрғындары санының 9 мыңға көбейгенін атап, қазіргі таңда 20 мың тұрғынның әл-ауқаты мен тұрмысының әлдеқайда жақсара түскеніне тоқталды.
ЗАҢНАМА ТҮСІНДІРІЛДІ
Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында облыс аумағында мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасын іс жүзіне асыру барысында атқарылған жұмыстарға жүргізілген тексерулер нәтижелерін талқылауға арналған семинар-кеңес болып өтті. Оған «Нұр Отан» ХДП, БАҚ өкілдері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және аталған инспекция қызметкерлері қатысты.
|