ТанымалЕлбасына жеделхат жолдады
Жастықтың оты жалындап
Қызылағашта тұрғын үймен қатар әлеуметтік нысандар да пайдалануға берілдіАуылдық әкімдік ғимараты мен ішкі істер бөлімінің тірек пункті де осы күні жаңарған ғимаратта өз жұмыстарын бастады. «Қазпочта» ғимаратының да жөндеуі аяқталды. Бұл жолы салтанатты шараны облыс әкімі Серік Үмбетов алапат су тасқынынан Алланың құдіретімен аман қалған, жөндеу жұмыстарынан кейін жаңартылған ауылдың мешітіне арнайы барып, құрбан шалып, Құран бағыштаудан бастады. Ақтоғандық тұрғындар осы күні 16 жаңа үй мен жөндеуден кейінгі 10 үйдің кілтін алды. Ал Егінсуда 29 отбасы осындай қуанышқа кенелді.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ
Мектеп бітіруші түлектердің білімін саралап, олардың алдағы өміріне жол ашар негізгі сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Республика бойынша тест сынақтары 4-10 маусым аралығында өтеді. Облысымызда да 4 маусым күні басталған ҰБТ облыс және аудан орталықтарының 15 пунктінде, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен Алматы қаласындағы 1 жоғары оқу орны базасында өтуде.
АҚҚАЙНАРДА - КӨГІЛДІР АЛАУ
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Аққайнар ауылына табиғи газ тартылды. Бұл шара Алматы облысын кешенді газдандырудың өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Сөз бен іс бір арнаға тоғысса
Ақсу ауданында «Жол картасы» бойынша 202 адам жұмысқа тартылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 260 адам жіберіліп, олар екі қолға бір жұмыс тапқан. Жоспар бойынша бөлінген 23402,0 мың теңге қаражаттың 3901,0 мың теңгесі тиісті орнына жұмсалған. Ал жастар практикасымен 80 адам еңбекке орналастырылып, 300,0 мың теңге көлемінде қаржының игерілгені көңілге демеу. Сонымен бірге бүгінгі күнде 10 мамандық бойынша 83 адам кәсіби оқуға жіберіліп, жаңа мамандықтың қыры мен сырын меңгеру үшін білім алуда. Осыған орай, бағдарлама бойынша пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандар мен объектілерді партиялық бақылау посттары мен жауапты мүшелері бекітіліп, қадағалау жұмысы тыңғылықты атқарылуда. Бұл бағытта сырттан келген жұмыс күшінің орнына тұрғылықты халықты тарту жөніндегі облыс әкімінің тапсырмасы назарға алынған.
Бес жүз адам еңбекпен қамтылады
«Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында барлық аудандар мен қалаларға қомақты қаржы қарастырылып, жолдар жөнделіп, көшелер көріктеніп, білім және денсаулық сақтау салалары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жөнделіп, жаңартылып жатыр. Осындай маңызды жұмыстар қолға алынған аймақтар қатарында шалғайдағы Райымбек ауданы да бар. Таулы өңірде орналасқан ауданға аталған бағдарлама аясында 340 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, осынау қомақты қаражатты мақсатты игеруге байланысты үлкен істер атқарылуда. Әсіресе, мектептердің жағдайын жақсартуға баса назар аударылып отыр.
Мемлекеттік рәміздеріміз - мақтанышымыз
Облыс әкімдігінде әкімдік жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда
облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың төрағалық етуімен, облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен Қапшағай қаласы мен Сарқан ауданы басшыларының қатысуымен «Жол картасын» жүзеге асыруды үйлестіру және мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда осының алдында бір апта бұрын болған басқосу барысында берілген тапсырмалардың орындалуы, сайтқа «Жол картасы» жұмыстары жөнінде суретті ақпараттар орналастыру мәселелері қаралып, Қапшағай қаласы мен Сарқан ауданындағы аталған бағыттағы жұмыстардың барысы тыңдалды.
Ақсудағы жылы жүздесу
Алматы облысына арнайы іссапармен келген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов аталарының туып-өскен жері Ақсу ауданында да болды. Облыс әкімі Серік Үмбетов бастап келген топ Жансүгір кентіндегі №21 кәсіптік лицей мен аудандық аурухананың тыныс-тіршілігімен жете танысты.
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қала әкімдігінің кіші жиын залында «Мемлекеттік саясатты насихаттаудағы азаматтық қоғам институттарының ролі» атты «дөңгелек үстел» өтті.
|