Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Жетісу

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
Құрметті пайдаланушылар! Қазіргі уақытта сайт құрылымы қайта өңделіп жаңартылуда. Бірнеше күн ішінде кейбір бөлімдегі ақпарат қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Құрметпен, сайт әкімшілігі.     
Интересные статьи о компьютерах и около. Неизвестные истории об известных вещах на сайте Rulez.KZ.
Жаңалықтар » Жалпы

АРДАГЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Сайысқа түсуден қариялар да қалыспайды екен. Оған Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен «Ардагерлер ұйымының төрағасы» атты байқау барысында көз жеткіздік.
Облыстың 19 ауданы мен қаласынан келген ұйым төрағалары сахнада қарияға тән қазыналық, дарияға тән тереңдігін танытты.
Кейінгі жылдарда өңірде ақсақалдар мен әжелер форумдары өткізіліп, қариялардың жастар тәрбиесіне белсене араласуына жергілікті билік барынша жағдай жасауда. Бұл байқау да сол қолдау шараларының заңды жалғасы деуге болады.
Аталар сайыс шарты бойынша төрт сыннан өтті. Алдымен өздерін таныстырып, ата-дәстүр, салт-сана, ар-намыс, тәлім-тәрбие жөніндегі сауалдарға тереңнен талдап жауап берді. Бойындағы бар өнерін паш етіп, бата беруде де барын салды. Домбыра, баян, балалайка сынды саз аспаптарын еркін меңгерген қариялардың өнері және өз қолдарымен жасаған ат әбзелдері мен бұйымдары көрерменді бейжай қалдырған жоқ.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қараталдық Ғабдул-Сәбит Юсупов ардагерлер ұйымының үздік төрағасы атанып, бас жүлдеге лайық деп табылса, бірінші орынды Алакөл ауданының ақсақалы Арынтай Тұрарұлы иеленді. Балқаш ауданынан келген Асылхан Елбосынов пен қарасайлық Смағұл Садырқұлов екінші және үшінші орындарды бөлісті.
Кештің өнегелілігі сондай, көзі қарақты көрерменнің көңілі толып, көкжиегі кеңейіп қайтты.
Егеубек Далбағаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Облыстық ақсақалдар кеңесінің жұмысы республикада көш басында келеді. Біздің бүгінгі бастамамыз басқа облыстағы қарияларға, ондағы ақсақалдар ұйымдарына үлгі болары сөзсіз. Осы игі бастаманың ары қарай жалғасын табуына мүдделіміз.
Сағыныш Намазшамова.
  • Орналастырды: Pressa
  • Мерзімі: 23.07.2010
  • Оқылған: 77
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/004f68435b172a80f419555df64165d0.JPG
1-қыркүйекте Алматы облысында 8 жаңа мектеп ашылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Афиша
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Большая база рецептов с удобным поиском! | Фотографии и пейзажи города Талдыкоган в нашей фотогалереи.
Created by Alex Unknown aka c0wb0y