ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     
Жаңалықтар » Аудан, қалалардың мәдениет күндері

Әнімен Іле тербетті

Берекесі тасыған Іле ауданы биылғы мәдениет күніне барынша дайындалып келген екен. Алматы шаһарымен шекаралас бұл аудан индустриалдық-инновациялық бағдарлама ауқымында қарқынды даму үстінде. Сөзімізге дәлел ретінде айта кететін болсақ, алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғары көрсеткіштерді құрады.
Бұл орайдағы көрсеткіштердің өсуіне аудан аумағында кәсіпорындардың көптеп салынуы жанды ықпал етуде. Мәселен, жақында ғана салынған «Danone Berkut» ЖШС сүт өнімдерін шығаратын зауыт 67 адам¬ды жұмыспен қамтыды. Құны 3068,2 миллион теңгелік жобаға сәйкес зауыт жылына 12 мың тонна сүт өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл ірі жоба болашақта да аясын кеңейте бермек. Сонымен қатар, ауданда көлік фильтрлерін өндіретін «Қазфильтр» ЖШС зауы¬тының құрылысын бастау жоспарда. Ал «Медиатекс» ЖШС баскиім шығаратын екінші фабрикасын салуды көздеп отыр. Қазіргі таңда Ащыбұлақ округі аумағында сыра зауытының құрылысы жүріп жатыр. Әрине, бұл аудандағы жақсы жаңалықтардың басы ғана. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, ілеліктер осылайша еңбектерінің тәтті жемісін де татуда.
Іле ауданы өнер иелерінен де кенде емес. Сондай өнерпаздардың қатарындағы «Жетімдер», «Жаралы сезім» фильмдерінде ойнаған жас актриса Меруерт Қасымбекова мен халықаралық байқаулардың жүлдегері, әнші Жанель Болатова, облыстық, республикалық байқаулардың дипломанты, әнші әрі биші Күләш Тоқсанбаева туған аудандарының мәдениет күндері аясында облыстық С. Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасында «Өнерліге өріс кең» атты қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаста болса елімізге танылып үлгерген өнерпаздар театрландырылған көріністерін көрсетіп, ән салып, би биледі.
Ілеліктердің өнерге жақындығы орталық алаңда ұйымдастырылған көрмелерінен де айқын білініп тұрды. Толығырақ айтсақ, алыстан көз тартатын киіз үйлердің үшеуі ұлтымыздың мәдениетіне, салт-дәстүріне арналған екен. Біріншісінде қонақжай халқымыздың ақ дастарқаны жайылған, екінші киіз үй «Ақ отау» деп аталады. Бұл үйде қазақтың «ұрын келу» деп аталатын салты паш етілді. «Ақжүніс» атты үйде қыз-жігіттер «селт еткізер» салтын көрсетті.
Көз тартатын көрмелер қатарына аудан қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылыпты. Әсіресе, қолөнер шебері Дулат Райымбековтің «Өмір – өзен» тақырыбындағы тері бұйымдарының көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті етті. Мұнда жиырма жылдан бері қолөнерімен айналысып келе жатқан шебер бір ғана торсықтың әлденеше түрін ұсынған. Шебердің Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арнап жасаған туындысының өзі ешқандай түсініктеме беруді қажет етпейді.
«Саз сырнай» атты қазақтың ұлттық аспаптарының және «Байшұбар» атты ұлттық ойын құралдарының көрмесі де ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.
Іленің экономикалық дамуынан хабардар ететін көрмені тамашалаушылар да көп болды. Бұл көрмеге аудандағы жиырма ірі кәсіпорынның тоғызы өз өнімдерін орналастырған екен.
Алыстан ат терлетіп келген түрік, славян, корей, күрд және ұйғыр этномәдени орталықтарының ұжымдары ұлттық салт-дәстүрлерін паш етті. Олар ұлттық тағамдары мен киім-кешектерін, әшекейлік бұйымдарын және тарихынан сыр шертетін басқа да көптеген жәдігерлерін жұртшылық назарына ұсынды.
– Ауданда сегіз мың күрд бар. Алматы қаласына жақын орналасқандықтан бізде басқа ұлт өкілдері де көптеп тұрады. Барлығымыз бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Жыл сайын ұйымдастырылып жатқан ауданның мәдениет күндері де сол бірлігіміздің жарқын көрінісі деп білемін, – дейді аудандық күрд ұлттық мәдени орталығының төрағасы Гасан Хаджисулейман.
Аудан өкілдері облыстық мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып, олардың жағдайымен де танысты. Көңілі жарым балалардың өмірге деген талпынысын көрген ілеліктер қызықты күндерің естеріңнен кетпесін деген ниетпен оларға бейнекамера мен ақшалай сыйлықтарын табыс етті.
Иә, қуанса, бала қуансын. Осы мақсатпен орталық алаңда жасөспі рімдер мен балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасында қазақтың ұлттық ойындары да өткізілді. Жұртшылықты қызықтырған ойындар аяқталған соң ілеліктерді облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов қабылдады.
Қонақтарды жылы шыраймен қабылдаған Амандық Ғаббасұлы Іле ауданының облыс экономикасына қосып отырған үлкен үлесін айта келе, алғашқы сөзді Іле ауданының әкімі Николай Логутовқа берді.
– Расында, біздің ауданда атқарылып жатқан шаралардың ауқымы өте кең. Біз мұндай жетістіктерге Елбасымыздың сара басшылығының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жұмысымызға жанды қолдау көрсетіп отырған облыс әкімі Серік Үмбетовке де рахмет айтамыз, – деген Николай Николаевич мәдениет күндерінің маңызына тоқталды.
Келесі кезекте ауданның Құрметті азаматы, соғыс ардагері, «Құрмет» белгісі орденінің иегері Кеншін Қасымбеков: «Жеңістің 65 жылдығында бізге ерекше құрмет көрсетілді. Астанаға барып 10 күн демалып, бас қаламыздың сәулетті жерлерімен танысып қайттық. Жақында «Қазақстан» санаторийіне барып 35 күн демалдық. Барлығына ризамыз. Осыншама қошемет-құрметті көріп, төбеміз көкке жетіп отыр», – деп аудан мен облыс басшыларына деген шынайы алғысын жеткізді.
Кездесуде сөз алған белгілі кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Сыдық Дәулетов:
– Жыл басында мың жеті жүздей түйеміз бар еді. Банктен он жеті жарым пайызбен несие алып, мал басын 4 мыңға жеткіздік. Малыммен мақтанайын деп отырған жоқпын, әйтсе де өкімет тарапынан жасалынып отырған қамқорлық жайын неге айтпасқа? Мемлекет субсидия арқылы осы несиеміздің 80 пайызын жауып берді. Мұндай қолдау бар жерде қол қусырып отыруды ұят санаймын, – деп шын көңілден шыққан ризашылығын білдірді.
Аудан жастарының жоспарлары мен жобалары жайында «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Жанна Телпекбаева жан-жақты айтып өтті.
Аудан өкілдерін тыңдап болған соң Амандық Ғаббасұлы облыс көлемінде болып жатқан жақсы жаңалықтармен бөлісті. Еменжарқын әңгімеден кейін «Ән – көңілдің ажары» атты аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерті басталды. Концерт Әлмерек абыз және Райымбек, Байсерке батырлардың даналық сөздерімен, театрландырылған көрініспен басталды.
Концерттің басты ерекшелігі Владимир Питерцевтің әні мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Әнші» деген әннің тұсаукесері болды. Әнді халықаралық байқаулардың жүлдегері Гүлмира Әбдіхалықова орындады. Балдырғандардың «Наз» бишілер тобы да Қытай қазақтары биінің үлгісімен қойылған «Ақ бидай» биімен ерекшеленді.
Концерттік бағдарлама қала жастарына арналған «Биле, жастық» би кешімен жалғасты.
Айнұр ӘБДІРАХЫМ.
  • Мерзімі: 26.07.2010
  • Оқылған: 63
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Created by Alex Unknown aka c0wb0y