Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Жетісу

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
Құрметті пайдаланушылар! Қазіргі уақытта сайт құрылымы қайта өңделіп жаңартылуда. Бірнеше күн ішінде кейбір бөлімдегі ақпарат қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Құрметпен, сайт әкімшілігі.     
Интересные статьи о компьютерах и около. Неизвестные истории об известных вещах на сайте Rulez.KZ.
Жаңалықтар » Жалпы

ҚЫЗЫЛАҒАШ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/a6e914bf15ec49d6664aa99c5e6c77c0.jpg
Су тасқынынан кейін 4 айдың ішінде Қызылағашта барлығы 465 үй жаңадан бой көтеріп, 30 үй күрделі жөндеуден өтті. Сөйтіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет тұтас бір ауыл осындай қысқа мерзім ішінде толығымен қайта салынды.
Апаттан кейін абдырап қалған жұртшылықтың жүзіне қуаныш ұялады. Олар үш, төрт бөлмелі, барлық қажеттіліктермен, жиһаздармен, тұрмыстық техникамен жабдықталған коттедж үйлерге қоныстанды.
Бүгін Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Қызылағаш ауылында соңғы тұрғын үйлердің кілтін тапсырумен қатар күрделі жөндеуден өткен ауыл мектебі мен аурухананың, балабақша мен 12 пәтерлі коммуналдық үйдің ашылу салтанатына қатысты.
Қайта жаңғырған Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстарына 226 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Мектептегі физика, биология, химия, информатика, музыка кабинеттері қажетті оқу құрал-жабдықтарымен толықтай жабдықталған. Бұған дейін технология сабағы үшін арнайы сынып жоқ болатын. Қазір жас шеберлер үшін арнайы кабинет жасақталды. Мұндағы жабдықтардың барлығы жаңадан сатып алынды.
Қажетті спорттық құралдар мен саз аспаптарымен қамтамасыз етілген жаңарған спорт залы мен акт залы да балаларды қуанышқа бөлейді.
Мектеп аумағында баскетбол және волейбол алаңдары, пинг-понг ойыны үшін асфальт төселген алаң, спорттық газон мен көрермендерге лайықталған орны бар футбол алаңы жасалды. Маңы жасыл желекпен көмкеріліп, қарағай, бозарша, қайың, терек, тал, жеміс ағаштары бой түзеген.
Қызылағаш ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жалпы құны 45 млн. теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды «Рахат» АҚ қайырымдылық көмек ретінде өз есебінен жасады. Ауруханаға қайырымдылық көмек ретінде «Жедел жәрдем» көлігі сатып алынған болатын. Қазір медициналық құрал-жабдықтар әкелініп, сырқаттарды қабылдау жүргізілуде.
Бұрынғы мектеп-интернаттың 1-2 қабатына орналастырылған 120 орындық балабақшаның музыкалық сабақтарға арналған бөлме, медициналық кабинеттер, ас үй блогы, кір жуатын бөлме, тұрмыстық қызмет көрсету ғимараты және әкімшілік кабинеттер жасақталған. Ауладағы балалардың ойын алаңы, спорттық алаңы көз қуантады. Осы ғимараттың үшінші қабатындағы 12 пәтерлі коммуналдық үйдің 8-і - бір бөлмелі, 2-еуі - екі бөлмелі және 2-еуі – үш бөлмелі пәтерлер. Бұл ғимарат 180 млн. теңгеге жөнделді.
Қазіргі кезде Қызылағаш ауылы тұрғындарына көмек ретінде себілген 1900 гектар астықты ору жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге 130 гектар егістік орылып, бастырылды. Жинау жұмыстарында 3 комбайн, 3 Камаз автокөлігі жұмыс істеуде. Жиылған астықты Қызылағаш қырманына тасмалдап, қабылдап алу, халыққа тарату міндеті аудандағы «Әділ С» ЖШС-ға жүктелген. Сонымен қатар зардап шеккен 631 отбасының әрқайсысына жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын 1 сиыр, 1 жылқы, 10 қойдан берілетін болады.
Ауылда ұзындығы 17 шақырым болатын су құбыры тартылып, әрбір үйдің ауласына су кіргізуге мүмкіндік жасалған. Осы мақсатқа 215,7 млн. теңге жұмсалды. Барлығы 16 шақырымнан астам жерге электр желілері тартылып, аталмыш жұмысқа 126 млн. теңге бағытталды.
Сонымен қатар «Алматы - Өскемен» күрежолының Қызылағаш өзені арқылы өтетін негізгі көпірінің құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімнен бұрын, яғни үстіміздегі жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Мұндағы жұмыспен ТОО «Мостостроительный отряд № 25» ЖШС айналысуда. Сметалық құны 300 миллион теңгеге жуықтайтын көпірдің жобасын «Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жасады. Жаңа көпірдің басты ерекшелігі – бұрынғыға қарағанда сейсмикалық шыдамдылығы күшейтілген, аумағы үлкен, ауыр салмақты көтере алатындай етіп есептелген, халықаралық талаптарға сәйкес жасалуда.
Серік Үмбетов, облыс әкімі:
- Бүгінгі күн қызылағаштықтар үшін ғана емес, баршамыз үшін ерекше. Себебі бір ауыл толықтай қайта жаңғырды, қайта жасалды, қалыпты тірлігіне кірісті. Біз елді мекендегі барлық қалпына келтіру, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтадық. Жуырда әр шаңыраққа уәде еткен асар салтымен жиналған малды үлестіріп беру ісі жүзеге асырылады.

Бекжамал Нұрмұхамбетова, ауыл тұрғыны:
- Төрт айда бір ауыл тұрғызу – оңай шаруа емес. Соған қарамастан апаттан кейін абдырап қалған жұртшылықтың еңсесін тіктеп, аяғынан тұрғызуға барын салған азаматтарға - Елбасынан бастап құрылысшыларға дейін барлығына айтар алғысымыз шексіз.
Қызылағаш ауылы республика бойынша ең көрікті, ең жайлы ауылға айналды. Енді қызылағаштықтар елді мекеннің осы көркем кейпін сақтап, одан әрі дамытуға барымызды саламыз.
http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/2d5e4900302fed195d9ec87b1bfda2ae.jpghttp://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/e5c1fded8d3247d63d120d5f5b1fb8b8.JPGhttp://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/b8542d8f4eb0b59832a03491608a7987.JPG
  • Орналастырды: Pressa
  • Мерзімі: 28.07.2010
  • Оқылған: 62
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/004f68435b172a80f419555df64165d0.JPG
1-қыркүйекте Алматы облысында 8 жаңа мектеп ашылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Афиша
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Большая база рецептов с удобным поиском! | Фотографии и пейзажи города Талдыкоган в нашей фотогалереи.
Created by Alex Unknown aka c0wb0y