Облыстық көркемөнер галереясында Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы № 2 Оқушылар сарайы «Жұмсақ ойыншықтар дизайны» үйірмесінің оқушылары мен Жаркент қаласындағы балалар үйі тәрбиеленушілерінің көрмесі болып өтті.
Алматылық оқушылар көрмесін Наталья Максимова – Заярная бастап келді. Наталья Юрьевна алғашқы ойыншығын 16 жасында жасаған екен. Содан бері дизайндарды ойлап табудан тынбайтын шебер шәкірттерінің де қызығушылығын тудырып, өнерге баулуда. Оның үйірмесіне оқушылар төрт топқа бөлініп қатысады.
Мұндай ойыншықтар әлемнің Германия, Финляндия, Қытай, Ресей, Түркия және Америка сияқты біраз елінде қойылған.
Жаркент қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері де болашағынан үлкен үміт күттіреді. Аталмыш балалар үйінде 1 мен 9 сынып аралығында 90 бала тәрбиеленіп, көмекші бағдарламамен оқытылады. Сол оқушылардың 15-і дайындаған 95 қолөнер туындысы жұртшылық назарына ұсынылды.Балалар көрмесін «Мейірім өрнектері» деп атапты.
А. Нүсіпбайқызы.



















