Әкімінің Алматы облысы ресми сайты

Жетісу

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
Құрметті пайдаланушылар! Қазіргі уақытта сайт құрылымы қайта өңделіп жаңартылуда. Бірнеше күн ішінде кейбір бөлімдегі ақпарат қолжетімсіз болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Құрметпен, сайт әкімшілігі.     
Интересные статьи о компьютерах и около. Неизвестные истории об известных вещах на сайте Rulez.KZ.
Жаңалықтар » Жалпы

САУДА КӨРІГІ ҚЫЗДЫ

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/85f1763f1007c538e0ea94ce86b18520.JPG
Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты «Самал» ықшамауданының тұрғындары Талғар ауданынан әр сенбі сайын жеткізілетін табиғи да таза ауылшаруашылық өнімдерін базардан әлдеқайда төменгі бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Бұған дейін де азық-түлік қамымен алысқа сабылмайтын «самалдық» тұрғындар базар орнының ауысуына байланысты бұл ауылшаруашылық өнімдерінен көз жазып қалған еді. Енді, міне, өткен сенбіде үйреншікті орынға қайта оралған базардың бағы жанып, ауданның әр селолық округінен жеткізілген ет-сүт, көкөніс өнімдеріне деген сұраныс жоғарылап, тауардың демде өтуінің куәсі болдық. Таңмен таласа тұрып, сауда орнын ретке келтіріп, тауарларын тізіп үлгерген саудагерлердің ісі сәтті басталды. Әсіресе, жаңа сойылған жылқы мен сиыр етіне, қазы мен жал-жаяға, сондай-ақ, Белбұлақ ауылының «СоМ и Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жайын, тұқы, табан, ақмарқа, сазан сынды балық түрлері мен Көктөбеден келген тау балына сұраныс артып, ұзынсонар кезекке тұрушылар қатары күн сәскеге көтерілгенде тіптен көбейе түсті.
«Қыстың қамын жаз ойла» деген емес пе, бұл күні арзан бағалы қияр мен қызанақтың, баялды мен картоптың да өз кезегінде саудасы қызып, қалалық тұрғындардың қоржындарын қампайтты.
– Бұл маңайдың тұрғындары ауылдан келген өнімдерді сатып алуға әбден дағдыланған. Мысалға айтар болсам, біздің шаруашылықтың балықтарына, тапсырыс беріп жататындары да аз емес. Ертеден бері жеткізілген балықтың жартысынан астамы саудаланып кетті, – дейді «СоМ и Д» ЖШС-нің сатушысы Айымша Ергешева.
–Салмағы 140 киле болатын бір құнажын мен жарты жылқының етін алып келдік. Әзірге саудамыз саябырсып тұрған жоқ. Бұған, бір жағы, мал етінің қатаң тексеруден өтіп келетіндігі де себеп сияқты. Өйткені, тұтынушылар бірден еттің ауру-сырқаудан амандығы жөніндегі анықтаманы сұрап жатады, –дейді біздің сауалымызға жауап берген «Таливжан» ЖШС-нің иесі Тәліпжан Қыдықов.
Алыстан арбаламай, жақыннан дорбалаған қалалықтар арзан бағалы ауылшаруашылық өнімдерінің сауда көрігін қыздырып, шамамен 2,5 млн. теңгенің өнімін сатып алды.
Ұлбосын ИСАБЕК.
  • Орналастырды: Pressa
  • Мерзімі: 29.07.2010
  • Оқылған: 38
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/004f68435b172a80f419555df64165d0.JPG
1-қыркүйекте Алматы облысында 8 жаңа мектеп ашылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Афиша
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Большая база рецептов с удобным поиском! | Фотографии и пейзажи города Талдыкоган в нашей фотогалереи.
Created by Alex Unknown aka c0wb0y