ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
  • Табиғат Сәулет Ескерткіштер
"Жетісу" кәсіби волейбол клубы ҚР Чемпионатының екінші турында волейболдан әйелдер командалары арасында бірінші орын иеленді.     
Жаңалықтар » Жалпы

Үнемділік тиімді пайдаланудан басталады

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында энергияны тиімді және үнемді пайдалану мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Оған облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме басшылары және қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты. Жиынды «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айтбай Сейітов ашып, жүргізіп, баяндаманы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының маманы Ержан Абылов жасады. Ол «ТАТЭК» акционерлік қоғамының Талдықорған қаласы және қала маңындағы ауылдарды электр энергиясымен қамтамасыз етуін кеңейте айтып өтті. Талдықорған электр жүйесі қаланың 2057 ұйымы мен кәсіпорнына электр тасымалдаумен шұғылданады. Биыл кәсіпорын өз жұмысын жандандыру мақсатында бірнеше нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіпті. Оған 27964022 теңге қаражат бөлінген. Алдағы қыста электр жарығы сөндірілмейді. Қоғамдық тыңдау барысында Райымбек ауданының кейбір шалғай ауылдарында әлі ауыз су қиындығын бастан өткеріп отырған ауылдардың бары айтылды. Мәселені алдағы уақытта шешу тапсырылды.
Келесі болып сөз алған ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Анар Рахымбаева департаменттің энергияны үнемді және тиімді пайдалану барысында атқарған жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша департаменттің бұйрығымен базалық табиғи монополиялар құрылымдарында 2009-2011 жылдарға арналған нормативтік техникалық ысыраптарды азайту мөлшері мен пайыздары бекітілген.
«Талдықорғанжылусервис» мемлекеттік мекемесі жылу энергиясын өндіру, бөлу, тарату және жабдықтау саласында базалық табиғи монополия болып табылады. Аталмыш мекеме осы күнге дейін едәуір ысырапқа жол берген. Нормативтен тыс ысыраптарды жою жөніндегі шаралар жоспарының нәтижесінде 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында ысырап 3,6 пайызға төмендетіліп, үнемделген қаржы 25,7 млн. теңгені құраған. Электр энергиясын тасымалдау және бөлу қызметін атқарушы «ТАТЭК» АҚ-ның нормативтен тыс ысырабының мөлшері – 0,17 пайызды құраған. Ал Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қолданған шарадан кейін аталмыш акционерлік қоғам 1110 мың кВт қуат немесе 3,1 млн. теңге үнемдеген. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында нормативтік ысыраптардың азаюынан барлығы 37,6 млн. теңге қаржы қалыпты.
Соңғы жылдары коммуналдық қызметтерді есептейтін есептегіш құралдарын орнату туралы көп айтылғанымен ол толығымен іске аспай келеді. Бүгінгі күні электр энергияны тұтынуға арналған сараланған тарифті енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғалар электр энергиясын белгіленген мөлшерден артық тұтынғанда жоғарғы тарифпен, ал электр энергияны белгіленген мөлшерде пайдаланған тұтынушылар ең төменгі тарифпен төлейді.
Алда жылыту маусымы. Есік-терезелерді қымтап, әйнектерді бүтіндемесе жылудың ысырап болуы әбден мүмкін. Анар Рахымбаева үнемділік дегеніміздің қолда барды төкпей-шашпай пайдаланудан басталатынын тілге тиек етті.
Қоғамдық тыңдауда энерготиімділік және энергоүнемділік барысында ұсынымдар жасалды.
Энергия қорларын өндіру стансысында зиянды заттардың қоршаған ауаға таралмауын қадағалау жайы айтылды. Сондай-ақ, электр, жылу энергиясын өндіру кезінде отынның пайдаланылуын азайту, электр, жылу энергиясының шығынын төмендету, энергия үнемдеуге инвестициялар тарту ұсынылды. Энергияны үнемдеуді насихаттау, оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке жеткізу көзделінеді.
Жиын барысында «Талдықорғанжылусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы Манархан Ахымбеков сөз алып, жылыту маусымына дайындық жайын баяндады. «Басқуат» және №18 қазандықтарға жөндеу жүргізіліпті. Және Желтоқсан, Алдабергенов көшелеріндегі жылу трассалары құбырлары ауыстырылып, отын қоры толығымен жеткізілген.
Қоғамдық тыңдау соңында электр мен жылуды үнемдеуді бірлесіп қолға алу, күн суытпай әлеуметтік нысандар мен көп қабатты үйлердің есік-терезелерін бүтіндеу керектігі назарға салынды.
Гүлжан ТҰРСЫН.
  • Мерзімі: 31.08.2010
  • Оқылған: 33
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Created by Alex Unknown aka c0wb0y