ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

Жаңалықтар » Жалпы

Қасқырлар саны анықталады

Алматы облысында дала жыртқыштары: қасқыр мен шибөрілердің санын анықтап, малға қауіп төндіретіндей санға жеткізбеу мақсатында жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Былтыр осы шараға 7 миллион теңге қарастырылса, үстіміздегі жылы 9,4 миллион теңге жұмсалмақ
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бұл қаражат бір мың жыртқыштың көзін жоюға мүмкіндік береді.
Басқарма қызметкерлерінің пікірі бойынша, бөлінген қаржының айтарлықтай артуы өңірде жортып жүрген қасқырлар санының шектеулі мөлшерден тым асып кеткендігіне байланысты табиғат қорғаушылар Жетісудағы жыртқыштар санының нормадан үш есеге көбейгенін айтады. Олар даланың қоңыр аңын қынадай қырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының ауласындағы төрт түлікке да ауыз салуды жиілеткен. Қаржының молаюына байланысты жыртқыштарды жойғандарға төленетін сыйақы мөлшері де көбейтіліпті: ересек қасқыр үшін аңшыларға 12 мың теңге берілсе, бөлтірік үшін 6 мың теңге, шибөріге 5 мың теңге төленеді.
Алматы облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша өткен жылы аңшылар Жетісуда жортып жүрген 769 қасқыр мен 49 бөлтіріктің, 218 шибөрінің терісін сыпырған. Жыртқыштарды аулағандары үшін оларға 7 миллион теңге сыйақы төленіпті. Облыстағы орман шаруашылықтары арасында қасқырларға қарсы күресте Бөрлітөбе, Үштөбе және Бақанас мемлекеттік мекемелері алдан көрініпті. Ал облыстың алты аймағы бойынша жүргізілген шибөрілерді атуда Күрті орман шаруашылығы рекорд жасап, 88 қорқау қасқырдың көзін жойыпты.
  • Мерзімі: 19.01.2012
  • Оқылған: 37
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Created by Alex Unknown aka c0wb0y