ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

ZHETYSU-GOV.KZ

Жаңалықтар » Жалпы

АНГЛИЯДАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ

Жуырда үштөбелік кәсіпкер, «Тамас» ЖШС-нің басшысы Асылбек Пұсырманов тұманды Альбион елінен зор табыспен оралды. Дәлірек айтсақ, Англияның Оксфорд қаласында өткен халықаралық саммитте компанияның мінсіз әрі табысты қызметі үшін еуропалық Бизнес Ассамблеясының Сократ атындағы халықаралық комитетінің ұсынысымен «Тамас» ЖШС «Үздік кәсіпорын» («Веst Enterprises») атағын, компанияның қарышты қадаммен өркендету жолындағы ерен еңбегі ескеріліп, Асылбек Жақыпбекұлы «Жыл менеджері» атағы мен арнайы сертификатқа қол жеткізді.
Жалпы, «Тамас» ЖШС ондаған жыл бойы автокөлік жолдарын салу мен қалпына келтіру, су жүйесін тарту, гидротехникалық қондырғылар орнату секілді бірқатар халыққа қызмет көрсету түрлері бойынша аудан, облыс қана емес, республика көлеміне кеңінен танылған табысты көшбасшылардың қатарынан саналатын. Асылбек Жақыпбекұлы басқарған «Тамас» ЖШС еліміздің түкпір-түкпірінде жасаған қызметімен көзге түсіп, жоғары дәрежедегі марапаттарға ие болған. Мәселен, тек 2010 жылы ғана Астана қаласында «Көрме» сауда-көрме кешенде өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурста» «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша «Парыз – 2010» сыйлығын алғанын ескерсек, ақиқаттың ауылынан алыс кете қоймаймыз.
«Тамас» ЖШС-нің соңғы жетістіктерінің бірі – құрамы полиэтилен пен құм қоспасынан тұратын, әйтсе де төзімділігі темірден кем түспейтін кәріз құдығының қақпағын жасауы еді. Бұл жаңа өнім кәріз құдығы бетіндегі темір қақпақтарды алмастырып қана қоймай, оны темір-терсекке өткізіп жіберетін жымқырушылардың жолына тосқауыл қойды. Білікті басшы, кәсіпкер Асылбек Пұсырманов қол жеткізген табыстарға тоқмейілсімей, жұртшылыққа көрсететін қызмет түрін арттырып келеді. Сондықтан болар, Еуропалық Бизнес Ассамблеясының эксперт-аналитигі Александр Глойда өзінің «Тамас» ЖШС-нің басшысы Асылбек Пұсырмановқа жазған хатында аталмыш компанияның саланы дамыту мен Қазақстан мемлекетінің экономикалық мүмкіндігін арттырып, халыққа қызмет көрсету аясын кеңейту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі стратегиясын тиімді жүргізу арқылы компанияның халықаралық деңгейде жол ашқанын тәпіштеп жазып, ұжым мүшелері мен басшысына алғысын білдірген.
Әлбетте, Англияның Оксфорд қаласында өткен саммитті ашып, Шығыс Еуропа, Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінен келген жүлдегер азаматтарды муниципалитет атынан марапаттаған Окс¬форд қаласының лорд-мэрі Элиз Бенжаминнің қолынан «Тамас» ЖШС-нің басшысы Асылбек Пұсырмановтың да жоғары дәрежедегі марапатқа ие болуы облыс қана емес, еліміз үшін зор мақтаныш екенін айтқан жөн.
  • Мерзімі: 23.01.2012
  • Оқылған: 36
Распечатать

Басты жаңалық!

http://img.zhetysu-gov.kz/upload_image/thumb/bff0cc79479a171b39e80eb8f7688280.JPG
«Индустрияландыру» күніне орай Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы облысында «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу кешені іске қосылды.
Толығырақ


Навигация

  • Алматы облысының құрметті азаматы
  • Тендерлер
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы
  • Қызмет көрсету және ойын-сауық орталықтарының телефондары
  • Қазақстанның үздік тауары

Облыс туралы анықтама

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы км. құрайды.

Толығырақ...
Created by Alex Unknown aka c0wb0y